«Халықтық ІРО»-нің игілігін халық көреді
Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен өмірге жолдама алған «Халықтық ІРО» бағдарламасының болашағы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызығушылықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін барлық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз.
Ел игілігі үшін
Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыттарда Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Халықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге?
Мемлекет басшысының тікелей бастамасымен өмірге жолдама алған «Халықтық ІРО» бағдарламасының болашағы зор, ауқымы айшықты болмақ. Оған бүгінде еліміздің барлық өңірлерінде осы бір бағдарламаға деген қызығушылықтың артуы дәлел болса керек. Экономикамыздағы жаңа үрдіс болып табылатын бұл бастаманың әлі де ел арасында кеңінен танылуы үшін барлық өңірлерде ақпараттық түсінік жұмыстары жүргізілуде. Осы ойымыздың айғағы ретінде төменде біз тілшілеріміздің өңірлерден жіберген пікірлерін жариялап отырмыз.
Ел игілігі үшін
Көзі ашық, көкірегі ояу әрбір қазақстандық азамат елдегі оң өзгерістерге, соны серпілістерге бей-жай қарамайды деп ойлаймын. Сондықтан соңғы уақыттарда Елбасының тікелей тапсырмасымен атқарылып жатқан «Халықтық IPO» бағдарламасынан күтеріміз өте көп. Неге?
Ұлттық компаниялар өз акцияларын қор рыногына шығырады. Оны еліміздің әрбір азаматы сатып ала алады. Бұл дегеніңіз, үйде отырып тікелей ұлттық алпауыт компаниялардың жұмысын бақылай алу құқығы деп білемін. Сонымен қатар, сіз сатып алған акцияңыз арқылы мол пайдаға кенелуіңізге болады. Қысқасы, бұл халықтың игілігі үшін жасалып жатқан бағдарлама. Кей адамдар аталған бағдарламаның мәні мен маңызын түсінбеуі мүмкін. Мәселен, таныстарыммен сөйлескенде «ертең ол компания банкрот болып қалса қайтеміз?» болмаса «баяғы сатып алған купондардың күнін кешпей ме?» деген күдіктердің барын байқаймыз. Меніңше, олай емес. Жақында ғана ағылшынның Legatum Institute деген сараптамалық орталығы әлем елдерінің дамуына қатысты рейтингін түзіпті.
Рейтинг елдегі экономикалық өсімді, іскерлік байланыстарды, елдегі басқару жүйесін, білім беру саласының сапасын, денсаулық сақтаудың тиімділігін, тағы да басқа осындай толып жатқан аспектілер бойынша жасаған. Сол тізімде Қазақстан 46-орында тұр. Барлығы жер-жаһанның 144 елінің арасында Қазақстан алдыңғы қатардан көрінген. Бұл дегеніңіз, Қазақстанның дамудың даңғыл жолында келе жатқанын, отандық экономиканың артқанын, әлеуметтік әлеуеті жетілгенін білдіретін бірден-бір көрсеткіш. Рейтингті біз емес, ағылшындар жасап, осындай баға беріп отыр. Сондықтан, Қазақстанның қор рыногына, ұлттық компаниялардың жұмысына күдікпен қараудың керегі жоқ. Ең алдымен, «ҚазТрансОйл» компаниясының акциялары сатылымға шығарылатынын білемін. Оны «Қазпошта» арқылы брокерлік шот ашып, сатып аласыз. Ал компанияның жыл сайынғы табысынан үстеме алып отыруға да мүмкіндігіңіз болады.
«Халықтық IPO-ны» баяғы алаяқтардың «МММ» дегенімен салыстырудың қажеті жоқ. Бұл ондай жүйе емес. Бір ғана айырмашылық - «МММ» жекелеген адамдар құрған жүйе. Ал «Халықтық IPO-ны» Елбасының өзі бастап, ел ағалары қостап, мемлекеттің, халықтың игілігі үшін жасап жатыр. Осыдан-ақ ненің не екенін айыра беруге болады.
Ардагер АҚЖІГІТОВ,
Қызылорда облыстық кәсіпкерлік
және өнеркәсіп басқармасының бастығы.
* * *
Ел үшін де, өзіміз үшін де тиімді қадам
Осы жылдың қазан айынан бастап «Халықтық ІРО» бойынша жұмыстар басталып кетті. Бұл шын мәнінде халықтық ауқымдағы іс-шара болып табылады. Кез келген азамат өзінде бар артық (бос) қаражатына елдегі басты ірі компаниялардың акциясын сатып ала алады. Сөйтіп, компания үшін ғана емес, өзі үшін де пайдалы қадам жасайды.
Бұл ІРО-ның тағы бір ерекшелігі бұған аз-кем артық қаржысы бар кез келген ел тұрғыны қатыса алады. Соның ішінде мен сияқты мемлекеттік қызметкерлер де қатысу мүмкіндігіне ие. Еліміз қолдау көрсеткен өркениетті қаржы саясатындағы игі қадам көп уақыт өтпей-ақ, жұртшылықты барынша қызықтыратыны анық. Өйткені, келесі жылдың наурыз айының аяғында, жылдық есеп қорытындысы бойынша осы акцияларды таратушы компаниялар дивиденд бере бастайды. Өз отбасымның бюджеттік мүмкіндігін ескере отырып, алдағы айда ІРО бойынша таңдау жасап, «КазТрансОйл» ұлттық компаниясының біраз акциясын сатып алып, шынайы халықтық науқанға қатысуды жоспарлап отырмын. Бұл науқанның ел тұрғындарына тиімді әрі салымдық нәтижелері мол болатындығына сенімдімін. Сондықтан өзге азаматтарды да осы шараға қатысуға шақырамын.
Сөз реті келгенде, Амангелді ауылдық округінде іргелі істерімен танымал болған «Ақ құлын», «RIVC Ltd-Abai» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері және алты шаруа қожалығы жұмыс істейтіндігін атай кеткім келеді. Олар шаруашылық жүргізудің көп салалы бағытын ұстануда. Бұл құрылымдарда ауыл тұрғындарының басым көпшілігі еңбек етуде. Экономикалық тұрғыдан нығайып келе жатқан осынау шаруашылықтардың мүшелері күні ертең халықтық ІРО қозғалысының белсенді қолдаушылары болатындығына сенім мол.
Оразғали НҰРҒАЛИ,
Амангелді ауылдық округінің әкімі.
Ақмола облысы,
Қорғалжын ауданы.
* * *
Шет қалмаймыз
Әлия ӘЛЖАНҚЫЗЫ, сақтандыру компаниясының қызметкері: - Баспасөз ақпарат құралдарынан қазақстандық компаниялар өз акцияларын сатуға шығарғалы жатқанын естіп жатырмын. Бұл мәселе үкіметтік деңгейде талқыланып, жұртшылыққа да, қатысушы компанияларға да тиімді екені ұғынықты түрде түсіндірілді. Соған қарағанда, Қазақстан халқының әл-ауқатын көтеруге бағдарланған әлеуметтік жобаның келешегіне үлкен үмітпен қараймын. Шынымды айтсам, құнды қағаздар рыногына қатысуға әлі дайын емеспін. Өйткені, мұндай тәжірибе елімізде бірінші рет өтіп отырғандықтан, мен үшін түсініксіз тұстары жоқ емес. «Халықтық IPO» жайлы толық мәлімет алғаннан кейін, сөз жоқ, бағымды сынап көремін.
Елдос Нұрлан, студент: - Көпшілік мүддесін көздейтін маңызы зор жоба екенінде талас жоқ. Экономика пәнінен дәріс оқитын ұстаздарым қызығушылығымызды оятып, қатысуымызды қолдап отыр. Өздері де сырт қалмайтын тәрізді. Әрине, бұл жаңалық қалалықтар үшін таңсық болмас. Ал ауыл жөнінде олай айту қиын. Көбі сырттай ғана хабардар. Акцияларды сатып алу, тиімді орналастыру жолдарын біле бермейді. Соған қарағанда, түсіндіру жұмыстары әлі де кемшін сықылды. Өз басым мұндай бастамаларды қолдаймын. Қаражат табылып жатса, шет қалмауға тырысамын.
Петропавл
"Абай-ақпарат"