Жексенбі, 12 Қазан 2025
Билік 4009 3 пікір 15 Маусым, 2022 сағат 15:58

Тоқаев: Қаңтар үшін Ресейге қарыз емеспіз

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қанды Қаңтар кезінде «Ресей Қазақстанды құтқарды» деген алыпқашпа әңгіменің түйінін қойды.

«Ресейдің кейбір адамдары «Ресей Қазақстанды құтқарды», енді «Қазақстан мәңгі қарыз, Ресейдің аяғына жығылып өтуі керек» деген сөздерді айтып, көпшіліктің ойын бұрмалап жүр. Бұл мүлде шындыққа келмейтін сөздер»,-деді Президент "Россия 24" телеарнасында журналист Андрей Кондрашовқа берген сұхбатында.

Мемлекет басшысы о бастан ҰҚШҰ бітімгерлерінің күштік әрекеттерге қатыспайтыны туралы уағдаластық болғанын атап өтті.

"Шындығында ҰҚШҰ контингенті тарапынан бірде-бір оқ атылған жоқ, олар мұнда 10 күннен артық болған жоқ", - деп атап өтті Қазақстан Президенті.

 

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 829
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9918