Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2819 7 пікір 21 Сәуір, 2022 сағат 12:23

“Жаңа Қазақстан” қашан болады?

“Жаңа Қазақстан” қашан болады?

1) Назарбаев толығымен биліктен кетсе және сол кездегі жемқорлардың бәрі жазаға тартылса;

2) Компартия, Нұр-Отан кезінен келе жатқан шал-шауқанлар лауазымдарынан, Үкімет, Сенат пен Мәжілістен кеткен кезде;

3) Әлемге қарабет болған, бүкіл Жер шары санкция салып жатқан, қанішер hәм агрессор ел Ресеймен барлық Одақтан шығып, Ресейден саяси, экономикалық, ақпараттық, мәдени, идеологиялық, тілдік тәуелсіз алған кезде;

4) Қазақстан сыртқы қарыздарынан құтылып, шетелге алып қашқан заңсыз ақшаның бәрі елге қайтарылып, оффшордағы ақшалардың есебі түгенделген жағдайда;

5) Мемлекеттік қызметте, Үкіметте және квази-мемлекеттік сектордағы орысша шүлдірлейтіндер кетіп, қазақша сауатты сөйлеп, жаза алатындар елді басқарған кезде ғана шын мәнінде “Жаңа Қазақстан” болады. Оған дейін халықты алдайтын популистік идея болып қала береді.

Халықтың көп бөлігі тек тамағын табу мен қарызын жабу үшін жұмыс істейді. “Жаңа Қазақстан” болуы үшін айлығы шайлығына жетпейтін халықтың саны азаюы керек. Әйтпесе, бұндай ертегіге қойым да сенбейді.

Қазіргі өтірік “Жаңа Қазақстанда” бұрынғы биліктегі 90% шенеунік жүр. Сонда оның қай жері “ЖАҢА”? Елде кадр тапшылығы болса, ауруды жасырмай ашығын айтып, қай орынға кім керек екенін жазып, ашық конкурс ұйымдастырсын. Бір шенеуніктің орнына кемі 100 кандидат шығатынына кепілдік беремін.

Нұрлан Жанай

Abai.kz

7 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407