Сенбі, 23 Қараша 2024
3407 2 пікір 22 Сәуір, 2022 сағат 11:14

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды

Нұрлан Мәсімовке іздеу жарияланды. Ол аса ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінген.

Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Нұрлан Мәсімовке қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді.

Аса ірі мөлшерде пара алу фактісі бойынша оның іс-әрекеті сырттай нақтыланып, тергеу соты оған қатысты "күзетте ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

"Қазіргі уақытта Н.М. Мәсімовке іздеу жарияланды, оның орналасқан жерін анықтауға қажетті жедел-іздестіру іс – шаралары және істің барлық мән-жайларын анықтауға бағытталған басқа да тергеу әрекеттері жүргізілуде", - деп хабарлады Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Айта кетейік, Нұрлан Мәсімов – Кәрім Мәсімовтің немере інісі. К.Мәсімов ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетін басқарып тұрған кезде Н.Мәсімов Алматы облыстық полиция департаментінде, ІІМ-де, жауапты қызметтер ақтарды. Соңғы лауазымы – Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы. Ағасы К.Мәсімов 6 қаңтарда тұтқындалды, ал Н.Мәсімов 17 қаңтарда қызметінен кеткен еді.

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377