Сенбі, 23 Қараша 2024
Деп жатыр 2641 0 пікір 25 Наурыз, 2022 сағат 13:08

Бақытты Қазақстан һәм бақытсыз Тәжікстан

Жыл сайын әлем елдері арасында түрлі рейтингтер жасалады. Оның ішінде қауіпсіздік деңгейі, азық-түлік тапшылығы мен ауыз су сапасы, бақыт индексі, білім және денсаулық сақтау саласындағы сапа мен деңгей және т.б.

БҰҰ әлем бойынша бақытты елдерге қатысты баяндаманы әзірлеп, жариялады. World Happiness Report-2022 рейтингі бойынша Орталық Азия елдеріне қатысты да зерттеу жүргізілген.

Рейтингке сай Тәжікстан биыл Орталық Азиядағы ең бақытсыз ел атанды. Ол 146 елдің ішінде 83 орынды иемденген. Бір жыл бұрын Тәжікстан 78 орында тұрған болатын. Бір жыл ішінде бес позицияға төмендеп кеткен. Ол он баллдық есептеу жүйесінде 5,377 балл алған.

Орталық Азия бойынша бақыт индексінде ең жоғары орынды Қазақстан иемденді. Ол рейтинг бойынша 40 орында тұр. Өзбекстан 53 орын, Қырғызстан 64 орын, Түркіменстан 78 орынды алыпты. Ал бақыт рейтингінде Украинаға соғыс ашқан басқыншы Ресей 80 орынға жайғасыпты.

Бақыт рейтингін анықтауда алты түрлі өлшем есепке алынады. Оның ішінде халыққа шаққандағы ІЖӨ мөлшері, әлеуметтік көмек көрсету, өмір сүру ұзақтығы, халықтың шешім қабылдаудағы еркіндігі, жемқорлықпен күрес деңгейі. Рейтингке қарап жыл сайын мемлекеттік саясаттың бағыты мен көзқарасын анықтауға, экономикалық дамуын аңғаруға болады.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391