Сенбі, 23 Қараша 2024
Асқанға - тосқан 3589 11 пікір 15 Сәуір, 2022 сағат 12:56

Мәсімовтың ендігі тағдыры не болмақ?

ҚР ҰҚК бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовті және оның екі орынбасарын қамауда ұстау мерзімі тағы да ұзартылды. Бұл туралы ҰҚК мәлімдеді.

«Мәсімов пен Садықұловты қамауда ұстау мерзімі 2022 жылдың 6 мамырына дейін, Ерғожин – 2022 жылдың 8 мамырына дейін ұзартылды», - делінген хабарламада.

«Мемлекетке опасыздық жасау» бабы бойынша күдікке ілінген Мәсімовтің тергеу изоляторында отырғанына 3 айға жуық уақыт болды. Тергеу барысында оның мүліктері тәркіленген болатын. Ал, қазір бұрынғы ҰҚК төрағасы мен оның екі орынбасарына қатысты қылмыстық іс - Қылмыстық кодекстің бес бабы бойынша тергеліп жатыр.

Сонымен қатар жуырда Мәсімовтің «денсаулығы нашарлады» деген жаңалық тарады. Оның тергеу ісіне қатысты «аса құпия» деген мөр басылып, бұл жағдай «Сотқа дейінгі тергеп-тексерудің басқа да деректері қылмыстық іс жүргізу кодексінің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды» деп түсіндірілді. Осылайша дәл қазіргі уақытта Мәсімов туралы ақпараттардан қоғам мен журналистер шеттетіліп қалды.

Kz.expert сараптамалық порталы: «Мәсімовтің жақын адамдары, достары, қол астында істегендер тарапынан бұрынғы ҰҚК басшысы туралы бірде-бір нәрсе жариялағанын көрмедік, тек бұрын ҚР Үкіметін екі рет басқарған адамды көпшілік алдында қорғайтын бір ғана интернет-ресурсты таптық. Бірақ, бұл күмәнді сайт қалың жұртшылықты қызықтыруы екіталай. Біздің ойымызша, бұл сайттағы жалғыз құнды ақпарат - Мәсімовті қорғаған шетелдік саясаткерлер мен қайраткерлердің тізімі», - деп жазады.

Мәсімов кезінде Қазақстанның ең беделді адамының бірі болды, экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жақын серігі әрі қолында ел тағдарын шешетін билігі болды. Бірақ, қазір оның арқа сүйер жанашыры қалған жоқ.

«Кәрім Мәсімовтің қамқоршысы саналатын экс-президент оған неге опасыздық жасады деген сұрақ туындайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәсімовті жұмыстан шығарып қана қоймай, оны мемлекеттік сатқындық жасады деп айыптауға да мүмкіндік берді (бірақ біз бұған сенбейміз, бұл туралы осы тақырыптағы бұрынғы жарияланымдарда бірнеше рет жазған болатынбыз)», - дейді сараптамалық портал.

Kz.expert айтуынша, экс-президент Назарбаевтың тергеліп жатқан немере інісі Қайрат Сатыбалды «Қазақтелеком» АҚ-ның ірі пакетін мемлекетке тегін қайтарып берді, яғни Кәрім Мәсімовтің тағдырындағы шешуші фактор – оның байлығы.

«Гонконг пен Сингапурда жасырылған, ҚР ҰҚК экс-төрағасының адамдары басқарған бірнеше миллиард АҚШ доллары Нұрсұлтан Назарбаевқа, дәлірек айтқанда ол көрсеткен адамдарға қайтарылмаған сияқты. Осы мәселені шешу үшін Елбасы Қасым-Жомарт Тоқаевқа Кәрім Мәсімовті тұтқындауға рұқсат берді. Оған «қаңтар оқиғасы» жақсы себеп болып кетті. Мүмкін, өзі қамаққа бастамашы болған шығар.

Өйткені Назарбаевтың жақын көмекшілерінің қайсысы көрінбей кеткенін байқауға болады. Бұл адам қазірдің өзінде Гонконгта орналасқан, онда ол ірі активтерді ұстаушы компанияны басқарып отырған болуы мүмкін немесе жақын арада беделді инвертор ретінде сол жақтан табылып қалады. Егер осылай болса, Мәсімовтің бостандыққа шығу мүмкіндігі күрт төмендейді. Сөзіміздің дәлелі ретінде Назарбаев кланының ықпалды мүшесі болған Рахат Әлиевтің қайғылы тағдырын еске түсіруді ұсынамыз», - деп болжам жасалды сараптама мақалада.

Abai.kz

11 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1482
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5475