Жұма, 22 Қараша 2024
Дей салдым-ау 3888 10 пікір 1 Наурыз, 2022 сағат 12:32

Путин мен Зеленскийді Тоқаев татуластыра ма?

Бүгін «Нұр Отан» партиясының кезектен тыс сиезінде президент Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы соғысқа қатысты пікір білдіріп, тараптарды кезіссөз үстеліне отыруға шақырды. Бұл үшін тіпті алаң ұсынып, арағайындық жасауға ниетті екенін білдірген.

«Біздің ұстаным мемлекетіміздің қажеттілігін, егемендігін, аумақтық тұтастығын қамтамасыз етудің сыни қажеттілігінен шығуы керек. Біз Еурразиялық қауіпсіздіктің бөлінбеу принциптерін ұстанамыз. Бөлінбеушілік принципі - өзара сенімге негізделген өзара түсіністікті болжайды. Өкінішке орай, бұлай болмады. Минск келісімдері қағаз жүзінде қалды. Бұл Украина территориясында соғыс отын тұтатты. Геосаяси ахуал айтарлықтай ушықты.

Біз екі тарапты да бейбіт келіссөздер үстелінде ортақ тіл табысуға шақырамыз. Басқа жолы жоқ. Жанжалдан гөрі, бейбітшілік артық. Бейбітшіліксіз даму да болмайды. Қазақстан өз кезегінде бейбітшілік орнату үшін қолдан келетін барлық қажеттілікті жасауға, керек болса, араға түсуге әзір», - депті президент Тоқаев.

Айта кетейік, кеше Беларусь тарапының ұйымдастыруымен алғаш рет Украина-Ресей келіссөздерінің алғашқы раундтары өткен еді. Тараптар бір-бірінің ұсыныстарын естіп, Киев пен Мәскеуге аұқылдасуға кеткен. Ұйымдастырушы тарапының айтуынша, келесі келіссөздер де Беларусь территориясында өтпек.

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5303