Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3012 0 пікір 18 Қыркүйек, 2012 сағат 09:30

Зерттеу: Үкіметтің ақпараттық ашықтығы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан министрліктері мен ведомстволары қызметтерінің транспаренттілік (ақпараттық ашықтылығы)

 

Мемлекттік органдар қызметтерінің тиімділігі өсуінің айтарлықтай әлеуеті олардың қызметінің ашықтығында. Аталған пікірді түрлі тұжырымда Президент Н.Ә.Назарбаев та жеткізді. Бұл орайда мемлекет басшысының биылғы маусым айының 22-де Ақ Ордада кәсіпкерлік мәселелері бойынща өткен кеңесте жаңадан қабылданатын заңдарды бизнес және қоғамдық бірлестіктермен міндетті түрде келісе отырып қабылдау керектігі туралы бастамасын атап өткенді жеткілікті деп санаймыз.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақстан министрліктері мен ведомстволары қызметтерінің транспаренттілік (ақпараттық ашықтылығы)

 

Мемлекттік органдар қызметтерінің тиімділігі өсуінің айтарлықтай әлеуеті олардың қызметінің ашықтығында. Аталған пікірді түрлі тұжырымда Президент Н.Ә.Назарбаев та жеткізді. Бұл орайда мемлекет басшысының биылғы маусым айының 22-де Ақ Ордада кәсіпкерлік мәселелері бойынща өткен кеңесте жаңадан қабылданатын заңдарды бизнес және қоғамдық бірлестіктермен міндетті түрде келісе отырып қабылдау керектігі туралы бастамасын атап өткенді жеткілікті деп санаймыз.

Осыған байланысты Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігі осы жылдың мамыр-маусым айларында Қазақстанның министрліктер мен ведомстволары қызметтерінің транспаренттілік (ақпараттық ашықтылығы) деңгейін бағалау мақсатында рейтингтік зерттеулер жүргізді. Зерттеу үкімет құрылымына кіретін 40 орталық мемлекеттік органдарды, атап айтқанда, министрліктерді, агенттіктерді және кейбір министрліктердің маңызды деген комитеттерін қамтыды.

Президент әкімшілігі, Республикалық бюджеттің орындалуына бақылау жасайтын есеп комитеті, Орталық сайлау комиссиясы, Ұлттық банк, Ұлттық қауіпсіздік комиттеті, Бас прокуратура, Жоғарғы сот және Конституциялық сот бұл тізімге енген жоқ, оның себебі аталған мемлекеттік органдар үкімет құрылымына кірмейді және оған есеп бермейді. Дегенмен, аталған органдардың саяси маңыздылығын ескере отырып, «Рейтинг.kz» болашақта олардың қызметінің де транспаренттілігін бағалауға дайын.

Осы зерттеу жұмыстары барысында мемлекеттік органдар қызметінің транспаренттілігін айқындайтын келесі төрт негізгі факторлар ескерілді: 1) тұрғындармен/мақсатты аудиториямен қарым-қатынасы; 2) азаматтық қоғамның институттарымен өзара байланыс; 3) БАҚ үшін ашықтығы; 4) заң жобалары мен түрлі бастамалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізу.

Зерттеу барысында, сауалнама сұрақтарырына бизнестің, үкіметтік емес ұйымдар мен талдамалық қоғамның барлығы 55 сарапшысы жауап берді. Респонденттерге тек қызметтері өздеріне жақсы таныс органдардың транспаренттілік деңгейін бағалау туралы ұсыныс берілді.

Осымен қатар, біріншіден, қосымша респоденттердіқ, әсіресе, бизнес өкілдерінің зерттеу жұмыстарына қатысудан бас тартатынын атап өту керек. Олардың көбі әрдайым бірігіп жұмыс істейтін мемлекеттік органдардың тарапынан түсіністік болмауы мүмкін деп қауіптенгенін де атап өткен жөн.

Екіншіден, аталған зерттеу жұмыстарына қатысуға ұсыныс берілген ҚР Парламенті депутаттарының немқұрайлылығы туралы да айтпай кетуге болмайды. Мәжіліс пен Сенаттың сауалнама жіберілген 20 депутатының бір де бірі сұрақтарға жауап бермеген. Депутаттардың өз қызметі барысында орталық атқару органдарымен әрдайым біріге жұмыс істейтінін ескерсек, олардың берген бағалары әділ рейтинг құрауда құнды болары сөзсіз еді.

Зерттеу нәтижелері SPSS әмбебап статистикалық бағдарламасының көмегімен қайта өңделіп, орташа өлшемді балдары шығарылды.

Әрбір мемлекеттік органның транспаренттілігін бағалау үшін ең төмені «1», ең жоғарысы «7» деп айқындалған 7 балдық жүйе пайдаланылды.

Министрліктер мен ведомствалардың жалпы рейтингін есептеу үшін салмақтық коэффициенті және осының негізінде орташа балын шығаратын арифметикалық амалдар пайдаланылды. Бұл жерде орташа өлшемді балдың барынша мүмкін деген саны 28, ол алынған ең жоғары балды (7) салмақтық коэффициентке ( - 4 (∑((7*4)*4)/4) көбейту арқылы айқындалды.

 

Факторларды бағалау

 

Респонденттердің жауаптарына орай, министрлік пен ведомствалардың  қызметтерінің транспаренттілік деңгейін айқындайтын факторлар төмендегідей:

 

Орын-дар

Талаптар

Орташа бағасы(салмақтық коэффициенті)

1

Тұрғындармен-мақсатты аудиториямен қарым-қатынасының болуы

2,84

2

Заң жобалары мен түрлі бастамалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуі

2,69

3

Азаматтық қоғамның институттарымен өзара қатынасы

2,65

4

БАҚ үшін ашықтылығы

2,39

 

Жоғарыда көрсетілген кестеден ұсынылған факторларды барлық респонденттердің шамамен алғанда бірдей деңгейде бағаланғанын көруге болады.

Мемлекеттік органдардың қызметінің ашықтылығын қамтамасыз ету үрдісінің ең маңызды факторы-өз қызметтерін негізгі тұтынушылары болып табылатын тұрғындармен қарым-қатынас орнатуы. Осы тұрғыдан берілген бағаны заңды және күтілген баға деп қарау керек.

Транспаренттілікті  қамтамасыз ету үшін орталық мемлекеттік органдардың қоғамдық тыңдаулар жүргізуі және азаматтық қоғам институттарымен  өз ара қарым-қатынас орнатуы да маңызды(айырмасы 0,04).

БАҚ үшін де қызметінің ащықтылығын өте маңызды деуге болмайды. Мұны аталған бағыттағы соңғы жылдары орын алған үрдіспен түсіндіруге болады. БАҚ үшін орталық органдардың қызметінің ашықтығына аталған органдардың күшімен емес, масс-медиа құралдарының өздерінің тынымсыз еңбегі арқылы қол жеткізуін атап өткеніміз жөн болады.

Алынған коэффициенттер мен жоғарыда келтірілген формуланы ескере отырып, барынша мықты нәтиже 18,5 балды құрады.

 

Транспаренттілік деңгейін бағалау

 

Респонденттердің бағалау қорытындысы бойынша Қазақстанның министрліктері мен ведомстваларының ақпарат ашықтығының келесі рейтингі дайындалды:

 

Министрліктер мен ведомствалардың атауы

Бағалау талаптары бойынша орташа бағалар

(7 балдық шкаламен)

Қорытынды бағалары

(салмақ коэффициентін ескере отырып, 18,5 баллдан алғанда)

Қорытынды орыны

Тұрғындармен мақсатты аудиториямен қарым-қатынасының болуы

Азаматтық қоғамның институттарымен өзара қатынасы

БАҚ үшін ашықтылығы

Заң жобалары мен түрлі бастамалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуі

Мәдениет және ақпарат министрлігі

3,22

3,55

3,33

2,51

8,32

1

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі

2,98

2,69

2,59

2,12

6,87

2

Білім және ғылым министрлігі

2,61

2,71

2,82

2,14

6,77

3

Денсаулык сақтау министрлігі

2,51

2,69

2,47

1,96

6,36

4-5

Әділет министрлігі

2,65

2,57

2,41

1,98

6,36

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі

2,49

2,55

2,27

2,12

6,24

6

Қаржы министрлігінің Салық комитеті

2,67

2

2,22

1,9

5,82

7

Статистика агенттігі

2,45

2,06

2,27

1,9

5,74

8

Экономикалық даму және сауда министрлігі

2,1

2,18

2,29

2,04

5,68

9

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

2,14

2,22

2,27

1,73

5,51

10

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

1,96

2,02

2,39

1,8

5,37

11

Ішкі істер министрлігі

2

2,08

2,33

1,51

5,21

12

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Әлеуметтік қорғау және бақылау агенттігі

2,2

1,90

1,94

1,65

5,09

13

Көлік және коммуникация министрлігі

2,12

1,8

1,84

1,63

4,89

14

Қаржы министрлігі

1,96

1,84

2,06

1,53

4,87

15

ІІМ Жол полициясы комитеті

2,08

1,61

2,1

1,53

4,83

16

Сыртқы істер министрлігі

1,86

1,78

2,1

1,57

4,81

17-18

БҒМ Балалар құқығын қорғау комитеті

2,04

1,88

1,8

1,55

4,81

Ауыл шаруашылығы министрлігі

1,94

1,8

1,98

1,55

4,8

19

Орташа көрсеткіштері*

1,93

1,79

1,9

1,57

4,75

 

Дін істері жөніндегі агенттігі

1,86

1,71

1,92

1,67

4,72

20

Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі

1,94

1,67

1,94

1,55

4,69

21

Экономикалық даму және сауда министрлігінің кәсіпкерлікті дамыту агенттігі

1,80

1,71

1,76

1,61

4,55

22

Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті

1,94

1,55

1,88

1,51

4,54

23

ІІМ көші-қон полициясы агентігі

1,76

1,53

1,82

1,45

4,33

24

Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті

1,76

1,57

1,69

1,51

4,31

25

Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

1,63

1,57

1,82

1,45

4,26

26

Әділет министрлігі Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті

1,90

1,57

1,53

1,41

4,25

27

Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы қызмет комитеті

1,86

1,47

1,61

1,31

4,14

28

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі

1,69

1,53

1,55

1,43

4,1

29

Төтенше жағдайлар министрлігі

1,80

1,33

1,71

1,24

4,01

30

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті

1,51

1,47

1,55

1,37

3,89

31

ҚОҚМ Экологиялық реттеу және бақылау жөніндегі комитеті

1,59

1,41

1,51

1,29

3,83

32

Мұнай және газ министрлігі

1,31

1,27

1,63

1,39

3,68

33-34

Басекелестікті қорғау агенттігі

1,47

1,37

1,39

1,33

3,68

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі

1,43

1,31

1,37

1,35

3,61

35

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті

1,35

1,37

1,35

1,2

3,48

36

Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті

1,27

1,24

1,29

1,08

3,22

37

Жер ресурстарын басқару агенттігі

1,29

1,1

1,22

1,06

3,09

38

Қорғаныс министрлігі

1,12

1,06

1,08

0,9

2,75

39

Ұлттық ғарыш агенттігі

1,1

0,94

1,02

0,84

2,58

40

 

Зерттеу нәтижелері Қазақстанның барлық министрліктері мен ведомостваларының траспаренттілігінің төмен екенін көрсетті. Олардың ешқайсысы 4-7 балл деңгейіне жете алмады.

Орташа бағалық деңгейге  Қазақстандағы өз қызметін ашықтық қағидада ұстанатын ведомоства болып танылған Мәдениет және ақпарат министрлігі жақындай алды. Мұндай баға министрліктің үкіметтік емес ұйымдармен және БАҚ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс желісі бойынша белсенді қарым-қатынас орнатумен түсіндіруге болады. Аталған органның азаматтық қоғам институттарымен өз ара тиімді ара-қатынас  орнатуда ең жоғары балл (3,55) алуы кездейсоқтық емес.

Кейінгі орындарды әлеуметтік саланың министрліктері алды. Олардың қызметтерінің біршама ашықтылығын  тұрғындардың түрлі топтарымен ұдайы байланысты болатынымен түсіндіруге болады.

Мемлекеттік органдардың транспаренттілік деңгейін айқындайтын жалпы сандық индикаторының оқ бойы алда келе жатқан ведомоство  мен көштің  соңында келе жатқан  ведомоствадан айтарлықтай айырмашылығы бар екені назар аудартады. Нәтижесінде, озық министрліктің  көрсеткіші аутсайдер ведомостводан үш еседен артық болып отыр.

Кейбір мемлекеттік органдардың транспаренттілік деңгейінің төмендігі олардың қызметінің өзіндік ерекшелігінде екенін атап өткен дұрыс болады. Атап, айтқанда Қорғаныс министрлігінің қызметінің көптеген жақтары обьективтік себептерге байланысты жария бола алмайды. Сондықтан да, аталған министрлік ең төменгі баға(39 орын) алды.

Қорғаныс министрлігінен кейін қызметін құпияда сақтайтын Мұнай және газ министрлігі (33 орын). МГМ азаматтарға қолжетімді ақпаратты ұсынбауы оның жерқойнауын пайдаланушылармен қарым-қатынас орнатпауында деп бағалауға болады. Әсіресе, аталған министрліктің құзырына кіретін көміртекті шикізаттар келісімшарттарының орындалуымен өнімді бөлуге бақылау жасауға қатысты мәселелері жабық күйінде қалып отыр.

Агенттіктерге келетін болсақ, тиісінше, 8 және 10 орындарды иемденген, Статистика мен Спорт және дене шынықтыру істері агенттіктерін жатқызуға болады.

Ең төмен нәтиже 38 орын алған Жер ресурстарын басқару агенттігінің үлесінде.

Министрліктің қызметі өз қарамағындағы комитеттердің қызметіне қарағанда жария деп айтуға негіз бар. Тек қана: Қаржы министрлігіне қарайтын Салық комитеті, (тиісінше, 7 және 15 орындар); ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитеті ( тиісінше, 28 және 30 орындар) өз қызметінің ашық болуын қалайды.

Өз қызметіне орай тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға тиісті бірқатар мемлекеттік органдардың төмен нәтижелер көрсеткенін айрықша атап өту керек:

Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті(37 орын)

Табиғи монополияларды реттеу агенттігі(35 орын);

Ішкі істер министрлігінің қылмыстық-атқару жүйесі комитеті(31 орын);

Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі(29 орын);

Қаржы миистрлігінің Кедендік бақылау комитеті(25 орын);

ІІМ Көші-қон полициясы(24 орын);

Денсаулық сақтау министрлігінің Мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау комитеті(23 орын);

Дін істері жөніндегі агенттігі(20 орын);

Ауыл шаруащылығы министрлігі(19 орын);

Кейбір талаптар бойынша транспаренттілік деңгейін қарастыру барысында, заң жобалары және бастамалар бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізуді тәжірибеге енгізу дұрыс жолға қойылмағанын көруге болады(ең жоғары көрсеткіш 7 балл болғанда орташа көрсеткіші бар болғаны 1,57 балды құрады). Рейтинг нәтижелері, мұнымен салыстырғанда, орталық мемлекеттік органдарда тұрғындармен қарым-қатынас орнату, БАҚ үшін жариялылық мәселелері біршама жақсы жолға (ең жоғары көрсеткіші 7 балл болғанда тиісінше, 1,9 және 1,93) қойылғанын көрсетті.

 

Жеке тұлғаның транспаренттілік деңгейіне тигізетін әсері

 

Жалпы алғанда, зерттеу нәтижелері, қандай да болмасын мемлекеттік органның ашықтығына қызметтік саласы әсерін тигізетінін анықтады. Тұрғындармен тығыз қатынаста жұмыс істейтін  ведомоствалардың қызметі азаматтарға қызмет көрсетпейтін органдарға қарағанда айтарлықтай жария деуге негіз бар.

Сонымен қатар, мемлекеттік органның бірінші басшысының жеке тұлғасы мен ол басқаратын құрылымның ашықтылық деңгейінде тікелей байланыс бар деп топшалауға болады. Болашақта орталық мемлекеттік органдардың транспаренттілік деңгейіне жасалатын мониторингте, олардың бірінші басшыларының жеке тұлғасын әсері сандық өлшемде бағаланады. Осы зеттеулер аясында бұл өлшем тиісті лауазымды тұлғалардың танымалдығы деңгейінде бағаланады.

Мысалға алсақ, Білім және ғылым министрлігінің рейтингте жоғары орын алуы аталған министрліктің бірінші басшысы Бақытжан Жұмағұловтың  өзі басқарып отырған органға деген қоғамның және БАҚ қызығушылығын  ескере отырып, жақсы, тиімді өзара қатынас орнатуымен, танымалдығымен түсіндіріледі.

Үкіметтің басқа жоғары лауазымды тұлғаларының арасынан, танымалдығымен және БАҚ-пен тиімді ара-қатынас жасаушылардың арасынан, келесі бірінші басшыларды атап өту керек:

  • Әділет министрі Берік Имашев;
  • Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов;
  • Спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы Талғат Ермегияев;
  • Индустрия және жаңа технологиялар министрі Әсет Исекешев;
  • Көлік және коммуникация министрі Асқар Жұмағалиев;
  • Қажы министрі Болат Жәмішев.

Жоғарыда аталған барлық министрліктер мен ведомостволар рейтингтің бірінші жартысындағы орындарды иемденді, оған бірінші басшыларының жеке тұлғалық сипаты да мұрындық болды деуге негіз бар.

Осымен қатар олардың бірнеше әріптестерінің жеке тұлғалық беделі өздері басқарып отырған министрліктері мен ведомостволардың рейтингтің бас жағынан орын алуына әсерін тигізе алмады. Олардың қатарында:

  • Мұнай және газ министрі Сауат Мыңбаев;
  • Мемлекеттік қызмет істері агенттіктің төрағасы Әлихан Бәйменовты;
  • Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетінің төрағасы Мәжит Есенбаевты;
  • Дін істері жөніндегі агенттіктің төрағасы Қайрат Лама Шарифті атауға болады.

Қалыптасқан жағдай кез келген мемлекеттік органның траспаренттілік деңгейін арттыру үрдісі жүйелі еместігін, көптеген факторларға байланысты екендігін көрсетеді. Жоғарыда келтірілген ведомостволардың бірінші басшыларының көпшілікке танымал болуы рейтингте жақсы орындар алуға жеткіліксіз.

 

 

Қорытынды

 

Зерттеу нәтижелері ҚР Президентінің орталық атқару органдарына, қоғамға, оның институттарына және азаматтарына қатысты қызметтерінде ашықтылық қағидасын ұстану туралы ескеруінің маңыздылығы мен  заңдылығын айқын аңғартады.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылдың 27 қаңтарындағы Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту- Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жыл сайынғы жолдауында: «...заңнаманың айқын болуы және траспаренттілік Қазақстанның инвестициялық климатының негізі болуға тиіс» деген сөздері осының айғағы. Елбасы өз жолдауында мемлекеттік басқару және елді басқару жүйелері ашықтылық, жариялылық және қоғамға есеп беру қағидаларын ұстануға тиіс екендігін тағы да айқындады.

Мұның барлығы Үкімет құрылымына кіретін барлық министрліктер мен ведомостволардың  қызметтерінің, осы зерттеу жұмыстары көрсеткендей жабықтығына байланысты өзекті мәселе болып қалып отырғанын көрсетеді.

«Рейтинг.kz» зерттеу агенттігінің ағымдағы жылдың мамыр айында                   «Қазақстан Республикасының өңірлерін зерделеу» зерттеу жұмыстары  да өңірлерде осы үрдістің орын алғанын көрсетті. Өңірлік басшылар Елбасының  2005 жылдан бастап барлық деңгейдегі әкімдерге өздеріне сеніп тапсырылған әкімшілік-аумақтық бірліктерде тұрғындар алдында есепті кездесулер өткізуді міндеттегенімен, тиісті есептіліктер формальді жүздесулерге айналды деуге негіз бар.

Дегенмен, тиісті әкімдер өздері басқарып отырған атқару органдарының жұмыстарын ең болмағанда осылай көрсетіп отырса, министрліктер мен ведомостволар кері үлгі көрсетуде. Бұл орайда, аталған органдар өз қызметтерін тек ведомостволық мүдде мен сол министрліктер менведомостволарда жұмыс істейтін шенеуніктердің мүддесін  қорғауға бағытталған деп есептеуге тұжырым жасауға мүмкіндік береді.

Бұл жерде,  жоғарыда келтірілген барлық талаптар бойынша, барлық аталған министрліктер мен ведомостволар құрамына кіретін ел Үкіметінің де жабық орган екенін білдіретінін атай өткен жөн. Барлығы 18,8 баллдан барлық коэффициенттерді шегеріп тастағанда Үкіметтің алған бағасы 4,75, мұны елдің жоғары органының  транспаренттілік деңгейден алғанда орташа бағасы деп қараған дұрыс болады.

Осы орайда өткізілген зерттеме нәтижелері Қазақстан Үкіметінің құрамына кіретін министрліктер мен ведомостволардың болашақта транспаренттілік деңгейін арттыру арқылы, елдің жоғары органының  жұмысының тиімділігі мен сапасын арттыру әлеуеті деп бағалауға мүмкіндік береді.

Осы нәтижелерді одан әрі дамыту мақсатында, «Рейтинг.kz» ҚР Президентінің болашақтағы тапсырмаларына, сонымен қатар, Үкімет құрамында орын алатын кадрлық өзгерістерге орай, елдің министрліктері мен ведомостваларының қызметінің ашықтығын, жариялылығын ұдайы түрде зерделеп отыруға мүдделі. Жеке тұлғаларға қатысты іріктеп алынған өлшемдерді ескере  отырып, нақтылы лауазымды тұлғалардың тиісті мемлекеттік органдардың ашықтылығына тигізетін әсерін бақылауға болады.

 

«Рейтинг.kz» мүдделі мемлекеттік емес органдармен және дербес сарапшылармен осы зерттеу жұмыстарының әдістемесі және елдің орталық атқару органдарының транспаренттілік деңгейін көрсететін факторлар аясын кеңейту бойынша қарым-қатынас орнатуға дайын.

 

Рейтинг.kz зерттеу агенттігі

 


0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371