Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3673 0 пікір 21 Қыркүйек, 2012 сағат 09:42

ТҰРАН МЕН ҮНДІҚЫТАЙ АРАСЫ....

Вьетнам президенті Чыонг Тан Шанг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгенде, бір топ қазақстандық журналист Вьетнамның оңтүстігіндегі Хошимин қаласына аттанды. Екі елдің президенттері дипломатиялық қарым-қатынасты жақсарту, экономикалық байланыстарды нығайту, Кедендік одақ аясы бойынша әріптестік орнату туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда, қазақ журналистері Вьетнамның оңтүстігіндегі ірі қалада өткізілген Халықаралық Туризм көрмесінің (ITE 2012) жұмысына қатысты.Туризм саласында Вьетнам елінің келешегі зор екені көзге ұрады. Осыдан бес жыл бұрын бұл елде сырттан келген қонақтарға қызмет көрсету сапасы әлдеқайда төмен болған. Ал қазір елдің оңтүстігінде шетелдік туристерді құрақ ұшып қарсы алар бес жұлдызды қонақ үйлер, жоғарғы санаттағы мейрамханалар көптеп салынған, әлі де салынып жатыр.

Вьетнам президенті Чыонг Тан Шанг Қазақстанға мемлекеттік сапармен келгенде, бір топ қазақстандық журналист Вьетнамның оңтүстігіндегі Хошимин қаласына аттанды. Екі елдің президенттері дипломатиялық қарым-қатынасты жақсарту, экономикалық байланыстарды нығайту, Кедендік одақ аясы бойынша әріптестік орнату туралы келіссөздер жүргізіп жатқанда, қазақ журналистері Вьетнамның оңтүстігіндегі ірі қалада өткізілген Халықаралық Туризм көрмесінің (ITE 2012) жұмысына қатысты.Туризм саласында Вьетнам елінің келешегі зор екені көзге ұрады. Осыдан бес жыл бұрын бұл елде сырттан келген қонақтарға қызмет көрсету сапасы әлдеқайда төмен болған. Ал қазір елдің оңтүстігінде шетелдік туристерді құрақ ұшып қарсы алар бес жұлдызды қонақ үйлер, жоғарғы санаттағы мейрамханалар көптеп салынған, әлі де салынып жатыр.

Ресми деректерге жүгінсек, биылғы жылдың алғашқы жеті айында Вьетнамға шетелдік 3,83 миллион турист ат басын бұрған екен. Бұл дегеніңіз былтырғы жылдың осы аралықтағы көрсеткішімен салыстырғанда 10,8 пайызға артық. Әсіресе Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, АҚШ, Ұлыбритания, Австралия, Франция елдерінен келетін туристер саны басым. Оның ішінде Жапониядан келетін туристер саны 21,4 пайыз, ал Оңтүстік Кореядан келген саяхатшылар саны 37,9 пайызды құрайды. Соңғы кезде Малайзия мен Тайландтан келген қонақтар саны да арта түскен. 
Қыркүйектің 13-15 аралығында Хошимин қаласында 8-ші Халықаралық туризм көрмесіне 30 мемлекеттен келген 300-ден астам компания өкілдері қатысты. Кейбір деректерге жүгінсек, бұл көрмені тамашалауға 15 000-нан астам шетелдік және жергілікті қонақтар келеді деп жоспарланған екен. 
Вьетнамның Мәдениет, спорт және туризм министрлігінің мұрындық болуымен, Туризм жөніндегі Вьетнам ұлттық әкімшілігінің қолдауымен Халықаралық турзим көрмесі 2005 жылдан бері өткізіліп келеді. 2009 жылы өткізілген көрмеде «үш ел, бір бағыт» (Камбоджа, Лаос, Вьетнам) ұраны ұсынылған болатын. Ал былтырғы көрмеде Вьетнам, Лаос, Камбоджа мемлекеттері қатарына Мьянма қосылып, «төрт мемлекет, бір бағыт» деген бағдарлама әзірленді. Осыған орай, CLMV (Cambodia, Laos, Myanmar, Vietnam) деген аббревиатруасы қабылданды. Басқаша айтқанда, Оңтүстік-Шығыс Азияны аралауға ниетті туристерге бір сапарда төрт елді түгел аралауға жағдай жасалмақ. Қазіргі кезде төрт мемлекет арасында туристік виза беруді оңайлату мәселесі талқылану үстінде. 
Бұл төрт мемлекеттің туризм жөніндегі министрлік басшылары Хошимин қаласында бірлескен отырыс өткізді. Олар алдағы екі жылда атқарылар шаралар жөнінде ақылдасып, әріптестік жөніндегі келісім құжаттарына қол қойды. 
Халықаралық көрме жұмысына Қазақ­стан атынан «Эйр Астана» ұлттық әуе компаниясы қатысты. Осы жылдың соңына дейін Қазақстан мен Вьетнам арасында тікелей әуе желісі ашылады деп жоспарланып отыр. «Эйр Астана» компаниясының Қиыр Шығыс пен Австралия бойынша аймақтық директоры Данвантри Гунетиллектің айтуынша, Хошимин қаласында бүгінде 2500 туристік агенттік бар, олардың әрқайсысы Қазақстанға саяхат қызметін ұсына алады. Бүгінгі таңда 80-ге тарта агенттік Қазақстанға Вьетнамнан кешенді тур пакетін сатуда. Жалпы, екі ел арасындағы 4500 шақырымнан асатын жолды 5,5-6 сағатта ұшып өтуге болады. Барып-қайту билетінің құны шамамен алғанда 500 долларды құрамақ. 
Қазақстан Вьетнамды Оңтүстік-Шығыс Азиядағы маңызды әріптес санайды. Екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылдан бері орнаған. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев былтырғы жылдың қараша айында Вьетнам астанасы Ханойға іссапармен барған болатын. 
Вьетнам елшілігі Астанада 2008 жыл ашылды, ал Қазақстанның Вьетнамдағы елшілігін ашу мәселелесі Вьетнам президентінің Қазақстанға сапары кезінде талқыланды. Қазақстан елшілігі 2013 жылы ашылады деп жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, Хошимин мен Алматы арасында өзара түсіністік жөнінде меморандум бар. 
2011 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 59 миллион доллардан асқан. Оның 7,3 милионы экспорт болса, 51,8 милилоны - импорт. Ал биылғы жылдың алғашқы жарты жылдығында 44,4 млн. долларды құрады. Қазақстан Вьетнамға асбест, темір және құрыш өнімдерін, түрлі құрал-жабдықтар тасымалдаса, ал вьетнамдықтар бізге шәй, дәрі-дәрмек, қағаздан, картон мен шыныдан жасалған бұйымдарды, аяқ киім, компьютерлер т.б. заттарды жеткізеді. 
Оның үстіне, Вьетнам Қазақстан АӨСШК аясында әріптес, енді Кедендік одақ пен Вьетнам арасында Еркін сауда аймағын құру туралы келісімге қол қойылды. 
Қазақстандық туристер үшін Вьетнам әлі аса танымал емес. Екі ел арасында бұған дейін тікелей әуе желісінің болмауы бұған едәуір кедергі келтіреді. Алайда, вьетнамдық туристік компания өкілдерінің айтуынша, соңғы жылдары Ресейден, Қазақстан мен Орта Азиядан келетін туристер қатары арта түскен. 
Екеуі де жылдам дамушы елдер саналатын Қазақстан мен Вьетнамның бір-бірінен алары да, бірінен-бірі үйренері де көп. Жоғарғы деңгейдегі кездесулер мен халықаралық шаралар 4500 шақырымнан асатын қашықтықты қысқартуға ықпал етеді.

Алматы - Куала Лумпур - Хошимин - Банкгок - Алматы

Гүлбиғаш Омарова

"Түркістан" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320