Ол жаққа қызмет бабын асыра пайдаланды деген айыппен алты жыл жазасын Рустави қаласындағы түрмеде өткізіп жатқан жерінен құпия түрде, күзетпен жеткізілген.
Ауруханаға толығымен қауіпсіздік шарасы енгізілген. Экс-президент жатқан палата бесінші қабатта орналасқан. Оның терезелері науқас ешкіммен сөйлесе алмайтындай, арнайы пердемен қапталған.
Бірер күн бұрын дәрігерлер Саакашвилиге анорексия (тамақ ішуден бас тарту) диагнозын қойды. Әсіресе қазір оның ағзасы ақуызды қабылдай алмайды. Ақуыз жетіспеушілігінен бұлшық еттері семіп қалған. Сол себептен Саакашвили соңғы сот отырысында арнайы арбада отырды.
Экс-президенттің "Ортақ ұлттық қозғалыс" партиясы Саакашвилиді Еуропада емдеуді талап етеді. Себебі, Грузияда анорексияны емдейтін клиника жоқ.
Михаил Саакашвили қазір жатқан ауруханада қанша болады, белгісіз. Дәрігерлердің айтуынша, Саакашвили депрессияға түскен.
Грузияның экс-президенті "қызметін асыра пайдаланды" деген айыппен алты жылға сотталған. Оның үстінен қозғалған қосымша үш бірдей қылмыстық іс қазір қалалық сотта жүріп жатыр.
Abai.kz