Қытайда «Нью-Йорк Таймс» газетінің сайтына тосқауыл қойылды
Амерканың «Нью-Йорк Таймс» газеті Қытай премьері Вэнь Цзябаоның миллиардтаған доллар байлығы туралы хабар таратып, ресми Бейжіңнің қарсылығына тап болды.
Осыдан бірер күн бұрын Қытай үкіметі аталған басылымның қытайша және ағылшынша сайттарына тосқауыл қойып, мақаланың өзін жалған деп жариялаған. Дегенмен, кейбір бақылаушылардың ойынша, Қытайда байлар мен кедейлер арасындағы алшақтық үлкейіп келеді. Сондықтан, шенеуніктердің дәулеті туралы ақпарат қауіпті. «Нью-Йорк Таймстың» мәліметіне қарағанда, Вэнь Цзябао әулетіне 2 миллиард 700 миллион доллар тиесілі, деп хабарлайды «Қазақстан» ұлттық телеарнасы.
Әйтсе де, Қытай ақпарат құралдары үкімет басшысын «Вэнем әке» деп атайды. Себебі, су тасыса да, жер сілкінсе де, сол ауданға дәл осы премьер-министр бірінші барып, халықты жұбатып отырады.
Дереккөз: ҚазАқпарат