Жексенбі, 27 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2965 0 пікір 7 Қараша, 2012 сағат 11:52

Алматы «барахолкасының» ақша айналымы белгілі болды

Дүниежүзілік банк Орталық Азияның ең ірі базарларында қанша қаражат айналыста жүретінін есептеді, деп жазады «Биржевой Лидер» басылымы.

Зерттеу мәліметтері бойынша, ең үлкен жылдық айналым Бішкектегі «Дордой» базарында екен. Ол 2 млрд. 842 млн. долларды құраған. Екінші орында Алматыдағы «барахолка» базары - оның еншісінде 1 млрд. 742 млн. доллар бар.

Жалпы Қазақстан бойынша, жылдық айналым 2 млрд. 154 млн. доллар, Қырғызстан бойынша 3 млрд. 647 млн. доллар, ал Тәжікстан бойынша - 256 млн. доллар.

«Дордой» мен алматылық «барахолка» Қазақстан мен Тәжікстан базарларының негізгі тауар жеткізушісі болып табылады. Ал бұл екі ірі базардағы тауарлар негізінен Қытайдан тасымалданады. Басылымның атап өтуінше, Қырғызстан базарларындағы барлық дерлік импорттық тауарлар қытайлық өндірістен шыққан көрінеді.

Дүниежүзілік банктің пікірінше, базарлар кедейлік деңгейін төмендетіп, қарапайым халыққа жұмыс орындарын береді. Мұндай саудамен шекара маңындағы әрбір үшінші тұрғын айналысады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1521
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3135
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1131
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1050