Сенбі, 23 Қараша 2024
2705 5 пікір 3 Ақпан, 2022 сағат 15:40

Энергетика министрі: АЭC – қарастыруға болатын нұсқа

Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстандағы атом электр станциясының құрылысы туралы айтты.

"АЭС салу - өте күрделі мәселе, сондықтан саламыз ба, жоқ па ешқандай шешім жоқ. 2035 жылға дейінгі болжамды теңгерімде әртүрлі мәселелер қаралады. Бүгінде "жасыл" саясат жүргізіліп жатқандықтан, күн тәртібінде шектеулер тұр және т.б. Біз көмір өндіруді кеңейте алмай отырғанымызды білесіздер, өйткені ол экологиялық таза емес", - деді ведомство басшысы ОҚК онлайн брифингінде.

Сонымен қатар, министр генерацияға арналған өтпелі отын ретіндегі газ таза екенін, бірақ оның қоры шектеулі екенін айтты.

"Сондықтан біз әртүрлі нұсқаны қарастырып жатырмыз. Атом электр станциялары – қарастыруға болатын нұсқалардың бірі ғана. Бірақ бұл мәселе өте нәзік, ол бірінші кезекте қоғамды тарта отырып, барынша зерттеуді қажет етеді. Әзірге Қазақстанның қандай да бір учаскесінде станция салу бойынша нақты шешімдер жоқ", - деп қосты Болат Ақшолақов.

Болат Ақшолақов 11 қаңтарда Қазақстанның энергетика министрі болып тағайындалған еді.

Abai.kz

5 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3234
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5364