Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3339 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 08:24

Сенат депутаттары: Үкімет көші-қонға көңіл бөлсін!

Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ. Бақтиярұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына көші-қон мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады.

 

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

 

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндері-ақ   Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев тағдырдың жазуымен әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген  қандастырымызды  тарихи Отанына көшіп келуге шақырған болатын. Елбасы тарапынан бұл үшін аса зор қамқорлық та жасалды. Арнайы заң да қабылданды. Соған сәйкес жыл сайынғы этникалық көші-қон квотасының  саны 20 мың отбасына дейін жетіп, 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» бағдарламасы да  қабылданып, жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде  аз уақыт аралығында 1 миллионға жуық қандасымыз Ата қонысқа оралып,  еліміздің  өсіп өркендеуіне, мәдениетіміз бен ана тіліміздің дамуына зор үлестерін қоса білді.

Бұл саладағы  жиырма жылдан астам кезеңнен бергі атқарылған  жұмыстарды талдау барысы көрсетіп отырғанындай, оралмандарға қатысты әлі де көптеген мәселелерді  бір  жүйеге түсіру қажет сияқты.

Сенатта өткен жалпы отырыста депутат Қ. Бақтиярұлы Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметовтың атына көші-қон мәселесі жөнінде депутаттық сауал жолдады.

 

 

Құрметті Серік Нығметұлы!

 

Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған алғашқы күндері-ақ   Тұңғыш Президентіміз, Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаев тағдырдың жазуымен әлемнің әр түкпірінде тарыдай шашырап жүрген  қандастырымызды  тарихи Отанына көшіп келуге шақырған болатын. Елбасы тарапынан бұл үшін аса зор қамқорлық та жасалды. Арнайы заң да қабылданды. Соған сәйкес жыл сайынғы этникалық көші-қон квотасының  саны 20 мың отбасына дейін жетіп, 2009-2011 жылдарға арналған «Нұрлы Көш» бағдарламасы да  қабылданып, жүзеге асырылды. Соның нәтижесінде  аз уақыт аралығында 1 миллионға жуық қандасымыз Ата қонысқа оралып,  еліміздің  өсіп өркендеуіне, мәдениетіміз бен ана тіліміздің дамуына зор үлестерін қоса білді.

Бұл саладағы  жиырма жылдан астам кезеңнен бергі атқарылған  жұмыстарды талдау барысы көрсетіп отырғанындай, оралмандарға қатысты әлі де көптеген мәселелерді  бір  жүйеге түсіру қажет сияқты.

1. Ата жұртқа оралған ағайындарды  қоныстандыру аймақтардың әлеуметтік - экономиқалық сұраныстарының  ескеруінсіз жүзеге асырылып келе жатқан сыңайлы. Мысалы, Түркменістаннан келген оралмандардың 79 пайызы бір ғана Маңғыстау өңіріне қоныстанған.  Осылайша оралмандардың онсыз да халқы тығыз қоныстанған немесе табиғи климаттық жағдайы қолайлы болып келетін өңірлерге, не болмаса әлеуметтік-экономикалық даму  деңгейі жоғары аймақтарға жаппай  қоныстандырылуы кей жағдайда осы өңірлердің әлеуметтік шиеленісін ушықтыратын жағдайға әкеліп те жүр.

Осыны ескере отырып, алдағы уақытта елге оралатын  қандастарымызды өңірлердің әлеуметтік-экономикалық  сұраныстарын зерттеп барып, оңтайлы қоныстандыру  мәселесін мемлекеттік тұрғыдан шешудің арнайы бағдарламасын жасау қажет деп білеміз.

2. Қазіргі уақытта мемлекеттік кош-қон квотасы мүлдем берілмейтін болды  деуге болады.  «Нұрлы Көш» бағдарламасы да аяқсыз қалып барады. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасына сай оралмандарға қолдау көрсету мәселесі реттеледі дегенмен, бұл мәселе де әлі белгісіз болып тұр.

Көші-кон мәселелерін кешенді  шешу үшін онымен тікелей айналасатын мемлекеттік басқару органдарының іс-қимылы үйлестірілмей келеді. Көші-қонмен айналысатын  уәкілетті органның жиырма жыл ішінде   төрт рет ауысуы бұл маңызды мәселелер бойынша шешімдер қабылдаудағы сабақтастық пен бірізділіктің болмауына  алып келді. Нәтижесінде қоныс аудару шараларына бөлінген қыруар қаражат талан-таражға салынып,  сыбайлас жемқорлық көріністері де орын алды. Алдағы уақытта  мұндайды болдырмас үшін  көші-қонға  қатысы бар мәселелерді үйлестіріп, шешіп отыратын нақтылы бір орталық немесе қоғамдық кеңес құру қажет деп есептейміз. Тіпті алдағы уақытта шет елден көшіп келетін қандастырымыздың қазақстандық қазіргі қоғамға тезірек сіңісіп  кетуін қамтамасыз ету үшін бұрынғы «Нұрлы көш» бағдарламасы қайта қаралып, жаңғыртылғаны да жөн болар еді деп санаймыз.

3. Көшіп келген оралмандарды әлеуметтік қолдау жүйесі онан әрі жетілдіруді қажет етеді. Оларды тұрғын үймен қамтамассыз ету  бүгінгі күннің талаптарына сәйкес келе де бермейді. Содан да болар  оралмандардың   шамамен алғанда жартысынан астамының басында баспаналары жоқ. Сондықтан бауырларымызды баспанамен қамтамасыз ету үшін  оларды мемлекететтік тұрғын үй бағдарламасына сай қол жетімді тұрғын үйлермен  қамтамасыз ету тәртібін енгізу қажет.

4. Өркениетті елдер репатрианттардың өз елдеріне қоныс аударуын ең алдымен шет елдерде ұйымдастырады. Оларда  Отанына  көшіп келгісі келетіндердің барлығы алдын ала тізімделеді. Сосын барып,орналастыру мәселелерін толықтай шешіп алып барып қана шақырады. Ал, бізде бұл мәселе әлі күнге дейін өз шешімін таппай отыр.

«Халықтың көші-қоны» туралы Заңда этникалық көшті ұймдастыруды Қазақстанның шет елдегі елшіліктері жүзеге асырады деп атап көрсетілгенімен, бұл үшін  әлі күнге дейін елшіліктерге не қаржы, не арнайы штат бөлінген емес. Бұл жай да шет ел қазақтарының Ата жұртқа оралуының мәселесін барынша қиындатып отыр. Әсіресе,  қазақтар тығыз орналасқан Қытайдың Үрімші, Монғолияның Баян-Өлгей, Өзбекстанның Ташкент, Нөкіс сияқты қалаларынан көші-қон мекемелерінің шағын өкілдіктерін ашуды  уақыт талабының өзі алға тартқандай.

5. Қазақстанға қоныс аударатын оралмандар үшін алдағы уақытта олардың дүние-мүлкінің көлемі мен нарқына да  қармастан кедендік алым - салықтардан босату керек. Сонымен бірге зейнет  жасына жеткен оралмандар үшін Қазақстан Республикасымен зейнетақы жөнінде келісім-шартқа отырмаған мемлекеттен оралған зейнеткерлерді  де ең  төменгі зейнетақымен қамтамассыз  ету, оралмандарға Қазақстан Республикасының азаматығын алу үшін талап етілетін тұрақты тіркеуді алып тастауды заңдастырған дұрыс деп санаймыз.

6. Әлемнің қырықтан астам елінде 5 миллионнан астам қазақ тұрады. Шет елдегі қазақ мәдени орталықтарына қаржылай қолдау көрсету де көңілден шықпайды. Өркениетті елдер шет елдегі ұлттық мәдени орталықтарына бюджеттен арнайы қаржы бөліп, нақты қолдау жасап келеді. Мысалы, Оңтүстік Корея Алматыдағы АДК-ң мәдениет сарайын сатып алып, Корей мәдени орталығына айналдырды. Германия Қазақстандағы неміс мәдени орталықтарына нақты қаржылай  көмек көрсетуде. Міне, осыған байланысты алдағы уақытта шет елдердегі қазақ мәдени орталықтарына қаржылай қолдау жасалғанын дұрыс деп есептейміз. Бәлкім, үнемі қазына қаржысына қол сала бермес үшін, Израиль мен Германияның озық тәжірибесіне сүйеніп,  «Ұлттық көші-кон қорын» құру арқылы да біраз  мәселені шешуге  болатын шығар.

7. Бір миллионнан астам этниқалық қазағы бар ежелгі көршіміз  Ресей мемлекетінде бір ғана қазақ мектебінің болуы да ойлантатын жағдай. Ресми деректер бойынша, соңғы он бес жылдың ішінде 45 миллион халық ішкі Қытайдан Шыңжаңға қоныс аударған екен. Осы  өлкедегі 400-ге жуық таза қазақ мектебінде  2008/2009 оқу  жылынан бастап  сабақтар жаппай қытай тілінде оқытылуда. Көрші бауырлас Өзбекстанда 500-ге жуық қазақ мектебінің жартысы жабылды, қалғандары аралас мектептерге айналып кетті.Мұның өзі бұл елдердегі қазақ этносы он бес - жиырма жылдың айналасында толығымен тілінен де, ділінен айырылады деген қауіпті бір ойға жетелейді.

Құрметті Серік Нығметұлы! Біз көтеріп отырған осы мәселелерге Үкімет барынша жанашырлықпен қарар деген сенімдеміз. Сондықтан да, бірінші кезекте шет елдегі білімді, кәсіби білікті қандастарымызды ата жұртқа  көшіріп алудың осы заманғы және бүгінгі күннің талаптарына сай жауап беретін жаңа жүйесін тез арада жасау керек деп  санаймыз.

 

Құрметпен,

Сенат депутаттары:

Қ. Бақтиярұлы

Ж. Ерғалиев

Б. Баймаханов

Қ. Айтаханов

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5320