Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3407 3 пікір 11 Сәуір, 2022 сағат 14:01

Қазақ еліне төнетін қандай қауіптер бар?

Әлеуметтік желіні шектейміз деген саясаткерлер бірінші кезекте Ресейдің саяси мүддесін қорғауда.

Қасақана жасай ма, әлде білместік пе, бірақ негізгі ұтатын жақ көршілеріміз.
Олай деп айтуға қандай негіз бар:

Желіні шектесе, Теледидар әсері күшейеді. Біздің жергілікті арналар көршілерге қарағанда аудиториясы аз, және көрермен қызығушылығы төмендеу.

Сол себептен амал жоқ Ресей хабарларын көруге мәжбүр болады.
Фейсбук, Ютуб , Твиттер Қазақстанға келіп тіркелуге асықпайды. Олар тек ірі мемлекеттерге барады. Барлық 180-200 мемлекеттерде офис асшуға мүмкін емес. Ал Ресейдің ВКонтакте, МейлРУ , Одноклассники , Яндекстері келуге дайын. Сонымен қоса уже казір Инстаграмдағы сурет жазбаларды өз рессейлік арналарына көшіріп беретін сервис жасаған. Жақын арада бірінші болып офистарын ашады деген божам бар.

Желі шектелсе қазақ тіліндегі сауатты жаңаша контент азайяды. Себебі әлеуметтік желі арқылы талай жаңаша ойы бар авторлар шыға бастады. Әсіресе тәуелсіз ашық көзқарасын айта білетін, қоғамға тікелей әсер ететін.

Бұған уқсас Zаң алдымен Ресейде қабылданды. Оларда мақсаты сол тәуелсіз еркін ақпаратқа, ойға, пікірге жол бермеу. Сол Zаң арқылы Ресейде Фейсбук Инстаграм бұғатталды. Текс өздерінің желілері немесе Теледидары. Ақпараттық алаң еркін ойдан азат пікірден таZaртылды.

Қазақстанда әлеуметтік желіні бұғаттауға неге мүдделі көршілеріміз? Оны Украинадағы соғыс байқатты. Желіні көп пайдаланатын қазақстан аудиториясы украин халқын көп қолдайды. Теледидар көретіндер көбісі Рессей жағында. Бұл ақпараттық соғыстың жалғасы

Көршілеріміздің "ағалық қысымымен" қабылдауға ұсынған шешімдер екенін бір дәлелі - біздің Мәжіліс депуттартары ұсынған Zаң жобасы Думаның қабалдаған Zаң көшімесі сияқты. Пайдаланватын құқықтық құралдары, терміндері бірдей.

Украинадағы соғыс әлеуметтік желінің ақпараттық қақтығыста мықтылығын байқатты. Біжақты ұстанымын тықпалайтын Пропагандалық Телеарналар әлеуметтік желіге қарсы тұра алмайды. Сол себептен ескіше ойлайтын саясаткерлердің шешімі - қарсыласын бұғаттау. Соғыстың бірінші құрбаны ШЫНДЫҚ деп босқа айтпаған.

Біздің билік үлкен қауіптің алдында тұр. Егер біздің әлеуметтік желіні рессейдің идеологиясына жығып берсе , оған төтеп беретін Тәуелсіз өз ақпараттық арналары дамымаған. Сонда біздің азаматтар көбісі көршінің саясатына , геосаяси ұстанымына сенетін қолдайтын болады. Сырттан басқаруға оңай болады, еш әскер кіргізбей ақ.

Казір Сенатта әлеуметтік желіні бұғаттауға жол беретін Zаң жобасы қаралуда.
Тағы да Сенат депуттатарына айтарым Қазақ Елінің Тәуелсіздігіне нұқсан келтіруге жол бермеңіздер. Заңды тоқтату керек. Президент Тоқаев саяси реформалар жайлы жақсы бастамалар жәриялады. Оны көпшілік қоғам қолдады.

Менің ойымша бұл бастамалар "ЕСКІ КАЗАХСТАНГА" қайтарғысы келеді, Президент Тоқаевтің жаңа бастамаларына қарсы саяси топтардың әрекеті.
Бір қолмен саяси басекелестік бастап екінші қолмен ақпараттық ашықтықты шектеу бір біріні қарсы ұстанымдар.

Мемлекет басшысы бастаған "Жаңа Қазақстан" идеологиясына мұлдем сәйкес келмейтің ескі көзқарастағы Zаң жобасы.

Керісінше Президент Тоқаевтің халыққа ұсынған "Жаңа Қазақстан" идеологиясын іске асыру үшін бізге әлеуметттік желіне кең пайдалану керек. Жастардың 87% теледидар мүлдем көрмейді. Қайтаддан оларды мәжбүрлеп көгілдір экраннын алдына отырғыза алмаймыз. Сол себептен мемлекет тарапынан Әлеуметік желіге арнап жаңа контент шғару керек. Баскелестікке төтеп бере алатын ұлттық мүддені алға қаятын сауатты дүниелер жасауға мемлекеттік мүмкіндікті бағыттау керек.

Мұрат Әбенов

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1472
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3248
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5434