Сенбі, 23 Қараша 2024
Ақмылтық 4540 21 пікір 30 Мамыр, 2022 сағат 12:58

Қазақстан Ресей пропагандасының құрсауында қалды

Қырғызстан мен Түркіменстанда Ресейлік телеарналар жұмысын тоқтатты. Бұған Батыс елдерінің Украина соғысына байланысты Ресейге салған санкциялары әсер еткен. Сол туралы егжей-тегжейлі жазайық...

Түркіменстанда ең ірі байланыс операторы – Ашхабад қалалық телефон желісі тарататын Ресейлік «Россия-1» және «Звезда» телеарналары хабар таратуды тоқтатқан. Оператор жақын арада резервтік трансляцияны ұйымдастыруға уәде берген. Қырғызстанда «Россия-24», «Россия Культура» және «Звезда» арналары уақытша бұғатталды.

«Бірқатар елдерде Бүкілресейлік телеарналарды таратуға заңнамалық шектеулер қабылдануына байланысты - халықаралық спутниктерде Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия мен радиостанция компаниясының телеарналарын тарату біржақты түрде тоқтатылды», - деді «Ақнет» Қырғыз телекоммуникациялық компаниясы.

Дегенмен, елде «Бірінші арна», «РенТВ», «НТВ», «СТС», «ТНТ», «Матч» және басқа да Ресейлік телеарналар жұмысын жалғастыруда.

«Ақнеттің» хабарлауынша қазіргі уақытта тұрақты сигнал беру үшін резервтік хабар таратуды ұйымдастыру жұмыстары жүргізілуде. Телеарна операторы жұмысты аяқтағаннан кейін хабар тарату қолжетімді болмақ.

Ресей Украинаға басып кіргеннен кейін ЕО, Ұлыбритания, Австралия және басқа да елдер Бүкілресейлік мемлекеттік телевизия мен радиостанция компаниясы басшылығы мен оның қызметкерлеріне қарсы санкция жариялады. АҚШ-та «Бірінші арна», «Ресей-1» және «НТВ» арналары санкцияға ұшырады. Айыппұл салынатын болған соң, жерсеріктердің иелері біржақты тәртіппен осы телеарналардың хабар таратуын шектей бастады.

Ресей-Украина соғысы басталғаннан соң Ресейлік арналардың үгіт-насихат әрекетінен қауіптенген белсенділер еліміздегі Ресейлік арналардың жұмыс істеуіне қарсылық петициясын жариялаған болатын.

Қазақстан ше?

Президентке, Қазақстан Республикасы Үкіметіне және Қазақстан халқы ассамблеясының атына жолданған петицияда Ресейлік «1 канал» («Всемирная сеть»», «Победа», «Катюша»),  «Россия», «Россия-24», «РТР Планета»,  «Звезда»,  «НТВ» («Мир», «RTVi»), «РБК»,  «Ren-TV»,  «RT» секілді телеарналары көрсетілген.

«Жаппай бұрмаланған ақпарат ағыны бұрын-соңды болмаған ауқымдағы қатігездікпен күш қолдануды ақтау мақсатын көздеп, Қазақстандықтардың қоғамдық пікіріне орасан зор қысым тудырып отыр. Сонымен қоса, еліміздің ақпараттық қауіпсіздігіне қауіп төндіреді. Әсіресе, бұрынғы орыстілді Кеңестік кеңістік үшін миды улау құралы болған Ресейлік телеарналардың әрекеттері кәсіби этика мен жалпыадамзаттық моральға ғана қайшы келіп қоймай, сонымен бірге Қазақстан Респуликасының Ата Заңына да қайшы келеді», - делінген петицияда.

«Kantar» («TNS Central Asia» ЖШС - бұрынғы Gallup) компаниясының 2022 жылғы сәуірдегі деректеріне сәйкес, еліміздегі телеарналарының ішінде Ресейлік «Бірінші арна» ең көп көрілетін телеарна болып шықты. Оны бір тәулікте орташа есеппен 20,61% адам көреді. Ал, мемлекеттік арнамыз «Qazakhstan» 9,52% үлеспен төртінші орында тұр. «Хабар» және «Хабар-24» бір айдағы тәуліктік көрілімі бойынша 2,18% және 1,74% - бен 10, 12 орындарға жайғасыпты.

«Ресейдің үгіт-насихат машинасы Қазақстандық қоғамның белгілі бір бөлігінің санасын улады деп айтуға болады. Себебі, олардың ішінде Украинадағы соғысты ақтап, Ресейлік БАҚ-қа сенім білдіргендер баршылық (Бүкілресейлік қоғамдық пікірді зерттеу орталығының мәліметтері бойынша, 2022 жылғы 5 наурызда жүргізілген сауалнамада Ресей тұрғындарының  71% -ы «Украинадағы әскери операцияны», яғни соғысты қолдаған). Бұл 2014 жылдан бері Ресейдің Украинаға қарсы үгіт-насихатқа құйған үлкен қаражаты жемісін беріп жатыр дегенді білдіреді. Екінші жағынан, біздің ақпараттық саясатымыздың әлсіздігін көрсетеді», - дейді Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры Жәнібек Айғазин.

«Сондықтан да Қазақстан аумағында Ресейлік БАҚ-тарды (ақпараттық және саяси ток-шоуларды) таратуға тыйым салу маңызды қадам болып табылады, өйткені Ресейлік медиа ресурстар Қазақстандықтардың ой-санасын улап, өздерін Қазақстанмен байланыстырмайтын, республикамызды Ресейдің бір спутнигі көретін отандастардың пайда болуына әсер етіп жатыр. Біздің ақпараттық қаупісіздігімізге қауіп төніп тұр. Қазақстан сыртқы ойыншылар өз мүдделіріне пайдаланатын «бесінші колоннаға» айналмауы керек.

Айтпақшы, жақында соғыс насихатын жүргізіп отырған Ресейдің бұқаралық ақпарат құралдарына тосқауыл қоюды талап еткен петиция жарияланды. 20-баптың 3-тармағына сәйкес «[...] соғысқа, [...] қатігездік пен зорлық-зомбылыққа үгіттеуге және насихаттауға жол берілмейді». Сондай-ақ Ресейлік БАҚ әрекеттері Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 161-бап 1-тармағына қайшы келеді: «Басқыншылық соғысты насихаттау немесе жұртшылыққа үндеу тарату – бес жылға дейінгі бас бостандығынан айырумен жазаланады»,- деп жазды саясаткер Досым Сәтпаев.

Айта кетейік, петиция 7500 қол жинауды мақсат етеді. Бүгінгі күні қол қойғандар саны 6314 адам.

Айжан Темірхан

Abai.kz

21 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5338