Қайырсыз жұма: Аслан Мусин қызметінен босады
Кеше елбасы Нұрсұлтан Назарбаев президент әкімшілігінің жетекшісі Аслан Мусинді қызметінен босатып, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы етіп тағайындау туралы жарлық қол қойды.
Аслан Мусин 1995-2002 жылдары Ақтөбе облысының, 2002-2006 жылдары Атырау облысының әкімі, одан кейін экономика және бюджеттік жоспарлау министрі, премьер-министрдің орынбасары қызметтерін қатар атқарды.
2007 жылы тамызда «Нұр Отан» партиясының атынан парламент сайлауына қатысып, депутаттыққа сайланды. Сол жылы мәжіліс төрағасы болып сайланды.
Президент әкімшілігінің жетекшісі болып кімнің тағайындалатыны әзірге белгісіз. Ал, Ермұхамбет Ертісбаев баспасөзге берген сұхбатында Мусиннің орнына лайықты адам ретінде Кәрім Мәсімовті атапты.
Айтпақшы, Президенттің іс басқарушысы Серік Үмбетов қызметінен кетіп, орнына Абай Бисембаев тағайындалды.
«Абай-ақпарат»