Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 3509 12 пікір 6 Мамыр, 2022 сағат 14:42

Айналайын басшылар, қазақ тілін сыйласаңдаршы!

Айналайын идеологтар мен ақпарат саясатының басшылары! Қазақ тілін сыйласаңыздаршы!

Бір күн бұрын президенттеріңіз Конституциялық референдум өтетінің туралы мәлемдеді. Соған қатысты мақала жазайын десем, ұсынылып отырған өзгерістердің мәтіні БАҚ-та тек орыс тілінде ғана бар.

Интернетті шарлап, қазақшасын іздедім.

Жоқ!

Тағы да «Ескі Қазақстандағыдай» ресми мәтіндерді орысшадан өзіміз аударамыз ба? Ұят деген болу керек қой осы! Ертең сол референдумдарыңның да тағдырын шешетін де сол қазақтар емес пе?

Президент, парламент, үкіметтің ресми құжаттары, референдумға ұсынылатын өзгерістер алдымен мемлекеттік тілде жариялануы керек емес пе?!

Түйін: Комментте бір бауырым «Егемен Қазақстанды» мысал ретінде келтіріпті. Дұрыс екен! Бірақ ол газетті бәрі оқи бермейді. Және де мен мемлекеттегі бүкіл ақпарат жүйесінде қалыптасқан теріс дәстүрді айтып отырмын, яғни құжат алдымен орысша жарияланады да, қазақшасы соған қосымша боп жатады.

Әміржан Қосанның жазбасы

Abai.kz

12 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3244
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5397