Дүйсенбі, 23 Желтоқсан 2024
4274 2 пікір 29 Сәуір, 2022 сағат 19:29

Базар директоры: "Алтын Орданы" рейдерлік жолмен басып алды

 

 

Кейінгі уақытта Алматы облысы , Қарасай ауданына қарасты «Алтын Орда» базарының төңірегіндегі шу басылмай тұр. Бүгін Altyn Orda QazTrade LTD ЖШС директоры Данияр Әбдіғапаров "Белгісіз адамдар "Алтын Орданы" рейдерлік жолмен басып алды",- деп хабарлады. 

Алтын Ордаға не қатысыңыз бар?

"Алтын Ордада" студенттік кезден жұмыс істеймін. 2000 жылы контроллер болып жұмысқа кіргенмін.

Қанша жаста болдыңыз?

 19 жаста болдым.

Алтынбек Әлпиевті танисыз ба?

Иә, танимын. Ол кезде менің басшым болды. Сол басшының қызметінде істедім.

Соңғы кездері «Алтын Орданы» басып алды деген әңгіме болып жатыр. Бәрі неден басталды?

Енді мұның бәрі тексерістен басталды. Келді, тексерді. Бәрін түсіндірдік, көрсеттік. Енді білесіздер, жұмыс болғандықтан шатаспайтын адам жоқ. Жұмыста әрбір адам шатасуы мүмкін. Мүмкін көп затты үлгере алмай қалған шығармыз. Бірақ көрсеткен нәрсесінің бәрін орындап, бәрін орнына келтірдік. Налогын да төледік. СЭС-тің де жағдайын жақсарттық. Өрт қауіпсіздігін де дұрыстадық. Барлық жағын. Қаншама мекеме келді. Сол мекеменің жұмысының бәрін атқарып, тиянақтап орындадық. Бандитизмге толы. Көбісі Қырғызстаннан келген. Олардың кім екенін білмеймін. Қызметкерлер ме, белгілері жоқ. Есімдерін айтпайды. Келіп ақша сұрайды. Жаңа әкімшіліктің жұмыс істеп жатқанына 8 күн болды. Ешқандай зертханалық тексерусіз. Зертхана бар, қуып жіберді. Баға көтерілді, халық ашулы.

Сіз бағаның көтерілуі туралы айтып жатырсыз ба?

Көтерілді. Осы күнге дейін наразылық жалғасуда. Маған жазады. Бірақ, кешіріңіздер, менің күшім жетпейді. Мен көмектесе алмаймын.

Басып алу қалай болды?

Біздің заңгеріміз бар. Камила деген жас қыз. Мен онымен жақында сөйлестім. Оған қолдау білдірейін деп хабарластым. Ол маған қорқынышты жайтты айтып берді. Алматыда, Есентай Мол-дың алдында алып денелі бес жігіт автобуспен келіп, сол автобусқа оны салып алып кеткен. Екі күн бойы машинада! Бұл әйел адам түсініңіздер. Оның отбасы, балалары бар. Оны қайта жазуға көндірген. Маған айтады: «Тіпті нотариус менің жағдайымды көріп тұрды», - дейді. Нотариусты да қорқытқан. Осылайша рейдерлік жолмен басып алған. 2022 жылы, Қазақстанда! Басқа ТМД елдерінде ғана бар шығар деп ойлайтын едім, бізде де бар екен. Таң қалдым. Жаңа Қазақстан рейдерліктен басталады екен.

Сіз 19 жаста келген екенсіз. Сіз студент болдыңыз ба, оқыдыңыз ба ? Немен айналыстыңыз?

Иә, студент кезімде жұмыс істедім. Ата-анама көмектестім. Естеріңізде шығар 1990-2000 жылдар аралығында жағдай қиын болды. Сондықтан базарға жұмысқа шығуға тура келді. Контроллерден директордың қызметіне дейін көтерілдім. Ал, ол (Алтынбек Әлпиев) «Алтын Орда» базарын ғана емес, Қазақстан Республикасының басқа да ірі базарларын басқарды.

Жақсы. Құрылысшы болдыңыз! Ол қазір мына жаңа тақырыпты көтеруге көмектесті ме?

Әрине, менің әкем құрылысшы. Өзім оқыдым. Мен инженер-құрылысшымын. Мен құрылысты нөлден бастадым. Іргетастағы шұңқырдан бастадым. Мен мысалы, мына жерде қандай арматура, қандай цемент, қандай бетон барын білемін. Мұның бәрін білемін. Себебі, мен бәрін өз қолыммен істегенмін. Қанша еңбек сіңді.

Базарда сауда жасайтын кәсіпкерлер сізге бірден сеніп ақша жинап берді ме? Осындай істермен айналысу қиын емес пе?

Адамдармен, әсіресе көпшілікпен істеу, әрине, өте қиын. Әрқайсысының көңілін таба білу керек, тіл табыса білу керек. Ол бәрін түсінуі үшін, оған түсіндіру керек. Ол ақшасын салып, ертең өз бутигін алатынына сенуі керек. Мен осыған келе жаттым. Халықтың сенімі ғой ол. Халықтың сенімін табу да оңай емес. Қазіргі әкімшілік, менің ойымша, мұндай үлкен базарларды ешқашан басқармаған. Олар оны қалай салу керектігін білмейді. Халық ашулы. Кеше маған видео жіберді. Әкімшіліктің алдында жалға алушыларым тұр. Оларды тым болмаса кеңсеге шақырып сөйлесуге болады ғой. Бәрі тұр. Оларды ешкім тыңдамайды. Олар неге наразы? Ең бастысы олармен адам сияқты сөйлесу керек. Кәсіпкерлер жалдау ақысын өсірмеуді сұрайды. Қазіргі уақытта мұның маңызы кем емес. Жалдау құны тауардың бағасына әсер етеді. Сол үшін тауардың бағасы өсіп жатыр. Базар аймақтық, бүкіл Қазақстан осы нарықтан қоректеніп отыр. Әрине, Нұр-Сұлтанда да, Шымкентте де, Алматыда да баға көтеріледі де, сосын неге митингке шығып жатыр деп таңқаламыз.

Сіз де оққағарларыңызбен жүрдіңіз бе?

Мені бәрі таниды. Мен әрдайым жеке жүремін. Мені ешқашан біреу ертіп жүрмеген не болмаса қасыма оққағарлар ертіп жүрген емеспін. Даниярдың неге олай жүргенін білмеймін, мүмкін Голливуд фильмдерінен көріп алғаны шығар.

Дәкені, Даниярды бала кезінен білесіз бе?

Танимын ғой. Білемін, байдың баласы. Не деймін енді мен. Қылмыстық іс бойынша ұсталды. Оның беделі жақсы емес екені білемін. Оның қалай басқарушы болайын жатқанын білмеймін. Ол ешқашан мұндай іспен шұғылданбаған. Ол ешқашан басшы болмаған. Енді кімге сенерімді білмеймін. Прокуратураға ма? ДЭР? Ішкі істер министрлігіне ме? Бар үміт тек Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевта ғана. Мен оның өте ақылды, әділ адам екенін білемін. Ол не болып жатқанын білмейді деп ойлайтын едім. Бозымбаевтың басқа шаруасы жоқ па? Істейтін ісі жоқ па? Мен жиналыстарда естідім, ол тек «Алтын Орда» туралы ғана айтып жүрген. Ал, Алматы облысының тұрғындарының жағдайы, олардың мәселелері ше? Бұл атқарушы орган базарлармен айналысу үшін келмеген. Иә, бәрін тексерді, біз дайынбыз. Мен қарапайым кәсіпкермін. Бәрі халық үшін болғанын қалаймын. Бұл павильонды мен халық үшін салдым. Адамдардың қыста тоңып, жаздың ыстығында күннің астында тұрғанын көрдім. Олар өздерін жайлы сезінсін деп жағдай жасадым. Олар да мен сияқты қарапайым адамдар. Өкінішке орай базарды басып алды. Арсыз жолмен. Жас қызға қысым жасап, бәрін өздеріне жаздырып алды. Мен Камиламен сөйлестім. Ол маған бәрін айтып берді. Елестетіңізші, нәзік қыз баласын 4-5 жігіт басып алып, автобуспен алып кетті. Екі күн бойы машинадан шығармады. Қысым жасады. Болды! Солай жаздырып алды! Кеңсеге басып кірді. Оны алып кетіп бара жатқаны түсіп қалған бейнежазба бар. Олар заңсыз кіріп келіп, ешқандай санкциясыз, барлық құжаттарды автотұрақтан алып шықты. Түрлері көрініп тұр. Бейнежазбалар бар. Мұның бәрін көрсетіп бере аламын. Біз қайда тұрып жатырмыз? Осы ма Жаңа Қазақстан? Қазақстан осылай қаланып жатыр ма? Бандитизммен? Біздің рейдерлік жасады деп айыптап жатқаны шындыққа жанаспайды. Менің білуімше, Алтынбек Әлпиевті достары сатып кеткен. Содан кейін басқаларға сатып жіберген. Мен басшылықты үшінші тұлғадан алдым. Сенімді басшылықтан. Мен таңқалып отырмын, не деген бассыздық?!

 

;t=4s

 

Abai.kz

2 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 1969