Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3474 0 пікір 3 Қазан, 2012 сағат 08:21

Сағат Жүсіп. Қазақ болып туғаныма өкінемін...

Осыдан 17 жыл бұрын жазылған мақаламмен таныстырғым келіп отыр. Бірақ, сөге, жамандамауларыңызды сұраймын. Әбден торыққан кезде жазған дүнием еді...

Автор

Қазақ болып туғаныма өкінемін. Ащы болса да ашығын айтайық. Кейбір қазақтардың ақымақтығына, топастығына, надандығына ренжимін. Басы бірікпес, түзелмес, ем қонбас деп қауіптенетінім де рас.

Халқымыздың, ата-бабаларымыздың даналығында, ұлылығында шүбә жоқ. Қазақ көп жағдайда ақылы данаға, мінезі балаға лайық. Бірақ, әттеген-ай, соңғысы біріншінің құнын көк тиын еткенін көргенде қалай жыламайсың?!

Ауызбірлік, ынтымақ туралы қазақтан көп айтатын халық жоқ. Бірақ, өзі мақтаншақ, өзі атаққұмар, шенқұмар, жүзге, руға бөлінгіш қазақ қайтіп ауызбірлікте болады? Еш уақытта болмайды-ау.

Өзінің арты ашылып отырғанын көрмей, басқаға қарап сықылықтайды. Қолына азын-аулақ мал бітіп, қоңы көтерілсе "болдым, толдым", "енді бәрін де сатып аламын" деп шыға келеді.

Қазақ бірін-бірі мұқатуға келгенде мықты, шебер. Тілі ащы, аямай шағып алады: "Кешегі пәленше еді, бүгін жетісіп қапты" дейді.

Өзбек өзге ұлтты қанша жек көріп тұрса да, ол мінезін сыртқа білдірмейді. Өзге халықты бауырына тартып, паспортын "өзбек" деп өзгерткенше тынбайды.

Қазекең қазақ болған өзге ұлтты қанша елжіреп жақсы көріп тұрса да, оның түбін түртіп, қазаққа қосылған жерін бетіне салық қып отырады. Өмір бойы оның атына ұлтын қосып отырады.

Қазақты момын дейді, момын емес, батыр. Батыр болғанда, біріне-бірі батыр. Екі қазақ бір-біріне ақысын жібермейді. "Қазаққа бір-біріне қарауыл керек емес, өзара аңдысуға шебер" деп аты шығуы бекер емес.

Қазақ намысшыл. Бірақ, намысшылдығы өзімен өзі арасында ғана. "Саған ақым (сөзім) кеткенше, сенен кем түскенше өліп кетейін" деп айтқанынан қайтпайды. Сол намысы басқа ұлттың алдында түсіп қалса, шыбын шаққан құрлы әсер етпейді.

Қазақ жөн сөз айтқан қазаққа көзіне айтпаса да, шыға бере "менен қалған ақыл" дейді. Өзге ұлттан естісе соны, етпетінен түседі, "өмірі естімеген жаңалық" деп қайран қалады. Ақылды сөз айтқан қазаққа не үшін ренжиді дейсің ғой? "Сол сөз неге сенен шығады, менің айтуым керек еді" деп іштей кіжініп, оны жек көріп кетеді.

Қазақ тәртіпке мал бағу, мал қайыру сияқты қарайды. Оны қайырып, шыбықпен айдап, тәртіпке салып жүретін біреу керек деп саналады. Тәртіпті өзімнен бастауым керек деп ешқашан санамайды. Пәленшені жөнге салса, сонда мен де жөнделемін дейді.

Қазақ мақтанады, жарысады, бәсекелеседі. Айыбы жоқ. Бірақ, басқа елмен, ұлтпен емес, өзімен-өзі жарысуға құмар. Мақтанғанда "біздің тегімізде", "әулетімізде" дейді. Шыңғысханды, Абылайханды, Абайды, Шоқанды айтып мақтанса бір сәрі, ең зор дегені басқа ұлттың ең бейшарасынан кем түсетінін білмейді. Қазақ білімге құмар халық дейді. Бекер. Қазақ білімді шын білім алу үшін емес, атақ, мансап, билік арқылы басқа қазақтан үстем болу үшін оқиды.

Қазіргі қазақ көбі пәтуасыз, ешқандай сөзде тұрмайды, қадірлемейді, сөзге мән бермейді. "Ойпырмай, мынау бір жөн сөз екен" деп қабылдаған қазақтың өзі ол сөзді басқаға ақыл ғып айтуы мүмкін, бірақ өзі оны берік қағида ғып ұстамайды. Ол қағида тек маған ғана қатысы жоқ, басқаның бәріне арналған дейді.

Қазақ ұлттық намыс дегенді онша құнттай бермейді. Қазақ өз тілін, жері-суының атын, салт-дәстүрін, дінін, қазақтың иісін ұлтқа, ұлттық намысқа қатысы жоқ заттар деп санайтын халық екенін күнде көріп жүрмін. Қазақ аяғы тоңса, көк туын да шұлғана салады, азаматтығын ақшаны көп беретін Ресейге ауыстырып жатқанын Байқоңырдан күнде көріп жүрміз. Осы мінездерін көре тұра қазақты қалай жақсы көрерсің, қалай одан түңілмессің?

Қазақ болып туғаныма өкінемін. Осы мінездерінен жуық арада қазақ арылмаса, ол өз жерінде, елінде өзекті ұлт бола алмайды, жақын мерзімде оңалмайды. Қазақ болып туғаныма өкінемін, түңілемін, әттең, өз қолымды өзім кесе алмай жүргенімді айтсаңшы.

1995 жыл.

"Abai.kz"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377