Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2979 0 пікір 8 Қазан, 2012 сағат 13:29

Қазақ елiн төс қалтасының түбiне салып алдым деп санаса, Ресей билiгi қатты қателеседi!

Айдос Сарым, саясаттанушы: Қазақстанда Кедендік одақ, Еуразиялық одақ сияқты ұғымдар айтыла бастағалы қоғамда түрлі пікір қалыптасты. Билік жағы негізінен Ресейдің жетегінде жүретін мұндай ұйымдар мен одақтарды тиімді деп санаса да қоғам олай деп есептемейді. Себебі, мәселенің түп төркінін қоғамнан ешкім де жасырып жаба алмайды.
Халық ұлт мүддесін қорғауда жұдырықтай жұмыла алатынын уақыт өткен сайын дәлелдеп келеді. Соның бірі - ел азаматтарының бастамасымен көтеріліп жатқан референдум өткізу мәселесі. Бұл тегіннен тегін көтеріліп отырмағанын дос та, дұшпан да түсінуі керек. Неге дейсіз ғой. Себебі төмендегідей... Қоғамдық сана интеграцияның балама сценарийлерiн қош көрмейдi. Рас, Қазақстан Ресеймен арада ұзақмерзiмдi қарым қатынас орнататын да шығар. Бiрақ, менiңше, оған жету үшiн кемiнде 20-30 жыл уақыт керек. Ол үшiн Ресейдiң өзi өзгерiп, мүлде басқа мемлекетке айналуға тиiс. Ресейлiк саясаткерлер «жұмсақ күш» жайлы мәлiмдемелердi тегiннен тегiн айтып жатқан жоқ. Бүгiнде Ресейдiң ұлы әдебие¬тiнен басқа ешқандай күшi жоқ. Бiрақ әлемнiң ең үздiк авторларын оқу мүмкiндiгi туған қазiргi кезеңде, орыс әдебиетi де көмес¬кiлене бастады.

Ресейдің көзi ашық, көкiрегi ояу, ойлы адамдары мен сарапшылары бiзбен «үлкен көкемiз» болып сөйлесе бастады. Жиырма жыл - өткен тарихты ұмыттыру үшiн жеткiлiктi уақыт деп ойлау ең үлкен қателiк. Еуразиялық интеграция бұл тұтас ұлттың жасаған таңдауы дегендi естимiз. Бiрақ, шын мәнiнде, бұл - ұлттың аз ғана тобының жасаған таңдауы ғана. Дәлірек айтқанда бұл - ештеңенi айқындамайтын, түбегейлі шеше алмайтын таңдау. Осы тұрғыдан алғанда, Кедендiк одақ, Ұжымдық қауiпсiздiк келiсiмшарты ұйымы. Еуразиялық интеграция - мұның бәрi халықты алдаудың бiр түрi. Бұл - әлдеқашан күйреген Кеңес одағының жаңғырығы. 
Бейбiт түрде қош айтысу үшiн мына нәрсенi ұғынған жөн. Бiз өмiр сүрiп жатқан кеңiстiкте бюрократтар немесе жең ұшынан жалғасқан жемқорлық бiрiге алмайды. Ұлттар мен халықтар ғана бiрiгуге қақылы. Бұл жерде нағыз шынайы интеграцияға бiрiгу туралы сөз қозғалып жатқан жоқ. Сондықтан бiз тағы бiр мәрте екiншi сортты ұлтқа айналғымыз келмейдi. Бiз өз тағдырымыз бен ақыл ойымызды, ар намысымызды өзге елге қолдан бергiмiз келмейдi. Тiптi, ол жақын, бауырлас ел болса да. Бұған ешуақытта жол бермеймiз. Бүгiнде референдум туралы бастама көтерiлiп жатқанда оны қос қолмен қолдау керек! Қоғам басқаша әрекет ете алмайтынын көрсетуiмiз қажет!
Өкiнiшке қарай, қазiргi кезде қоғамда ел тәуелсiздiгiн жоғалтып алу туралы қауiп басым. Ащы да болса шындығы осы. Бiрақ, бұл қауiптiң алдын алуға бiздiң мүмкiндiгiмiз бар. Мүлде шарасыз емеспіз. Мемлекетiмiз сыртқы қарызынан құтылып, Кедендiк одақ пен Еуразиялық экономикалық кеңiстiктен де шығамыз. Сондықтан ең алдымен не iстейтiнi-мiз туралы ақылдасып, ортақ келiсiм-пiкiрге келуiмiз керек. 
Мәселен, ресейлiк нарыққа Қазақстанды шығару арқылы Ресейдiң көксегенi не екенiн анықтап алуымыз қажет. Сондықтан, Қазақстан мен Ресей арасындағы одақтың келешегi туралы қоғам болып көтерiп, ресейлiктермен бұл жөнiнде пiкiр алмасқан дұрыс деп ойлаймын. Қазақ елiн төс қалтасының түбiне салып алдым деп санаса, Ресей билiгi қатты қателеседi! Өйткенi, қазiр қоғам да, ондағы көзқарас, түсiнiк те бұрынғыдай емес. Түбегейлі өзгерген. Кешегi балалар бүгiн ел тiзгiнiн ұстауға жарап қалды. Бұл дегенiңiз өз елiнiң тәуелсiз¬дiгiн Қазақ қоғамы оңайшылықпен бере қоймайтынын көрсете¬дi. Жаңа көзқарастағы, жаңаша ойлайтын осындай ұрпақтың буыны елiнiң ертеңi үшiн жауапты екенiн бiледi. Ұлттың, мемле¬кеттiң мәселесiн Ресей мен Қазақстан билiк өкiлдерiнiң өзара келiссөздерi емес, тек қана осы жаңа ұрпақ буыны шешуге тиiс. Қалай десек те, қоғамның айтқаны мен әрбiр азаматтың таңдауы ескерiлiп, билiктiң мұнымен санасатынына күмән жоқ. Сол себептi соңғы сөздi қоғам болып өзiмiз айтуымыз керек. Сол үшiн бiрлесе, ынтымақта болып, билiкке қатаң талап қоюға тиiспiз!

"Ұлт Times" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434