Қазақстанда жемқорларды масқаралауға шақырды
Ақмола облысының тұрғындары жемқор шенеуніктердің портреттерін масқаралау тақтасына ілуді ұсынды.
Сауалнамаға қатысқандардың кейбірі тіпті, жемқорларды өлім жазасына кесу керек деген пікір айтты. Айта кетсек, сауалнамаға 2047 облыс тұрғыны қатысты. Тек 47% респондент мемлекетте жүргізіліп жатқан жемқорлықты алдын алу шараларына көңілдері толатынын жеткізді.
Аймақ тұрғындарының пікірінше, жемқорлыққа қатты ұрынған саланың бірі - сот жүйесі. Одан кейін - құқық қорғау органдары. Үшінші орынға халықты еңбекпен қамту және жер қатынастарымен байланысты басқармалар жайғасты.
Сұралған 485 азамат туындаған мәселелерді сый-сыяпат арқылы шешкенін мойындады. Алайда сауалнамаға қатысқандардың басым бөлігі жемқорлық фактілері көбіне шенеуніктердің ұсынысы бойынша орын алатынын айтады.
Дереккөз: nur.kz