Серiк Сәрсенов, адвокат: “Арқанкергенде” он бестен де көп адам өлген
Владислав Челахтың адвокаты Серiк Сәрсенов былай деп мәлiмдедi: "Iс материалдарымен (Челахтың iсi - ред.) танысып шықтым. Менiң есебiм бойынша 16 мәйiт болды. Тiптi 17 болуы да мүмкiн. Бiрақ әзiрге ешқандай түсiнiктеме бермеймiн. Бәрiн сотта айтамын".
Сәрсенов - көптi көрген адвокат. Тәжiрибесi де мол. Саяси астары бар қылмыстық iстердiң де "дәмiн татты". Белгiлi саясаткерге жасалған қастандыққа байланысты 2006 жылы Талдықорғанда өткен сотқа да қатысқан Сәрсенов. Мұны не үшiн айтып отыр дерсiз? Ол қоғамда алабөтен дүрбелең туғызған оқиғалар кезiнде өзгелерден ерек көрiнiп қалуды ұнатады. Және де жұртты дүрлiктiрiп мәлiмдеме жасап жүретiнi тағы бар. Бұның да себебi сол. Бұл жолы да атышулы адвокат ескi соқпағын тапқандай... Егер Сәрсенов айтқандай, Арқанкергенде он бес емес, он алты немесе он жетi адам өлгенi анық болса, оны ұпай жинау үшiн құпиялауы орынсыз. Адвокаттық тәсiлге салатындай да емес бұл жағдай. Он төрт шекарашы мен бiр қорықшыдан бөлек Арқанкергенде тағы кiмдер ажал құшуы мүмкiн? Шендiлер ме, әлде "адасып жүрген" қытайлар ма? Адвокат оны қайдан бiлдi? Неден таныды? Түптеп келгенде, бұл - Челахтың алибиi ғана емес, бүтiндей мемлекеттiң қауiпсiздiгi. Ендеше, Сәрсеновтiң мұны "сотта айтам" деп құпиялап қойғаны қалай? Бұл iсте онсыз да құпия жеткiлiктi.

В.Челах адвокат Т.Берлiқожановтың қызметiнен бас тартыпты. Неге бас тартқаны түсiнiксiздеу. "Менiң қолымда Владиславтың арызы (Берлiқожановтан бас тарту туралы) бар. Ол неге бұлай шешкенiн түсiндiрген жоқ. Тек Берлiқожановтың "қызыл" екенiн (қылмыстық ортада "қызыл" деп түрме әкiмшiлiгiмен байланысы бар зэктердi айтады) ғана айтты", - дептi С.Сәрсенов.
Интерфакс-Қазақстан агенттiгi сейсенбi күнi ғана Т.Берлiқожановтың мемлекеттiк құпиямен танысуға рұқсат алғанын хабарлаған.
- Мемлекеттiк құпияны қарауға рұқсат алдым. Ендi Челах қылмыстық iстiң құпияланған томдарымен менiмен бiрге отырып танысады, - деген Т.Берлiқожанов.
Онда неге бас-аяғы екi күнде жағдай өзгере қалды? Әлде Берлiқожановтың "қызыл" екенiн ендi бiлген бе? Мұның жөнiн басылымдарға түсiнiктеме берген С.Сәрсенов былай түсiндiрген болыпты: "Ол 26 қазанда "iс материалдарымен танысып болдым" деп қаулыға қол қойған. Ендеше, мемлекеттiк құпиямен қалай танысады? Мен әлi iспен танысып бiткен жоқпын. Былайша айтқанда, тоқтатып тастады. Заттай айғақтармен де, бейнетаспамен де танысуға мүмкiндiк бермедi. Мемлекеттiк құпиямен танысуға рұқсат сұрағам. Екi ай болды, жауап жоқ". Адвокаттардың арасында да абысындар секiлдi өзара кикiлжiңдер болып тұрады. Екi қошқардың басы бiр қазанға сыймайтыны - Сәрсенов пен Берлiқожановтың тату-тәттi жүре алмайтыны әйгiленiп қалды. Тек онсыз да соры қайнап қалған баланы екi адвокат одан әрi сорлатып жүрмесiн.
Бұл iстегi тағы бiр құпия - Фоминнiң iсi. Фомин - Сарыбөктер шекара заставасының бастығы, Челах пен қаза болған он төрт шекарашыға тiкелей жауапты адам.
Фоминнiң адвокаттары Азат Файзуллаев пен Ғалым Нұрпейiсовтiң айтуынша, "Челах пен Фоминнiң iсiн бiрiктiру қажет емес, өйткенi екi iстiң арасында байланыс жоқ".
Бұл екi адвокаттың "екi iстiң байланысы жоқ" деп азарда-безер болуының себебi - екеуi де мемлекеттiк құпияны жария етпеу туралы тiлхат берген. Ал Фоминнiң iсi - мемлекеттiк құпия. Адвокаттар тiптi Фоминнiң жасы қаншада екенiн және қанша жылдан берi шекара күзетiп жүргенiн айтудан бас тартыпты. Шешесiнен сұрап бiлiп алады десе керек, шешесiнiң атын айтудан да қашыпты. Қылмыстық кодекстiң бабын немесе қанша жылға сотталуы мүмкiн екенiн айтпағанда.
Ғалым Нұрпейiсовтiң айтуынша, Фомин 4 маусым күнi тұтқындалған. Талдықорған гарнизонының әскери соты 6 маусымда Фоминдi екi айға тұтқындау жөнiнде санкция берген. Одан соң тағы екi айға созды. Тергеу әлi бiткен жоқ. Азат Файзуллаевтiң сөзiне сенсек, тергеудiң қанша уақытқа созылуы - тергеушiнiң ықтиярындағы шаруа.
Нұрпейiсовтiң тағы бiр айтқаны - Фоминнiң iсiн бас әскери прокуратураның әскери тергеу басқармасы тергейдi. Өйткенi бұл iс - аса қиын және өте қауiптi.
Фоминнiң iсiмен "аса маңызды" адамдар айналысқанына қарағанда, ол сұмдық қылмыс жасаған ба? Әлдекiмдердiң басы кететiн сұмдық құпияны бiлетiн шығар, бәлкiм? Екiнiң бiрi. Әйтпесе, Фоминнiң iсiн мұнша тұмшалап қайтедi? "Арқанкергенмен байланысқа шықпағаны" үшiн iсi құпияланды дегенге кiм сенедi?
Челахтың iсi мәреге жақындады. Сот осы айдың аяғына таман басталуы мүмкiн. Бiрқатар құпияның қақпағы сонда ашылатын шығар. Адвокат Сәрсенов қайтер екен? Сотқа дейiн шыдамай, өз "құпиясын" өзi ашып қоймаса...
Е.Биеке.
"Жас Алаш" газеті