Нұрбай Жүсіп. Бүкірек батыр және «мың бала» жасағы
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Халық мақалы
Бүгінде көпшілік тарихшыларымыздың табансыздығынан, ұлтсыздығынан, жершілдігінен, ұлттық идеологияны биікке қоюға тиісті лауазым иелерінің жігерсіздігінен, жауапсыздығынан, ұлттық бірлік, ұлттық идея мақсатында бір тудың астына топтасу - халық арасында кешеуілдеп тұрғаны шындық. Көбіне-көп өз руласынан батыр жасау, ескі жараларды қасып қанату, ағайын арасындағы өкпе-реніштерді қоздыру, шынайы тарих бетіне көлеңке түсіру - күш алып тұрғаны да жасырын емес.
Мұндай ел бірлігіне нұқсан келтірер кесапатты жоюға тиісті, сол үшін күресуге тиісті зиялыларымыз, өкінішке орай, жолдан байқамай адасып та жатады.
Оған «Жас қазақ үні» газетінің №14, 04.04.2012 жылғы санындағы Бердалы Оспанның «Желтоқсанда бөлінбеген қазақ бүгін неге руға бөлінгіш?» атты мақаласы айғақ бола алады.
Мақала - сөз жоқ, бүгінгі күннің дертін, қазақ қоғамының ескіден келе жатқан рушылдық кеселінің емін іздеген, маңызы зор тақырыпты қамтиды. Келтірілген дәйектің көптігі де көз қуантады. Алайда, кей жерлерде келелі мәселелерді қозғай отырып, тарихқа тереңдей алмай рушылдық отын байқамай маздатып алған жері де бар екен.
Оқырманға түсінікті болуы үшін аталмыш мақаланың бір азат жолын толық келтірелік.
Тура биде туған жоқ,
Туғанды биде иман жоқ.
Халық мақалы
Бүгінде көпшілік тарихшыларымыздың табансыздығынан, ұлтсыздығынан, жершілдігінен, ұлттық идеологияны биікке қоюға тиісті лауазым иелерінің жігерсіздігінен, жауапсыздығынан, ұлттық бірлік, ұлттық идея мақсатында бір тудың астына топтасу - халық арасында кешеуілдеп тұрғаны шындық. Көбіне-көп өз руласынан батыр жасау, ескі жараларды қасып қанату, ағайын арасындағы өкпе-реніштерді қоздыру, шынайы тарих бетіне көлеңке түсіру - күш алып тұрғаны да жасырын емес.
Мұндай ел бірлігіне нұқсан келтірер кесапатты жоюға тиісті, сол үшін күресуге тиісті зиялыларымыз, өкінішке орай, жолдан байқамай адасып та жатады.
Оған «Жас қазақ үні» газетінің №14, 04.04.2012 жылғы санындағы Бердалы Оспанның «Желтоқсанда бөлінбеген қазақ бүгін неге руға бөлінгіш?» атты мақаласы айғақ бола алады.
Мақала - сөз жоқ, бүгінгі күннің дертін, қазақ қоғамының ескіден келе жатқан рушылдық кеселінің емін іздеген, маңызы зор тақырыпты қамтиды. Келтірілген дәйектің көптігі де көз қуантады. Алайда, кей жерлерде келелі мәселелерді қозғай отырып, тарихқа тереңдей алмай рушылдық отын байқамай маздатып алған жері де бар екен.
Оқырманға түсінікті болуы үшін аталмыш мақаланың бір азат жолын толық келтірелік.
«Қазақтың бетке ұстар азаматтары руға бөлінген соң, басқаларға не жорық?! Осындай бір оқиға менің әкем - ғалым Әсілхан Оспанұлының кандидаттық диссертация қорғауына байланысты. Әкемнің маңдайына заңғар жазушы, энциклопедист ғалым Мұхтар Әуезовтің соңғы аспиранты болу жазылыпты. Бұл жөнінде әкем күнделігінде: «Неткен бақыт! Мені Мұхтар Әуезовтің өзі таңдап алды!» деген сөздер жазған. Бірақ ұлы Мұхтар Әуезов қайтыс болған соң күнгей ақындары Майлықожа, Мұсабек, Нұралы ақындардың шығармашылығын зерттеуге арналған кандидаттық диссертациясын қорғауы небір қиындыққа ұшыраған әкемнің 2000 жылы «Жұлдыз» журналында жарияланған «Мен білген Мұқаң» естелік мақаласында мынадай бір оқиғаны баяндағаны бар: «...менің сансырай сандалуым басталды. Бұл жағдай аттай бір жыл уақытымды босқа сарып етті. Айтпақшы, әлгі қорытындыдан кейін академияның екі бірдей ғылыми-зерттеу мекемесі - Тіл білімі институты мен М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми кеңестерінің біріккен жиылысы шақырылып, диссертация сонда талқыға түсті. Мұнда енді Ғабең - Ғабит Мүсірепов ағам кес-кестеді. Және ол кісінің сөз бастау ауаны мені айран-асыр етті. Ол кісі, әй-шәй жоқ, салған жерден: «Мен өзім қожа деген халықты жек көретін кісімін» деп салғанда орнымнан қалай атып тұрғанымды байқамай да қалдым». Кімнің болса да іс-әрекеттерінің ағын ақ, қарасын қара деп қарайтын әкем Ғ.Мүсіреповтің бұнысына кешіріммен қараған.
Әлі есімде, жетінші сыныпта оқып жүргенімде әкем Әсілхан Оспанұлы мен анам Оразкүл екеуі бірде әпкелерім, аға-інілерімді жинап, мені туған күніммен құттықтап, жазушының «Қазақ солдаты» атты кітабын сыйға тартқан еді. Әкем Ғабит Мүсіреповті сол бір кездегі сөзі үшін жек көріп кетсе, маған оның кітабын сыйламас еді ғой. Мектеп бітірерде сол кітап туралы «Менің сүйікті кітабым» атты шығарма жазып, «бес» деген жоғары баға алғаным дәл бүгінгідей есімде.
Ғ.Мүсіреповтің руға бөлінгені туралы осы оқиғаны білсем де, онша көңіл аударған жоқ едім. Бірақ Ғабит Мүсіреповтің кезінде, шынында да, осындай кертартпалыққа шындап ұрынғанына Қадыр Мырза-Әлі «Иірім» атты естелік кітабында: «Оның жағымсыз образдары, негізінен қожалар мен төрелер. Оларды аямаған. Ыза-кегінің бәрін соларға төккен» деп жазғанын оқығанда түсіндім», - дейді автор.
Өкінішке орай, автор қазақтың заңғар жазушысы Ғ.Мүсіреповтің рушылдығы туралы пікірін білдіріп отырып, жазушының жан-дүниесін дұрыс ұға алмапты.
Автор өзі айтып отырғандай, Ғ.Мүсіреповтің рушылдыққа бой ұрғаны бұл жерде дәлелденбейді. Қожалар мен төрелерге деген өкпесі қара қазандай екені ғана байқалады. Оның жанын ақын Қадыр Мырза-Әлі де түсінбегені аңғарылып тұр.
Ғ.Мүсірепов неліктен қожалар мен төрелерге ыза-кегінің зәрін төккен, неліктен аямаған? Оның таудай себебі бар. Оның сырын білу үшін тарихқа терең үңілу керек. Төрелер баяғы бабасы Шыңғыс ханнан келе жатқан жауынгерлік рухтан, кейін Керей мен Жәнібек хандардың қалыптастырған қазақтық рухынан ажырап, кәдуілгі қарапайым шенеуніктерге айналып, елді қожыратқанын, тіпті әз-Тәуке тұсында өз ықпалдарының басымдылығын пайдаланып, «Жеті жарғыға» қожалар мен төрелерді қараша халықтан жоғары қойып, ел бірлігін бұзғанын, өз кезегінде халықтың рухани бірлігін сақтауға тиісті қожалардың да ақ жолдан тайғанын, сөйтіп олардың да ел бірлігін іштей іріткенін ұлы жазушы жақсы сезінген. Қазақ халқының бодандық қамытын киюге себепкер болған сол кездің шенеуніктері - төрелер мен қожаларға деген жазушының ыза-кегін айтпаса да түсінікті!
Тарихқа тағы да сәл үңілсек, сол кездің шенеуніктері - төрелер мен қожаларға (төре руы мен қожа руына емес - Н.Ж.), олардың әрекеттеріне кім-кімнің болса да ызаланары сөзсіз.
Біз білетін Арал топырағында 1710 жылы өткен бүкіл қазақтың алғашқы «Қарақұм құрылтайында» шенеунік-төрелер (тағы да айтамын, төре руы емес! - Н.Ж.) жоңғар бақыншыларымен құпия келісімге келіп, жауға қазақтардың бодан болу мәселесін көтергені - тарихтан белгілі. Оған қазақ батырлары (біреулер - табын Бөкенбай батыр десе, енді біреулері- қанжығалы Бөгенбай деп таласып жүр. Бұл да - тарихшыларымыздың бұл жолда түк бітіре алмай отырған істерінің бір парасы. - Н.Ж.) қатты тойтарыс береді. Батырларға аса риза болған әз-Тәуке өзін қолдаған барша батырларға ризашылығын білдіріп, қазақтың бірігіп жауға қарсы тұруына жағдай жасап алғаны бүгінде барша жұртқа аян. Кейін әз-Тәуке қайтыс болғаннан кейін, билікке таласты қыздырған шенеунік - төрелер ел бірлігін әлсіретіп тынды.
Рухани билік басындағы шенеунік - қожалар да Алла тағаланың ақ жолынан адасып, өз қамдары үшін қарапайым халықтан артықшылықтарын сақтап қалуы үшін жанталасады. Елдікті ұмытады. Тіпті ХІХ ғасырда бодандыққа түсіп қалған халықтың ауызбірлігін одан әрі кетіруде белсенділік танытып, тарихи шығармаларды да бұрмалап, баспаға ұсынуда алдына жан салмайды. «Қыз Жібек» жырындағы Төлегенді өлтіретін Кескентерек қожаның орнына қазақтың қас батыры, Жібектің немере ағасы Бекежанды арғын деп алмастырып жіберіп, баспаға ұсынушы Жүсіпбек қожаның әрекетін немен түсіндіруге болады?
Мұндайда көреген Әйтеке бидің жалпы қожаларды үш тарапқа бөлгені еске түседі. Олар: алғаш қазақ жеріне келген шынайы Ислам дінін таратушы сахабалар ұрпағы. Иманы нұр боп шашылған олар қазақ елінің тұтастығы үшін жан аямай күресті. Нағыз руханият дүниесін жасаушы зиялылар!
Екіншісі - құранды жатқан білетін, аңқау елге арамза молда боп, Иран елінен қашқан-пысқан, қожаларды бетперде етіп, қазақ еліне ағылып келген ұры-қарылардың ұрпақтары. Оларды кейін «біз - қазақ емеспіз!» деп халықтан өздерін жоғары ұстайтын кертартпа мінезінен байқауға болатыны анықталды. Әлгі аталған «Қыз Жібектегі» қарақшы Кескентерек қожа мен жырға қиянат жасаған Жүсіпбек қожаларды екінші топ қатарына жатқызуға әбден болады.
Үшіншісі - тегі қазақ, Үш жүзге пір болған керейт Мүсірәлі қожа ұрпақтары. Әйтеке бидің көрегенділігімен Үш жүзге пір болған Мүсірәлі ұрпақтары - қазақ үшін жанын беруге әзір, адал ұрпақтар!
Мұндай тарих беттеріндегі ақтаңдақтарды ақтара берсек, көптеген күтпеген жағдайларға тап боласыз.
Әз-Тәуке заманында қалыптасқан қарапайым халықты менсінбеушілік мінез, жасыратыны жоқ, кейбір қожалар мен төрелер арасында, өкінішке орай, әлі сақталып келеді.
Бірде Астананың 10 жылдығы мерекесі өтер жылы Шымкент облысының бір жерінен, кейін таныстық, мен мінген пойызға Кендебай атты академик - өнер зерттеушісі мінген-ді. Қазақтың көне керамика өнерін зерттейді екен. Неше түрлі керамикадан жасалған бұйымдарымен талайды тамсандырды.
Сөз кезегінде жөн сұрастық. Аралдан, Әлім екенімді білген соң, бір жымиып алды да: «Кіші жүзді найза бер де, жауға қой!» деген бабалар сөзі рас екен», - деді.
Бұл сөзді айтуының мәнісін сұрадым.
- Бізде қожа деген халық бар, - деді ол.
- Болса ше? - дедім мен жайбарақат.
- Көрдіңіз бе, сіздер жақта «қожа» деген проблема» болмаған соң, жайбарақатсыз. Ал бізде мүлде олай емес. Олар жиын-тойда бізді, яғни қазақтарды, кекетіп-мұқатып отырады. Тіпті, айтпайтын сөздері жоқ! Қазақты төмендетіп сөйлегенде, айылдарын да жимайды. «Қазақты адам қылған - біз» деп көкіректерін сабалағанда, жерге кіріп кете жаздаймыз, - дегенде, мен ашулана бастадым.
- Ау, бұлары қалай?! Өздері қожа болса, шариғатта «адам баласының бәрі бірдей» демеп пе еді! Нанымызды жеп, суымызды ішіп отырып!..
Қанымның басыма шапқанын байқап:
- Ай, мінездерің бір-біріңе ұқсайды екен-ау! Айтайын енді. Содан бір күні ауылымызға келін түсті. Құда келді. Құданы жайлауға ауылдың ақсақал-қарасақалдары жиналды. Дастархан басында қожалардың әлгі «әуені» қайта басталды. Біз құдалардан ұялып барамыз. Кенет «Әй..!» деп бас құда атып тұрды. «Біздің нанымызды жеп, суымызды ішіп отырып!... Сендер қожа емессіңдер, нағыз арандатушыларсыңдар!» деп нақтылап айтып, шариғаттағы адам теңдігін алға тартты. Сол-сол-ақ екен, шай құйып отырған келініміз де орнынан атып тұрды. Жұдырығы түюлі. Төбелеске дайын сыңайлы. Бір қызығы, әлгі «қожасымақтар» жым болды. Содан бері көзіміз ашылды. Содан бастап ауылда әлгіндей тақырыпқа ешкім де бармайтын болды, - деді академик.
Мен: «Ондайлар қожаның атына кір келтіріп жүрген кешегі Парсы елінен қашып-пысып келген ұры-қарылардың тұқымдары ғой! Нағыз қожа ондай болмайды, - дегем. Академик те мені қоштады.
- Мен де осылай ойлайтынмын, - деді.
Осы оқиғаға иланбайтындар болса, Қызылорданың Жаңақорғаны, Түркістан қалалары маңайына барып байқасын. Қазақты келемеж қылатын «қожа» атанып жүрген бұрынғы ұры-қарылардың тұқымын оп-оңай тауып алатынына сенімім мол.
Төрелер арасында да қазаққа «қожа» атанып жүргендердей тікелей тиіспегенмен, кейбіреуі «ана ханның ұрпағымын», «мына ханның ұрпағымын», «ақсүйекпін», «қарашасың» деп қалатындар кездесері анық.
Оларға да айтар сөз сол - нағыз хан тұқымы олай етпейді. Нағыз ақсүйек бекзат боп келеді. «Төремін!» деп кеуде қағып жүргендердің көбісі жолдан қосылған, төрелердің атын жамылып жүрген жолбикелер болуы бек мүмкін. Тіпті, ХІХ ғасырдың басында ұлт-азаттық көтеріліске шыққан қазақтарды басып-жаншу жолында патша үкіметіне жағынып, Жанқожадай арыстарды өлтіруді ұйымдастырғандар ұрпағы да шығар?!
Егер Керей мен Жәнібек ұрпақтары, Абылай хан ұрпақтары шын бабаларына тартса, «нағыз қазақпын!» дер! Ал, бүгінгінің «ақсүйек-шенеуніктері» сынды халықтың шекесінен қараса, жеке басының қамы үшін кешегі жоңғарға халқын сатып жібере жаздаған «шенеуніктердің» тұқымы екеніне шүбә болмас.
Айтып-айтпай не керек, кешегі ұлы жазушымыз Ғ.Мүсірепов Кеңес үкіметі тұсында өмір сүргендіктен, заманында қазақ халқын сатып жібере жаздаған, қазақтың ауызбірлігінің ыдырауына тікелей әсер еткен, заманының шенеуніктері - қожалар мен төрелерге қатты көңілі қалғандықтан, бүгінгі ұрпақтарына деген ашу-ызасы тарқамаған шығар?!
Міне, сондықтан бүгінгі күн зиялыларының алдында өткеннің қатесін қазбалау емес, тарихи шындығын дәлелдеп, бабалар жіберген қателікті болдырмау жолын, яғни барлық мәселеден «қазақ» ұғымын жоғары қояр, жол іздер кез келді.
Жақсыда жаттық болмайды
Қазақ болу - мақтаныш
Ататүрік ізімен
Иә, жоғарыда атап өткендей, Хақназар бабасын тауып, басына кесене орнатып жатқан Әлім Жантекенің бабасының бірі - Бүкірек батыр сонау ел басына күн туған шақта ағайын арасындағы өзара ренішті жеңіп, сарт елінен қазақ жеріне келіп, жастарға мәңгілік үлгі болар отаншылдықтың мұрасы іспетті «Мың бала» жасағын құрып, өле-өлгенше «нағыз қазақпын!» деп жар салып өткен өнегелі өмірі Арал төңірегінде өшпестей жарқын жол салып кеткен-ді.
Бүгінгі ата-баба аманатына адал Бүкірек батыр ұрпақтары қазақ халқының тұтастығы үшін өзіндік өрнек салып, кейбір бөлінгіштерге зіл болып, баршаға ұлттық ұйысуда үлгі боп, жақсының жаттығы жоқтығын, «қазақ болу - мақтаныш» екендігін сөзімен емес, ісімен дәлелдеп келе жатқаны көңілге қуаныш әкеледі. Бұл үрдіс - баршамызға жұғысты болсын!
Лайым, бүкіл қазақ «мен анаумын», «мен мынаумын» демей, тегін біліп, қазақ екенін мақтаныш етер заманға жеткізгей!
Арал ауданы,
Қызылорда облысы
«Abai.kz»