Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 3052 0 пікір 2 Қараша, 2012 сағат 15:51

Жастардың жалындап жүргені жақсы

«Ақыл - жастан, асыл - тастан» дейді халқымыз. Атырауда да өзіндік ой-ұсыныстарымен танылып жүрген жастар жетерлік. Сондай жастардың көпшілігі «Жас Отан» жастар қанатының облыстық филиалына топтасқан. Қазір бұл ұйымның құрамындағы атыраулық жастардың қатары 7000-нан асады.

Солардың арасынан ең белсенділері бас қосып, кезекті конференциясын өткізді. Жасотандықтардың басқосуына қатысқан «Нұр Отан» ХДП Атырау облыстық филиалының төрағасы, облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетов жастар мәселесін толық­қанды шешу мақсатындағы ойларымен бөлісті.

- Мен де ауылда өстім, жастайымнан еңбекке араластым. Қазіргі жастар да ауылды түлетуге атса­лысуы тиіс. Әсіресе, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуда жастардың үлесі тым аз. Мемлекет басшысы білімді, білікті, талантты, талапты жастарға сенім артып, ауылға баруға ынталы жастарға ба­рынша қолдау көрсетіп отыр. Облыс басшысы ретінде ашығын айтайын, алдағы жылдан «Жас отау» бағдарламасымен жас мамандарға арналған тұрғын үй құрылысын жүргізуді қолға алғалы отырмыз, - деді облыс әкімі Б.Ізмұхамбетов.

Конференцияда «Жас Отан» жастар қанаты об­лыстық филиалының атқарушы хатшылығын ат­қа­рып, жаңадан құрылған облыстық жастар саясаты жө­ніндегі басқарманың басшылығына тағайын­далған Мейірім Қалауи баяндама жасады. Оның пікірінше, өңір жастарының белсенділігі артып келеді. Мұны өңірде өткізіліп жүрген «Спорт сүйер Қа­зақ­стан үшін!», «Менің сайлаудағы жеңісім!», «Сенің атаулы ағашың!» секілді әртүрлі акцияларға қаты­суынан байқауға болады. Былтыр жастар ұйымы осындай бағытта 100-ден астам, ал биылғы 9 айда 65 шара өткізіпті.

Атырау жастары өз идеяларымен кино түсіруге тал­пынып жүр. Былтыр өңір жастарының қаты­суымен «Студенттік кез» туындысы түсірілген еді. Енді жақында «Қыз жүрегі» атты толық метражды киноны түсіру аяқталыпты. Жастардың белсенділігі «Дипломмен - ауылға!» бағдарламасына қолдау білдіруінен де аңғарыла түсуде. Мәселен, былтыр осы бағдарлама аясында жоғары білімі бар 185 жас маман ауылдық жерлерге барып, жұмысқа орна­ла­сып­ты. Осындай жастарды көтермелеу тұрғысында берілетін демеу қаржы ретінде биыл облыстық бюджеттен 23 миллион теңге қарастырылған. Алайда, өңір жастары арасындағы жұмыссыздық әлі де бар. Тағы да дерекке жүгінер болсақ, өткен жылы жұмыспен қамту ұйымдарына 17-35 жас аралығындағы 19 169 жұмыссыз хабарласқан. Солардың арасынан 10 717 жас қана еңбекке орналасуға мүмкіндік алған.

Бұл күндері өңір жастарын не толғандырады? Жастардың осы бағыттағы ойларын екшейтін бол­сақ, алдымен оларды қоғамдық көлікте студенттер үшін жеңілдіктің қарастырылмағаны қынжылтады. Екіншіден, ауылдағы жастар да қоғамдық ұйым құрып, бір шаңырақтың астында өзара пікір алысуды қалайды. Үшіншіден, жастарға арналған қолжетімді тұрғын үй құрылысы аудандарда да қолға алын­ға­нын құп көреді. Төртіншіден, «Жасыл ел» бағ­дар­ламасы шеңберіндегі еңбек жасақтарына ауыл жас­тары да тартылып, өздері тұратын елді мекендерді көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарына атсалыс­қа­нын дұрыс санайтындар бар. Бесіншіден, жас­тар­дың басқаруындағы қоғамдық бірлестіктерді мәде­ниет ошақтарының жастарға арналған мәдени-қо­ғамдық шара өткізу үшін қаржы талап ететіні қи­най­ды. Мұнайлы өңір жастарының көкейіндегі осындай толғақты мәселелерді қамтыған ұсыныстар облыс әкімі Б. Ізмұхамбетовтің тарапынан қолдау тапты.

Конференцияға қатысушы жастар «Жас Отан» жас­тар қанаты Атырау облыстық филиалының ат­қа­рушы хатшылығына Асқар Бопылдақовты таңдап, ел жастарының ІІ съезіне өз араларынан 64 деле­гатты сайлады.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3236
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5371