АҚШ-та дауыл құрбандарының саны 63-ке жетті
АҚШ-қа соққан "Сэнди" дауылынан қаза тапқан адамдар саны соңғы деректер бойынша 63 адамға жетті. Олардың 20-сы Нью-Йоркте құрбан болған.
Дауылдан зардап шеккен АҚШ-тың шығыс жағалауларындағы штаттарда қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Нью-Йоркте жабылып қалған мекемелер ашылып, тұрғындар бұрынғы жұмыс жағдайына оралып жатыр. Бірақ қаладағы көлік қатынасы, әсіресе Төменгі Манхэттен ауданындағы көлік қозғалысы әлі нашар.
Метро суға толып, жұмыс істемей тұрғандықтан, көшелерде көлік кептелісі пайда болған. Қала мэрі Майкл Блумберг жұмаға Манхэттен ауданында қалада жеке меншік көліктердің жүруіне шектеу қойды.
Сәрсенбіде дауыл мен су тасқынынан қатты зардап шеккен Нью-Джерси штатына барған президент Барак Обама қазіргі басты міндет - электр қуаты жоқ аудандарға жарық беру екенін айтты. қазір бірнеше миллион адам әлі жарықсыз отыр.
Табиғи апаттан зардап шеккендермен жүздескен Обама федералды үкімет жергілікті билікке апат салдарын жоюға көмек беретінін айтты.
Дереккөз: azattyq.org