Жұма, 27 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2966 9 пікір 4 Мамыр, 2022 сағат 14:56

Бұлар Ресейді құлатпай тынбайтын сияқты

Батыс елдерінің саясаткерлері өте айлакер, өте ақылды болып шықты. Сол үшін Украинаны құрбандыққа шалды. Украинаға әскери көмек барынша қолға алынды. АҚШ пен Еуропа елдері Украинаның жеңіске жететініне ставка қойып жатыр. Ресей тарапына дұрыстау көзқарастағы Германия да қазір Украинаға көмекке келіп жатыр. АҚШ М777 маркалы ең үздік гаубицияларын жеткізді.

Батыс елдері біз Украинаны НАТО мен Еуроодақтың құрамына қосамыз, соғыстан кейін халықаралық қауымдастықты Украинаның қираған қалаларының бәрін қалпына келтіруге шақырамыз деп отыр. АҚШ президенті Джо Байден жақында ғана АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен мен қорғаныс министрі Остин Ллойдты Украинаға жіберді. Бұлармен бірге Улыбританияның бірнеше генералдары мен кадрлары келді. АҚШ тарапы Украинаны Путин ойлағандай емес, нағыз суверенитетті ел болатынына, Еуроодақпен бірлесе отырып әскери көмекті қосымша жіберетінін айтты.

АҚШ-тың қорғаныс министрі Ресейдің ары қарай соғыса беруге шамасы жоқ, сондықтан соғысты тоқтатып, келісімге келуге Ресейдің өзі мүдделі болып отыр. Біз Ресейдің әскери потенциалын барынша тоқыратамыз, оған дейін тоқтамаймыз, деп мәлімдеді.

Украинаны құрбандыққа шалып, нағыз русо-фашизмді құлатса, әлемнің тынысы ашылатын еді.

Бекболат Қаржан

Abai.kz

9 пікір