Сейсенбі, 26 Қараша 2024
Жаңалықтар 3597 0 пікір 29 Қазан, 2012 сағат 13:15

Арқанкерген, №11 белгiсiз мәйiт және Қытай армиясы әскерiнiң оғы...

Сейсенбi күнi "Guljan.org" сайты Арқанкергенге қатысты екi маңызды құжатты жария еттi. Бiрi - ҚР Сот-медицина орталығының №107/33 сараптама қорытындысы. Екiншiсi - Бер­лин­дегi "Шарите" құқықтық медицина орталығының сараптамасы. Екеуi де Арқанкергендегi қанды қасап орнынан алынған дәлел-дәйектерге қатысты. Адамның әлде малдың сүйегiнiң өртенген қалдықтары, оқтың гильзалары...

Сейсенбi күнi "Guljan.org" сайты Арқанкергенге қатысты екi маңызды құжатты жария еттi. Бiрi - ҚР Сот-медицина орталығының №107/33 сараптама қорытындысы. Екiншiсi - Бер­лин­дегi "Шарите" құқықтық медицина орталығының сараптамасы. Екеуi де Арқанкергендегi қанды қасап орнынан алынған дәлел-дәйектерге қатысты. Адамның әлде малдың сүйегiнiң өртенген қалдықтары, оқтың гильзалары...

Бұл құжаттардың шекесiне "құпия" деген мөр басылмаған. Сондықтан сараптамалардың сайт қызметкерлерiнiң қолына қалай түскенi, кiм әкеп бергенi аса маңызды емес. Мәселе басқада...Алдымен өзiмiздiң сарапшылардың қорытындысы жөнiнде. Сараптама басталған күнi - 01.06.2012, аяқталған күнi - 08.06.2012. Арнайы комиссияға ҚР Сот-медицина орталығы директорының орынбасары, 1-категориялы маман Р.К Сатыбалдиева жетекшiлiк еткен. Ассистенттерi әрi комиссия мүшелерi - А.А.Аханбекова, Ж.А.Базарбаев және К.Б.Иманәлиев. Бұлар №11 "беймәлiм жанның" қазасының себебiн анықтауға тырысқан. Дәлiре­гiнде, "№11 беймәлiм" деген белгi соғылған пакеттегi өртенген сүйек сынығының ақ-қарасы. Тергеушiлер дәл осы "беймәлiм жанды" жауынгер Денис Рей деуге бейiм-ақ. Бiрақ сараптама оған мүмкiндiк бермептi.Сонымен, комиссия ненi анықтады, ненi анықтай алмады? "№11 мүрденiң қалдығы адамдiкi ме, әлде малдiкi ме?", "Өлiмнiң себебi не, уақыты қай шама?", "Көзi тiрiсiнде қандай жарақат алған?", "Спирттiк iшiмдiк iшкен бе, есiрткi қолданған ба?"... Осындай он жетi сұраққа комиссия жауап беруге тиiс болған.Құжаттың сот-медициналық зерттеу­лер бөлiмiнде жазылған жайтқа назар аударайық. Онда былай дейдi: "Мәйiт қара полимер пакетке салынған. Ашып қарағанда, сүйектiң көптеген сынықтары болды. Бас сүйектiң, жiлiктiң, омыртқаның, қабырғаның, жамбастың сынықтарын байқауға болады және бұдан басқа да белгiсiз сүйектер анықталды. Молекулярлық-геномдық зерттеуге жiлiк сүйегiнiң сынығы алынды".Не себептi жiлiк сүйегiнiң сынығы таңдалды? Өзге сүйек сынықтарына қарағанда аз күйген бе, әлде жiлiк сүйегiн зерттеу оңайырақ па? Бұл туралы айтылмайды.Сот-криминалистiк зерттеуден соң бүй дептi: "...Сүйек қалдықтары сұр және ақ түске енген. Күйiп кеткен­дiктен үгiтiлiп тұр. Сүйек қалдықтарының iшiнен жiлiк сүйегiнiң, тiсi жоқ үстiңгi жақ сүйектiң, күйген тiстiң, түбiрi бар астыңғы жақ сүйектiң сынығы анықталды.Сүйек сынықтарының iшiнен сары-сұр түстi, капсюлсiз, формасы бөтелкеге ұқсаған атылған оқтың екi гильзасы табылды. Гильзалар тергеушiге тапсырылды".Қанша уақыт отта жатқанын кiм бiлсiн, сүйектердiң күлге айналғаны түсiнiктi жайт. Ал ендi "тiсi жоқ үстiңгi жақ сүйек" кiмдiкi? Командирлер жауынгердiң тiсiн санауға тиiстi емес, дегенмен де бұл да көзге көрiнiп тұратын нәрсе емес пе?Сонымен, коммиссия қандай қорытынды шығарды? Жоғарыда айтылған он жетi сұрақтың нешеуiне жауап тапты?"Молекулярлық-геномдық тексеру қорытындысы бойынша күйген сүйек қалдығымен адамның жеке басын анықтау мүмкiн болмады", "...өлiмнiң себебi, уақыты анықталмады", "...спирт­тiк iшiмдiк iшкен-iшпегенi немесе есiрткi қолданған-қолданбағаны белгiсiз". Анықталмаған жайттар осылай жалғаса бередi.Комиссияның анықтағаны бiр-ақ нәрсе. Ол - "мәйiттiң ашық отта 1,5-2 тәулiк бойы жанғаны"."Guljan.org" тiлшiсi комиссияның "шекара бекетi 1,5-2 тәулiк жанған" дегенiне күмән келтiрiптi. Тiлшi әскери прокурор Д.Секеновтiң қаулысына сүйенiп, былай деп жазады: "Қазақстандық мамандардың айтуынша, 36 сағатта немесе бiр жарым тәулiкте мәйiттер күлге айналыпты. Алайда әскери прокурор Секенов қаулысында былай дейдi: "2012 жылдың 29 мамырынан 30-ына қараған түнi сағат екiде посттағылар соңғы рет жағдайды баяндаған. Келесi байланыс 30 мамырда таңғы алтыда болуы тиiс едi".Ең бастысы, жеке авиация эскадрилия командирi, подполковник Ерболат Смағұлов 30 мамырда оқиға орнына тiкұшақпен жеткенiн бiздiң әрiптес­терiмiзге берген сұхбатында былай деп мәлiмдеген: "15:02 сағатта бұйрық жетiсiмен 40 минуттан соң сол жерде болдық. Тiкұшақ бортында Үшарал шекара отрядының өкiлдерi мен әскери полиция бар едi. Алғашқы минуттарда не болғанын түк түсiнбедiк. Лапылдаған от, шатыр-шұтыр, будақтаған түтiн... Осы жерде жаңа ғана соғыс бiткен сияқты әсерде болдық".Подполковник Смағұлов қазiр қайда екен? Өзге бөлiмшеге ауыстырып жiбердi ме? Челахтың сотында оның сөзiн ескере ме?". Бiздiң сарапшылар "сүйек сынығы күйiп кеткендiктен ДНК сараптамасын жүргiзу мүмкiн болмады" дедi. Ал көптi көрген немiстер не iстедi? "Көптi көрген" деп қыжыртып отырған жоқпыз. Азияның бiрнеше елiн цунами соққанда, Жапонияда жер сiлкiнiп, атом электр стансасы жарылғанда мәйiттердi анықтауға осы "Шарите" орталығы көмектесiптi.Немiстерден көмек алу үшiн "қаза болды" деген жауынгерлердiң туған-туыстарынан қан алған. Дәлiрегiнде, Рейдiң, Ақылбаевтың және Именовтiң шешесiнен. Мақтаулы немiстердiң өзi жұмбақ "№11 мәйiттi" анықтай алмапты. Ал "№13 мәйiттi" "Ақылбаевтiкi болуы мүмкiн" дейдi. Кесiп-пiшiп айтпаған, "мүмкiн" деп қана қойған. "№14 мәйiттен" тiптi "бөтен" нәрселер табылғанға ұқсайды. Өйткенi әлгi "бөтен" нәрсенiң қаны алынған аналардың ешқайсысына сәйкес келмейтiнiн анықтапты. Және де оның зертхана қызметкерлерiнен жұғуы мүмкiн емес екенiн айтты. Сонда ол не қылған нәрсе? Бұл да күдiк-күмәндi ойларға жетелейдi.Ендi сынған сүйектер арасынан табылған гильза туралы. "Биiктiгi - 4,2 см., капсюль диаметрi - 1,1 см., мойыны - 0,6 см. Гильзаның сырты қара-сұр түске енген..." дептi сапартама қорытындысында."Guljan.org" тәуелсiз сарапшылардың көмегiмен жеке зерттеу жүргiзiп, әлгi гильза НАТО әскерлерi пайдаланатын оқтың гильзасы емес, Қытай әскерi қолданатын оқтың гильзасы екенiн анықтаған.Журналистер анықтаған нәрсенi сарапшылардың бiлмеуi мүмкiн бе? Мүмкiн емес. Шекарашылардың қолындағы Калашников автоматы оғының калибрi НАТО әскерилерiнiң қаруының калибрiмен сәйкес. Ал ендi Қытай әскерi қолданатын қарудың калибрi мүлдем бөлек. Ғаламторды ерiнбей ақтарған адамның бұған көзi жетедi.Алғашқыда "Арқанкергендегi қыр­ғын - Қытай диверсанттарының iсi" деген болжам айтылған. Мына жағдай тарқай бастаған күдiктi қоюлатып, әлгi болжамға қарай қайтадан сүйреп әкеле жатқандай көрiндi бiзге...

Ерiк РАХЫМ

"Жас Алаш" газеті

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1536
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3316
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 6019