Рүстем Есдәулетов. «Атымды адам қойған соң»
Башқұрстанда өткен V халықаралық түркі тілдес театрлардың «Туғанлық» театр фестивалінде марқұм, талантты режиссер Рүстем Есдәулетовтің «Атымды адам қойған соң» қойылымы 14 елдің театрлары қатысқан фестивалде «Ұлттық классиканың бірегей әрі көркемдік шешімі» номинациясын жеңіп алды.
Рүстем Есдәулетовтің «Атымды адам қойған соң» қойылымын фестивалге Қазақстаннан барған Шығыс Қазақстан облысы Жамбыл атындағы драма театрының ұжымы сахналап, жергілікті көрермен мен фестиваль қазылар алқасының жоғарғы бағасын алды.
V халықаралық түркі тілдес театрлардың «Туғанлық» фестивалі сыншылар алқасының төрағасы Олег Пивоваров Рүстем Есдәулетовтің талантына бас иіп, оның есімін облыстық театрға беру туралы ұсыныс жасады.
Қысқа ғұмырында қазақ театр өнерінде өзіндік қолтаңбасы бар, өшпес әрі өміршең дүниелер жасап кеткен ақын, театр режиссері Рүстем Есдәулетов осылайша, өзінің мәңгі өлмес өнердегі өмірін бастап кетті.
Төменде V халықаралық түркі тілдес театрлардың «Туғанлық» театр фестивалінде сахналанған Рүстем Есдәулетовтің «Атымды адам қойған соң» қойылымы туралы «Қазақстан» ұлттық арнасы ШҚО облысы бөлімшесі дайындаған арнайы репортажын ұсынып отырмыз.
«Abai.kz»