Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3958 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 13:13

Діни ағымдардың Қазақстанға ықпалы қандай?

Бүгінде қоғамда өздерін «нағыз мұсылмандар» ретінде танып, өзгелерді «кәпір» деп санайтындар көбейді. Еліміздің ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, керісінше, берекесін алып, тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті қауіп төндіруде. Дінді өз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды шатастырушылар көптеп кездеседі. Ол топтар мен ағымдарды ғалымдар зерттей келе оларды деструктивті, радикалды, фундаменталды немесе экстремистік деп атап жүр. Бұл ағымдарды псевдоисламдық деп атап отырғанымыз да осыған байланысты. Себебі «псевдо» тіркесі - жалған деген ма­ғынаны береді, яғни дәстүрлі Исламның кейбір қағидаларын басқаша түсініп, бұрмалап, оны өздерінің радикалды идео­логияларына айналдырып, дін ішінде дін туындатып жүрген діни ағымдарға тиісті айтылатын ұғым.
Қазірде АҚШ, Орталық Азия мен ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өз бейнесін көрсетіп үлгерген ұйымдар қа­та­рында мыналар бар: Әл-Каида, Талибан, Өзбекстан Ислам қозғалысы (ИДУ), Хизб-ут-Тахрир, салафиттер, Орталық Азия Моджахедтерінің жамағаты және т.б.
Қазақстан халқының соңғы кезде көп қозғайтын мәселесі - салафилік пен уаһһа­билік ағымдарының іс-әрекеттері.

Бүгінде қоғамда өздерін «нағыз мұсылмандар» ретінде танып, өзгелерді «кәпір» деп санайтындар көбейді. Еліміздің ішінде күмәнді, елді біріктіретін емес, керісінше, берекесін алып, тоздыратын топтар, елге іштей іріткі салушы, деструктивті діни ағымдардың іс-әрекеті қауіп төндіруде. Дінді өз пайдасына қарай бұрмалап, ислами наным-танымдарды шатастырушылар көптеп кездеседі. Ол топтар мен ағымдарды ғалымдар зерттей келе оларды деструктивті, радикалды, фундаменталды немесе экстремистік деп атап жүр. Бұл ағымдарды псевдоисламдық деп атап отырғанымыз да осыған байланысты. Себебі «псевдо» тіркесі - жалған деген ма­ғынаны береді, яғни дәстүрлі Исламның кейбір қағидаларын басқаша түсініп, бұрмалап, оны өздерінің радикалды идео­логияларына айналдырып, дін ішінде дін туындатып жүрген діни ағымдарға тиісті айтылатын ұғым.
Қазірде АҚШ, Орталық Азия мен ТМД елдерінде, соның ішінде Қазақстанда да өз бейнесін көрсетіп үлгерген ұйымдар қа­та­рында мыналар бар: Әл-Каида, Талибан, Өзбекстан Ислам қозғалысы (ИДУ), Хизб-ут-Тахрир, салафиттер, Орталық Азия Моджахедтерінің жамағаты және т.б.
Қазақстан халқының соңғы кезде көп қозғайтын мәселесі - салафилік пен уаһһа­билік ағымдарының іс-әрекеттері.
Салафилік тарихында елеулі із қал­дыр­ған Харран қаласында дүниеге келген фиқһ ғалымы Әбу әл-Аббас Тахиуддин Ахмед ибн Әбд әл-Халим ибн Таймия (1263-1328) болды. Ибн-Таймияның жолын ұстану­шылар қатарында ибн әл-Кайим әл-Жау­зия, хафиз аз-Захаби секілді шәкірттері болған. XVIII ғ. өмір сүрген Мұхамед ибн Абдул-Уаһһаб ибн Таймияның жолын жал­ғастырушысы болып табылады. Са­лафилік ілімнің негіздеріне келетін болсақ, сала­фиттер өмір мен діннің барлық жақтарын Құран аяттары және Мұхаммед Пайғам­бардың хадистерімен сәйкестендіру қажет­тілігін, осыған орай аят немесе хадистің шынайы тура мағынасы бұрмаланбауы тиіс екендігін бетке ұстап, барлық ұстанымдарда Пайғамбар сахабаларының әдістерін басшылыққа алу керектігін; шариғат қағи­даттарын қатаң сақтау қажеттігін, исламға негізделмеген басқаруға жол бермеу, ис­ламға жаңашылдықтарды енгізуге тыйым салуды айтады. Алайда өздері Құранда жазылған аяттардың мағынасын бұрмалап, өздеріне ыңғайлы тұрғыда түсіндіріп, ұстанушыларға таратады.
ҚМДБ төрағасының бірінші орынба­сары, «Хазірет Сұлтан» мешітінің Бас има­мы Қайрат Жолдыбайұлының пікірінше, Салафилік буквализммен ерекшеленеді. Яғни аят-хадистердің астарын, мақсатына үңілмей, бетін қана қалқып алып, өздігінше түсіндіруге бет бұрады. «Сәләф» сөзі «бұ­рынғылар» дегенді білдіреді. Діни тер­ми­нологияда «салиқалы салафтар» делінген кез­де сахабалар, олардың көзін көрген та­биғиндер мен бұлардың да көзін көрген та­баға табиғиндер меңзеледі. Бірақ діни тер­минологияда белгілі бір ағымға «са­лаф­тар» деп айтылмайды. Салафиттер өкілдері бол­са оны пайдаланып, өздерін «бұрынғы Пай­ғамбар заманындағы мұсылман жолын ұстанамыз» деп жекелеген адамдардың идеясын насихаттап жүр.
Уаһһабилік пен салафилікті бір ағым деу­шілер де бар. Жалпы, уаһһабилік уақыт тұр­ғысынан келетін болсақ, салафизмнен әл­деқайда кеш пайда болды. Алайда уаһһаб­шылар өздерін салафитпіз деп атап жүргені бәрімізге мәлім. Сондай-ақ жо­ғарыда келтірілген Қайрат Жолды­байұлы­ның пікіріне сүйенсек, салафтар деп қазіргі кезде нақты ағымға қатысты айтылмай­тындығын ескеру жөн болады.
Тар және нақты мағынадағы уаһһабилік негізін 1703-1797 жылдары Недж қаласында араб діндары Мұхаммед ибн әл-Абдул-Уаһһаб салған, бастапқы ислам, яғни «бұрынғы сахабалар исламының» таза­лығын қайта жаңғыртуға бағытталған діни-саяси ілім. Бірақ қазіргі таңда кең мағы­нада, «уаһһабилік» ұғымын исламмен жа­мылған діни-саяси экстремизмді сипат­тау үшін қолдануда. Уаһһабилік ағымның ерекшелігі - сенім мәселесінде фанатизмге бой алдырса, өзінен басқа пікірдегілермен күресі экстремизмге толы болады.
Әр нәрсенің теріс жағы да болады деп қарайтын болсақ, дәстүрлі идеологияның дұрыс талқыланбай, радикалды сипатқа өту қаупіне айналатынын біз ұмытпауымыз қажет. Сол секілді уаһһабшылар Абдул-Уаһ­­һабтың және оның жақтастары қалып­тастырған ілімін негізге алып, оны жаңа идеяларымен толықтырып радикалды тұстарын дамытып жіберді.
Уаһһабилік (салафилік) ілімнің қағидат­тарына - Таухид - бір Құдайға сену, дінге қо­сылған түрлі жаңашылдықтан бас тарту (бидға), діни сенімсіздікте айыптау (так­фир) және кәпірлермен соғысу (джи­хад) жатады.
Олар зайырлылық пен демократиялық мемлекеттік принциптеріне, конфес­сияаралық диалог пен келісімге, саяси инс­ти­туттардың қазіргі құрылымына, заңда­рына қайшы келеді. Тіпті оларды мүлде мақұлдамайды.
Ислам дініндегі бір парыз амалды орын­дамаған мұсылманды кәпір деп са­найтын Уаһһабтың ұстанымы барлық төрт суниттік мазхабтардың (Ханафиттік, Ша­фиттік, Мәліктік, Ханбалиттік) діни түсі­нік­теріне қайшы келеді.
Кәпірлер қатарына олар көп Құдайға табынушыларды, бидағатшыларды, діннен безгендерді (арабша - муртад), Мұнафық­тарды (екіжүзділер), барлық басқа кон­фессия өкілдерін (христиандар, иудеи­лер, буддистер, кришнаиттер т.б.), сондай-ақ исламдағы уаһһабилік емес ағымды ұстану­шыларды (суфизм, шиизм т.б.) және бар­лық идеологиялық ұстанымдарды (коммунистік, зайырлы, демократиялық, ка­пи­талистік т.б.) мойындайтындарды жат­қызады.
Уаһһабшылар (салафиттер) әулиелер-дің зиратына баруға қарсы шығады. Пай­ғамбарлардың және әулиелердің рухынан шапағат сұраған мұсылман әулиелердің кесенесіне және қасиетті жерлерге барып, оларды себеп етіп, дұға жасаған адам кәпір болады деп санайтын уаһһабшылар (са­лафиттер) кесене салу, кесенелерде намаз оқу, аруақтардың рухына садақа атау мүш­ріктік деп есептейді. Мұндай көзқарас Қа­зақстан мұсылмандарының дәстүрлі ұстанымдарын негізсіз айыптау болып та­былады. Мұндай идеялар еліміздегі мұ­сылман халықтары арасында діни негіздегі пікір қайшылықтарының туындауына, соның нәтижесінде діни араздықтардың өршуіне себеп болады.
Салафиттер мен уаһһабшылар өз тұр­ғыларын көрсетуде радикалды сипатқа көбірек жақын келеді. Көбінесе солардың арасында экстремистік әрі қаруланған топтардың үлкен үлесі бар. Ең қауіптісі, идео­логиясында жиһад мәселесі ауқымды орын алатын салафийлер және олар секілді басқа да ағымдар мен қозғалыстар (са­лафиттер қауымдастығының басқа да көптеген тармақтары, солардың ішінде такфирлер, мадхалиттер және жиһадистер) бейбіт іс-әрекеттерінен қарулы шабуылдар мен лаңкестікке дейін оңай ауыса алады. Зерттеушілер олардың діни дайындығынан өткен адамның өте радикалданып, заңды билікке, басқа дін өкілдеріне, зайырлы азаматтарға өшпенді қарсыласқа айна­латынын, өзінің саяси мақсатына жету үшін кез келген тәсілді қолданатынын, соның ішінде қарулы қақтығысқа да ба­ратынын айтады.
Уаһһабилік идеология бүгінде Әл-Қаи­да, Талибан, Өзбекстан Ислам қозға­лысы (ИДУ), Хизб-ут-Тахрир, салафиттер, Ор­талық Азия Моджахедтерінің жамағаты, Аль-Акса азап шегушілерінің бригадасы, Хамас т.б. секілді экстремистік ұйымдардың басты ұстанымына айналған.
Мәселен, «кәпірлермен күресу идеясы» аталған ағымдардың барлығында дерлік орын алады. Тәкфиршілер арабшадан ау­дарғанда «кәпірлікпен айыптау» дегенді білдіреді. «Такфир» жамағатының мүшелері өздерінің пікірлері мен мінез-құлықтары бойынша радикалдық (батыл шараларға баратын) көзқарастарымен ерекше көзге түседі. Тәкфиршілер жиһад - Ислам мем­лекетін құрудың ең басты құралы деп са­найды. Осы жерде «жиһад» мәселесіне тоқ­талып кететін болсақ, аталған ағым­дар­дың «жиһад» ұғымын тікелей соғыс ре­тінде қабылдап жатқаны да өкінішті жайт. Оның аясы өте ауқымды болғандықтан, адамдар оны түрліше түсініп, мәнін сан-саққа ж­ү­гіртуі көптеп кездеседі. Негізінде, «жиһад» сөзінің араб тілінде «белгілі бір нәтижеге, мақсатқа жету үшін қайрат жұмсау, ынта-жігер таныту, тырысу, күресу» деген мағы­налары бар. Жиһад - ең әуелі адамның өзін түзетуі. Ішкі дүниесі мен жүрегін тазартуы, өз болмысын қызғаншақтық, қанағат­сыздық, сабырсыздық, жалқаулық, тәкап­парлық секілді күллі жаман қасиеттерден арылтып, олардың орнын көркем қасиет­термен толтыруды білдіреді.
Қазіргі кезде уаһһабилік идеологиясы белгілі бір деңгейде еліміздің мұсылман жас­тары арасында кеңірек таралуда. Түрлі ағым­дар мен топтарға бөлінген қазақ­стандық мұсылмандар бір-біріне өш­пенділікпен қарап, біртұтас мұсыл­ман­дар қауымы арасында алауыздық пайда бола бастады. Осындай ағымдар мен топтарға бөлінген мұсылмандар бір мешіттің ішінде қатар тұрып намаз оқымайды. Бір-бірінен бөлектеніп жүреді, тіпті кейде бірін-бірі «кәпір» деуге дейін барып жүр. Осындай жол­ға түскен жастар өздерінің ата-анала­рымен қатар отырып тамақтанбайды, олар­ды намаз оқымағандары үшін «кәпір» са­найды. Кейбір топтардың мүшелері ме­шіт­терге барудан да бас тартып, имам­дарға дінсіз үкімет тағайындаған деп айып тағады.
Сан ғасырлар тату тұрған қазақ елі үшін мұндай келеңсіз жағдайларға жол беру үлкен қателік. Сондықтан ата-бабамыз ұс­танған мейірімді ислам дінін дұрыс түсініп, жүрегімізде жылулық сақтап, адамгершілік бейнемізді қолдан келгенше жоғалтпауға тырысуымыз керек.
Қазақстандық дәстүрлі ислам мәсе­лесіне тоқталсақ, бұл ұғым белгілі бір жаңа қазақ ислам моделін шығаруды емес, ата-бабаларымыздан ұрпақтан-ұрпаққа беріліп келе жатқан ислам құндылықтарын сақтап қалуды білдіреді. Себебі ислам діні тари­хымыздың, мәдениетіміздің ажырамас бөлігі. Бар қазақ бір дінді, бір мәзһабты, бір ақиданы ұстанып келді. Намаз оқыса да, Құран оқып, бет сипаса да, тәспі тар­тып, дұға етсе де ешкім бір-біріне: «мы­науың не, сен қателесіп отырсың, адасып жүрсің» деп білгішсінгендер атымен болған жоқ. Үл­кендер жасы кішілерді мәңгілік тозбайтын мұсылмандық құндылықтарға тәрбиелеп отырды. Әке ұлын, шеше қызын иманды­лыққа, көркем мінезділікке, адам­ның қадірін білуге баулыды.
Ал жоғарыда сипаттамасын тапқан осын­дай деструктивті, кей жағдайда тіпті радикалды исламдық ағымдардың белсенді әрекеті елдің ұлттық өзіндік ерекшелігінен айырылып қалу қаупіне апарып соғуы мүмкін. Ол ең алдымен діндар жұрт­шы­лық­тың біздің төл қазақ дәстүрлерінен бас тартып, оны жоққа шығарып, фунда­мен­талды және радикалды идеялардың күшеюінен көрінісін табады. Сондықтан да мемлекеттің алдында тұрған басты мақ­саттардың бірі - қоғамымызда діни процес­тердің саясаттануына жол бермеу.

Мадина БЕКТЕН,
Дін істері агенттігі
мәдениеттер мен діндердің
халықаралық орталығы
талдау жұмысы бөлімінің
аға ғылыми қызметкері

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3243
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5395