Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2320 3 пікір 10 Мамыр, 2022 сағат 12:17

Бұл ұшақ Нұрсұлтан Назарбаевтың борты болған

Архивтен Kazakhstan деген жазу мен көк туымыз бейнеленген екі этажды Boeing 747 ұшағының фотосын тауып алдым. 1994 жыл деп жазылыпты. Мәссаған, бізде мынадай алып лайнер болған екен ғой деп мен отырмын.
Түсіндіре кетейін, мына бортпен еш жерге аялдамай-ақ АҚШ-тан бір-ақ шығуға болады. Демек Алматы не астанамыздан мұхиттың арғы бетіне спокойно жете аласыз. Бірақ жарықтығың керосинді ішеді кеп. Бір барып келгені қып қызыл шығын.

Содан болар бұл ұшақ Қазақстандағы “ангарда” ұзақ тұрмай, басқа елге сатылып кете барды. Ал енді бұл ұшақ кімдікі болған деп ойлайсыз?
Дәл таптыңыз-ау, бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың борты болған екен. Елбасы АҚШ-қа ресми сапармен барар алдында осы ұшақты сатып алып, біздің елдің амбициясының сұмдық екенін көрсеткісі келген. Ол уақытта ТМД елдерінің бірде бір президентінде мұндай ұшақ болмаған. Бір жағы өзінің бала кездегі арманын орындады. Бірақ 94 жылы арман орындайтын заман емес еді, елде бәрі тапшы, бәрі қат болатын.

Содан Клинтон ағаймен кездесіп келген соң, мыны ұшаққа “гараж” табылмай, оның үстіне мұндай лайнерді тек Алматы мен Ақтөбедегі әуежайлардың ғана ұшу-қону жолағы қабылдай алатын болғандықтан, сатып жіберуге шешім қабылдапты.

Ал енді бүгінгі күнге келсек, мұндай лайнерді Қазақстандағы бірнеше әуежай ойланбастан қабылдай алады. Штурвалына ие бола алатын пилоттар да жетерлік. АҚШ-қа күнде жүздеген азаматымыз ұшып-барып келіп жатыр. Ендеше неге осындайдың немесе әлгі екі этажды Airbus A380 лайнерін сатып алып, рейс ашып қоймасқа? Билеті арзан болса АҚШ-қа бәріміз барғымыз келеді. Әлде қажет емес пе?

Асқар Беков

Abai.kz

 

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371