Жұма, 22 Қараша 2024
Аласапыран 3878 23 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 13:39

Аймағамбетовтің доғарысқа кетуін талап етуде

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы!

А.Аймағамбетовті Білім және ғылым министрі қызметіне қайта тағайындау туралы Сіздің шешіміңізге ата-аналар және педагог қауымының, Қазақстан Республикасының азаматтарының, яғни Біздің  көңіліміз толмайды.

Біз Оны қызметінен босатуды талап етеміз, себебі Министр өз өкілеттіктерін орындай алмайды, ғылыми-педагогикалық қоғамдастық пен ата-аналардың сенімін жоғалтты деп санаймыз.

БҒМ жүйесінде сыбайлас жемқорлық, жұмыстың құлдырауы, бюрократия, деректерді бұрмалау, ел басшылығынан және қоғамнан деректерді жасыру орын алуда.

Оқу сапасы төмендеуде. PISA-ның соңғы зерттеуінің нәтижесі бойынша қазақстандық оқушылар әлемнің 100 елінің арасында 96-шы орында тұр. Ангола, Камерун, Камбоджа, Судан рейтингінде біздің елмен қатарлас. "Оқушылардың жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаның" жаһандық рейтингінде Қазақстан Ливан мен Мьянманың арасына орналасып, оқушылардың білім сапасы бойынша әлемнің 73 елінің арасында 70-орынды иеленді.

Сонымен қатар, ресми табельдерге жоғары баға қойылуда, ал ата-аналар мектеп оқушыларының орфографиялық қателіктерсіз 4 сөйлем жаза алмайтындығын және картада 10-сыныпта жақын шет елдерді көрсете алмайтындығын байқады.

Ал математика, физика, тарих және басқа пәндер туралы білім деңгейін айтпаса да болады.

Министрліктің нөлдік сыныптан бас тарту және жеті жасқа дейінгі балаларды бірінші сыныпқа қабылдауы үлкен қателік болды, бұл балалардың мектепке дайындығын нашарлатты.

Оқулықтар сауатсыз құрастырылған, оқу бағдарламаларындағыдай, олардың қателері жетерлік. Тақырыптары ашылмаған, бағдарламалар қысқартылған және бір-біріне қайшы келеді, мысалы, бірінші сыныпта грамматикада балалар тек оқуды үйренеді, ал ағылшын тілінде олар мұны үйренбей жатып өздігінен орындай алуы керек. Жаңа пәндерді енгізгеннен кейін балалар материалды меңгеруге жеткілікті уақыттары жоқ және  жасына сәйкес емес қажетсіз ақпараттар жүктелген.

Айқын сәтсіздіктерге қарамастан, министр өзінің жақын адамдарына 15 миллион теңге мөлшерінде сыйақыны қоса алғанда, ірі сыйлықтарды үлестіріп беріп отыр. Қоғамдық баяндамаларында ол білім берудегі нақты жағдайды жасырып, деректерді басқарып, мұғалімдердің жалақысын көтеруді қамту арқылы елдің жоғары басшылығының еңбегін иемденді. Бізге түскен ақпарат бойынша Министрлік бюджетінен Аймағамбетовтың тұлғасын дәріптеумен, оны медиа және әлеуметтік желілерде жарнамалаумен айналысатын бірқатар жарнамалық фирмалар қаржыландырылатыны белгілі болды.

Оқу орындарында да қалыпсыз жағдай туындап отыр, мектеп басшылығы бақылау мен шектеулердің жаңа әдістерін ойлап табуға аса көп көңіл бөлуде. Биометрия, камералар, медициналық сынақтар, маскалар. Оқушылар және ата-аналармен диалог орнатудың орнына оларды вакцинациялауға мәжбүрлеу және қорқыту арқылы өте зиянды атмосфера құрып отыр. Мектеп режимдік объектіге және ауруханаға айнала бастады, бірақ білім алушыларға бұл шаралар қауіпсіздікті мүлдем қамтамасыз ете алмады.

По официальным данным по городу Нур-Султан в 2021 году было 97 суицидальных происшествий среди несовершеннолетних, из них 11 завершённых. Масштабы суицидов в стране скрываются от родительской общественности. А школьные психологи не оказывают помощь, а «информируют» учащихся о способах как свести счеты с жизнью.

Мектеп ғимараттары пайдалануға айтарлықтай нормаларды бұзушылықтармен тапсырылуда. Қарапайым өртке қарсы нормалар және санитарлық нормалар жаңа объектілерде қарастырылып, пысықталмаған. Көптеген қалалардағы бақылаушы ата-аналар осы мәселелерді көтеріп жатыр. Бірақ БҒМ әрқашан да саңырау және соқыр кейіп танытып отыр.

Мұғалімдердің де жағдайы нашар. Соңғы жылдары мұғалімдер қажетсіз қағаздарды толтырумен айналысып келеді. Функционалдық сауаттылық ұғымын енгізу оқушылардың білімін ең төменгі дәрежеге түсірді. Мұғалімдерді аттестаттау, тұрақты курстар, мұғалімдердің портфолиосы, ешкімге  қажеті жоқ эсселер, мұғалімнің жетістіктері мен тәжірибесінен жоғары бағаланатын тесттер, жазбаса жұмыстан айрылу  және ұстаз мәртебесін жоғалту қорқынышымен ақылы мақалалардың жарияланымдарын өз есебінен жазу, мұғалімдердің тұрақты есеп беруі және көзбояшылық мұғалімдер мен оқытушылардан балалардың толықтай білім алуға мүмкіндігін жойды.

Елдегі жоғары білімнің жағдайы да мүшкіл. Қазіргі нақты мақсат - студенттердің білім сапасын арттыру емес, Министрлік бақылауды күшейту. Министр өзіне ыңғайсыз жоғары оқу орындарымен арнайы күрес жүргізуде. Қазіргі таңда бұл университеттердің мыңдаған студенттері көшеде қалды. Әсіресе I-II курс студенттері зардап шекті. Министрдің барлық студенттердің басқа оқу орындарына ауысқаны туралы сөздері өтірік! Көптеген студенттер үшін басқа университеттердегі төлем мөлшері тым ауыр болды және олар шағымдарынан бас тартуға мәжбүр болды, осылайша NEET (оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар) жастар қатарын толықтырды.

Қаңтардағы қайғылы оқиғалар кезінде, білімсіз жастар көшелерге шыққаны, соның ішінде білім беру саласының құлдырауының жемісі екеніне сенімдіміз. Алматы қаласында тонаушылар арасында  жұмысқа орналаспаған студенттер, жастар және кешегі түлектер көп болды (растау: желілердегі видео).

Барлық осы «реформалар» оқыту сапасын жақсартпады. Біздің жоғары оқу орындары түлектерінің жартысы тіпті дәрігер сияқты сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқуын аяқтағаннан кейін жұмысқа орналаса алмайды. Көршілес Ресейде, мысалы, Омбыда, мұндай «проблемалық» түлектердің үлесі тек 20%-ды құрайды. Қазақстандық жастардың шетелдік жоғары оқу орындарына кетуінің артқаны таңқаларлық емес, ол туралы деректер 2019 жылдың қорытындысы бойынша Еуразиялық экономикалық комиссияның баяндамасына енді, онда студенттердің «экспортының» жалпы көлемінде Қазақстанның үлесі 67%-ды құрайды деп айтылған. Бұл Ресей, Қырғызстан, Армения және Беларусьтен көп.

Аймағамбетов білім беру саласын жүйелі түрде құлдыратып келеді. Соңғы кезең - университеттер мен мектептерді  жекешелендіруге және коммерциялық қажеттіліктерге қайта бейіндеуге алғашқы қадам болып табылатын сыртқы ұйымдарға «басқаруға» беру. Петропавл СҚМУ қазірдің өзінде жыныстық-азшылық топтарды қолдау бағдарламалары мен насихатымен ғана танымал Аризона университетіне табысталуда. «Аризона» жобаларын қаржыландыруға 30 миллиард теңге бюджет қаражатын жұмсау жоспарлануда.

Білім министрі Аймағамбетов сұхбатында Мәскеуде болған кезінде кейбір «достарымен» гей-парадқа барғанын мойындады. Жастармен жұмыс істеуге жауапты министрдің мұндай байланыстары мен моральдық қағидаттарына жол берілмеуі тиіс.

Аймағамбетовтың мансабы «Аңсар Лигасы» бақылаудағы қозғалысына және жеке өзіне ондаған мың доллар бөлген американдық «Сорос Қорының» қолдауымен көтерілгені де алаңдатады. Сонымен қатар, болашақ министр мемлекеттік қызметші бола отырып, күмәнді сылтаулармен шетелдік гранттар алған. Ол Ресей Федерациясында тыйым салынған иноагенттер мектебінің («Азаматтық ағартушылық мектебі») түлегі, онда түрлі – түсті революцияның көптеген жетекшілері оқыған. Оқу барысында Аймағамбетовты Орталық Барлау Басқармасының (ЦРУ) болашақ директоры Уильям Бернс басқарғаны да белгілі болды.

Шенеуніктің шетелдік ақшаны алуы ғана емес, сонымен қатар білім саласында төмендегідей үздіксіз сыбайлас жемқорлық жанжалдары да сұрақтар туындатады:

1) «Казинтерсервис» компаниясы мен оның еншілес ұйымдарына қашықтықтан оқыту кезеңінде компьютерлік техниканы сатып алуға 43 миллиард теңге аударылды. Белгілі болғандай, техника жоғары бағамен сатып алынған. «Казинтерсервис» компаниясының басшысы қазіргі уақытта тергеу үстінде, еліміздің алты өңірінде қылмыстық іс қозғалды. «Казинтерсервис» кірістерін арттыруға министр А.К. Аймағамбетовтың 2020 жылғы 2 наурызда қол қойылған №79 бұйрығы себеп болды.

2) Үштілді білім беру моделін енгізу бағдарламасы бойынша еліміздің педагогтерін даярлауға жұмсалған қаражаттың барлық көлемі - 6,7 миллиард теңге «Ұстаз» ЖШС-не аукционсыз берілді. Шағын жеке компания (барлығы 20-50 жұмыс орны) еліміздің барлық педагогтарын осы бағдарлама бойынша оқытып шығарды. Бағдарламаның өзі сәтсіз болып шықты.

3) «Жасмаман «техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін жаңғырту» бағдарламасы бойынша «Soprano Group» фин компаниясына 1,2 миллион доллар аударылды. Олар 2020 жылдың сәуір айында Қазақстанның 200 оқу орнын тексеруге тиіс еді, дегенмен елімізде төтенше жағдай режимі (қатаң карантин кезінде) қолданылған болатын. Міндеттемелер, әрине, орындалмады, ақша қайтарылған жоқ.

4) «Балдәурен» РМҚК-не 2020 жылы пандемия кезінде дарынды балаларға арналған бұқаралық іс-шараларды өткізуге 3,3 миллиард теңге бөлінді. Карантинді ескере отырып, қаражат бөлу сылтауы ақылға сыйымсыз және мазақ болып көрінеді.

Министрдің «таза еместігі» туралы оның докторлық диссертациясының жалған екендігі туралы ақпарат та айтады. Министрдің жұмысында плагиатты растаған шетелдік сарапшылардың қорытындылары жарияланды. Ақпарат жоққа шығарылмаған және ғалымдардың ешқайсысы күмән тудырмайды.

Осы фактілердің негізінде ата-аналар мен педагогикалық қоғамдастық Білім министрі Аймағамбетовтың жеке басына сенімсіздік білдіреді.

Сізден саяси ерік-жігер танытуыңызды және мемлекеттік және саяси лауазымдарды атқаруға тыйым сала отырып, ҚР Білім және ғылым министрі А.Аймағамбетовті тез арада отставкаға жіберуді сұраймыз. Сондай-ақ, оның ведомстводағы сыбайлас жемқорлық процестеріндегі жеке рөлін және оның күмәнді шетелдік байланыстарын тергеу қажет деп санаймыз.

Мұндай жағдайлардың алдын алу үшін жаңа басшылықпен біздің, ата-аналар мен мұғалімдердің, балаларымызды оқыту процесін талқылауға және жоспарлауға қатысқымыз келеді, ұсыныстар айтқымыз келеді және мемлекет тарапынан тыңдалуымыз және біздің пікір ескерілу қажет деп санаймыз.

Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы, сіз халық үніне құлақ асатын мемлекет құрып жатырсыз, ал  енді өз халқыңызды тыңдаңыз. Білім министрін отставкаға жіберіңіз!

Құрметпен,

ата-аналар және педагогикалық қоғам, Қазақстан Республикасының азаматтары

Ескерту: Abai.kz еркін ақпарат алаңы. Мұндай ой жарыстырып, пікір таластыруға Қазақстаның кез келген азаматы құқылы. Аталған мақала редакциямыздың электрондық поштасына Жанұзақ Әкімнен келіп түсті. Жоғарыдағы мақала редакция ұстанымын білдірмейді.

Abai.kz

23 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308