КСРО-ның әскери билеті қолданыста жүр
Қызыл жұлдызды әскери билетті көрген адам «Кеңес Одағы кезінде Отан алдындағы борышын өтеген болар» деген ойда қалары сөзсіз. Бірақ бір топ құжат ішінен қолға түскен әскери билет 2003 жылы берілген екен. Көріп көзіміз шарасынан шықты. Неге Отан алдындағы борышын өтеген Қазақстан азаматтарына ондаған жылдар өтсе де қызыл әскери билет беріліп келген?
Қызыл құжат сыртында «СССР, Военный билет, Министерство обороны» деп жазулы тұр. Бұл -Кеңес Одағының құжаты. Билет 2003 жылы берілді десек, тәуелсіз Қазақстанда 10 жылдан астам уақыт бойы неліктен әскери билет жасалмаған? Әр бетіне балға мен орақ суреті басылған билет неге күні бүгінге дейін қолданыста жүр? Сұрақтар сан түрлі, бірақ бұл мәселенің жауабын жергілікті әскери қызметкерлер айта алмады. Ал әскери билет иесі Сұлтанбек Молбаев: «Біздің топтағы барлық сарбаздарға қызыл билет берілді. Бірақ тәуелсіздіктің нақышы бар өз әскери құжатымыздың болғаны жақсы еді» дейді.
Тәуелсіз Қазақстан азаматтарының өз төлқұжаты, жеке куәлігі бар. Кейбірі сан мәрте алмасты. Тек ер-азаматтардың өз жерінде Отан алдындағы борышын өтеп, «СССР» деген жазбасы бар әскери билетпен жүргені қорғаныс саласына сын емес пе?!
Алтынай САҒЫНДЫҚОВА
Ақтөбе
"Айқын" газеті