Жұма, 22 Қараша 2024
Алаң 3157 16 пікір 28 Наурыз, 2022 сағат 14:39

Жат ел үшін қаза болған қандастар

Украина соғысына бір айдан асты. Ресей алдыңғы шепке мыңдаған сарбазын аттандырып жатыр. Қолға түскен, қаза тапқан сарбаздар жайлы фото және видео дәлелдемелерді Украина тарапы күн сайын шығаруда. Ресей соғысқа титулды өзге ұлт өкілдерін де аттандырып жатыр. Қолға түскен және қаза тапқандар арасында қазақтар да жетерлік. Олардың басым бөлігі Астархан және Омбы аймағынан. Әлеуметтік желіде жарияланып, қаза тапқаны жайлы нақтыланған азаматтардың тізіміне көз жүгіртсек: 

Астархан аймағының тумасы Айнұр Нұрмақов. 1999 жылы өмірге келген. Ол 12 наурызда Украина жерінде қаза тауыпты.

Возможно, это изображение (1 человек, цветок и текст)

Астархан аймағының тағы бір тумасы Рысбек Нұрпейісов. Украинада қаза тапқаны жайлы ақпарат бар. Нақты қай күні және қай жерде қаза тапқаны туралы дерек жоқ.

Возможно, это изображение (1 человек и военная форма)

Украинада қаза тапқан қазақтың бірі - Темірлан Жасағұлов. Оның қай жерде оққа ұшқаны айтылмайды.

Возможно, это изображение (1 человек)

Қаза тапқан Сағындық Құдайбергенов Омбы облысының тумасы.

Возможно, это изображение (1 человек и текст)

Әли Батыров Астархан аймағының тумасы. Ұлты қазақ деген ақпарат бар.

Возможно, это изображение (1 человек, стоит и военная форма)

Арман Нарымбаев та Астархан аймағының тумасы. Украина жерінде оққа ұшқаны жайлы ақпарат бар.

Возможно, это черно-белое изображение (1 человек)

Нариман Молдашев та Украина жерінде қаза тапқан қазақ баласы деген ақпарат бар. Саратов аймағының тумасы.

Возможно, это изображение (1 человек)

Марат Халитов Орынбор аймағының тумасы. Украина жерінде көз жұмған, ұлты қазақ деген ақпарат бар.

Возможно, это изображение (1 человек и текст)

Жоғары әскери шенділердің ішінде ұлты қазақ, майор Азамат Алинов та бар. Ол Омбының тумасы.

Возможно, это изображение (1 человек и стоит)

Ресей бастаған басқыншылық соғыста қаза тапқан қазақтардың саны 14 адам деген ақпарат бар. Алайда одан көп болуы да мүмкін. Желі қолданушылары «басқыншылықты қолдаушылар» деп айыптап пікір білдіріп жатыр. Алайда «бұйрық қатты, жан тәтті» деген позицияны ұстанушылар да бар.

Ресей алдыңғы шепке сақа, башқұрт, шешен және татар ұлттарын да жіберуде. Қолға түскендер арасында аталмыш ұлт өкілдері жетерлік. Осылайша, Кремль өз аумағындағы саны аз ұлттардың ерлерін қасапханаға мақсатты түрде аттандырып жатқандай.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

16 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5308