Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына қойылған бір белгі
Алаш ардақтысы, ұлттың рухани ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының аяулы жары Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына Қостанай облысы, Меңдіқара ауданы, Қасқат ауылының маңындағы қорымда ескерткіш белгі орнатылды.
Ахмет Байтұрсынұлы қуғынға ұшырап, атылып кеткеннен кейін Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына «халық жауының жары» деген жалалы ат тағылып, қуғындалды Ел аузындағы әңгіме қарағанда, айдаудан келген соң, Бәдрисафаны туыстары аса жақтыра қоймаған көрінеді. Содан ол «Қостанай ауданындағы Александровка селосында жүйке ауруларын ұстайтын бақпаға кеттім» деп, бүгінгі Қасқат ауылына келген екен. Сол кеткеннен Бәдрисафадан ағайындары ешбір хабар алмаған.
1946 жылы, соғыс аяқталғаннан кейін Б.Мұхамедсадыққызы дүниеден озған деген дерек бар. Алайда, оның нақты қай жерге жерленгені белгісіз. Ауылдағы көзкөрген қариялар Александра есімді әйелдің соғыс аяқталғаннан кейін осы елді-мекенге қоныс тепкенін айтады. Ауыл шетіндегі иесіз қалған үйлердің бірін паналаған ол өмірінің соңғы жылдарында ауыр науқастанған.
Бәдрисафа Мұхаммедсадыққызы Ахмет Байтұрсынұлымен тұрмыс құрғаннан кейін, аты-жөнін мұсылманшаға өзгертіп, Ислам дінін қабылдап, діннің қағидаттарын берік ұстанған. Ардақты Алаш қайраткеріне аяулы жар, қамқор бола білген жан арысына деген адалдығын сақтап, соның жолында қиямет-қайым күн кешіп, өмірден озды.

Ескерткіш белгіні орнатуда ахметтанушы Ибрагим Ағытаев және басқа да зиялы қауым өкілдері атсалысып, азаматтық көрсетіпті. Ескерткіш белгінің ашылуына орай, Бәдрисафа Мұхаммедсадыққызына арналып ас берілді.
Төменде Бәдрисафа Мұхамедсадыққызына қойылған ескерткіш белгінің ашылуынан түсірілген бейнематериалды ұсынып отырмыз.
«Abai.kz»