Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3022 0 пікір 1 Қараша, 2012 сағат 13:11

24 жастан жаңа асқанда...

Мен онымен Қ.Рысқұлбеков атындағы жасөспiрiм мен жастар арасындағы шығыс жекпе-жегiнен өткiзiлген турнирде танысып едiм. Турнир Төле би ауылының Ж.Жабаев атындағы мәдениет үйiнде өтiп жатқан. Бiр кезде толықтау келген қара торы жас жiгiт Желтоқсан көтерiлiсi мен Қайратқа арнап жазған жыр шумақтарын оқығысы келетiнiн айтып, тiлегiн бiл­дiр­дi. Кейiннен бiлдiм, бұл ақын жiгiт - аудандық "Шу өңiрi" газетiнде өлеңдерi жарияланып тұратын Ғабит Көкеев екен. Таныстығымыз бiрте-бiрте рухани қарым-қатынасқа ұласып, Ғабит Дәулетұлы маған жиi жолығып, мәдениет пен өнер, саясат, қоғам туралы еркiн пiкiрлесiп тұрдық. Әсiресе, оны елiмiздiң бүгiнгi тыныс-тiршiлiгi мен ертеңгi хал-ах­уалы ерекше толғандыратын. Ғабит өзiндiк бағыт-бағдары бар ұлтжанды да қайсар азамат едi. Парламенттiк, президенттiк сайлау науқанында оны анық байқатты. Сенiмдi көмекшiме айналған Ғабит iнiм Батырхан Дәрiм­бет, Асылбек Қожахмет, Болат Атабаев, Әлiбек Жұмабаев, Рақым Ауғанбаев және тағы да басқа қайраткерлермен жақын танысып, саясат сахнасына шығуға бет бұрды.

Демократияшыл бағыттағы қоғам қайраткерлерiмен кездесу өткiзгенiмiзде Ғабит бауырым тыным таппай шапқылап, бар жан-тәнiмен кө­мектесетiн.

Көп ұзамай Ғабит маған аудандық әскери комисса­риатта қызмет iстейтiн анасы Бейсенкүлге үш әрiп өкiлдерi қысым жасай бастағанын, әке-шешесiнiң тыныш жүр деп ренжiгендерiн жеткiздi. Оған: "Ғабит, сен әлi жассың, келешегiң алда. Жоғары оқу орнына журналистiк мамандық бойынша оқуға түс. "Жас Алашта" Захардин Қыстаубай деген жолдасым бар. Сол кiсiге жолығып, газетпен байланысып тұр", - деп ақы­лымды айттым.

Ғабит Алматы мемлекеттiк университетiнiң журналистер даярлайтын факультетiне оқуға түстi. "Жас Алаштың" "Студент", "Ырғақ" қосымшаларында арнайы бет ұйым­дас­тырды. "Қазақ әдебиетi" және тағы да басқа басылымдардан Ғабит Дәулет­ұлының өлеңдерi жарыққа шығып, қалың оқырмандар жү­регiне жол тапты.

Ара-тұра елге оралғанда арсалаңдап үйге соғып, сә­лемдесiп кетушi едi. Телефонмен де хабарласып тұратын. Оның тағы бiр ерекше қасиетi - iшiмдiк атаулыға жоламай, әр кезде сергектiк танытатын. Өкiнiштiсi сол, сүйiктi iнiм дегенiне жете алмады. Ғабит бауырым қаскүнем-қанiшерлер қолынан қаза тапты. Небәрi 24 жастан жа­ңа ғана асқан Ғабит кiмнiң бақшасына түсiп, кiмнiң гүлiн жұлды?!.

Аңқылдаған ақ жүректi ақын жанды қыршын жас егер тiрi болғанда, халқымыздың бетке ұстар қайраткерлерiнiң бiрi болатын едi. Мұны нық сенiммен айта аламын.

Фермебай Уахов,

Шу ауданы,

Жамбыл облы

"Жас Алаш" газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371