Өскемендегі отырыс: Президент тапсырмасы - мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру
Өскемен қаласында ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің кезекті он екінші отырысы өтуде.
Күн тәртібінде Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XIX сессиясында айтылған мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру туралы тапсырмасының орындалу барысы туралы және 2012 жылға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты жөніндегі Тұжырымдама жобасын талқылау мәселелері қарастырылды.
ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңестің төрағасы Ғабидулла Әбдірахымов кеңейтілген құрамда жастар ісі жөніндегі аймақтық басқармалары бастықтарының, аудан және қала әкімдері орынбасарларының, Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының жастар ісі жөніндегі кеңесі хатшыларының, сонымен қатар екі аймақтың жоғары оқу орындары мен колледждерінің, жастар ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңейтілген мәжіліс өткізеді.
Білім және ғылым мининстрлігінің жауапты хатшысы Әлия Ғалымованың хабарлағанындай, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында ҚР Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі жөніндегі комитеті, ал еліміздің барлық аймақтарында жастар ісі жөніндегі басқармалар құрылды.
Жастар аясында болып жатқан үрдістерді терең зерделеу, болжау мақсатында Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті базасында «Жастар» ғылыми зерттеу институты құрылды.

«Жас Отан» жастар қанатымен 2013-2020 жылдарға арналған Даму стратегиясын жасау мақсатында белсенді жұмыс жасалуда.
Білім және ғылым министрлігі мен ҚР Президенті жанындағы жастар саясаты жөніндегі Кеңесі бірлесіп, 2020 жылдарға дейінгі мемлекеттік жастар саясаты Тұжырымдамасын құру бойынша жұмыстар жүргізуде.
Тұжырымдама жобасы жас азаматтың жан-жақты дамуына бағытталған мемлекеттік жастар саясатымен әлеуметтік экономикалық шараларды жүзеге асыру үшін ағымдағы жағдайларды дамыту мен талдауға қатысты 2 тараудан тұрады.
Тұжырымдаманың соңғы нұсқасын ағымдағы жылдың қараша айында таныстыру көзделіп отыр.
Пленарлық отырыс барысында Қазақстан Жастар конгресімен балалар мен жасөспірімдер ұйымдары қызметінің баяндамалары тыңдалды.
Бүгінгі күні «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы еліміздің барлық аймақтарында кеңейтілген филиалдар жүйесі бар, ең ірі ұйым болып табылады.
Аталған ұйымның мақсаты - өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм негізінде адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеу болып табылады.
Тәрбиелеу жұмысы жастар саясатының маңызды аспетілері болып табылады.
Ол жастар мен жұмыстың түрлі формалары мен бағыттарын қамтиды, осыған байланысты жастарды тәрбиелеу бағытындағы жеке құрылымды құруды қажет еткен-ді.
Ұйым 2011 жылы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығы қарсаңында жастар ұйымдары көшбасшыларының бастамасымен құрылған болатын.
«Жас Ұлан» ұйымының төрайымы Назира Болдурукованың айтуынша, өткен кезеңнің тәрбиелеу бағытындағы оң істерін жалғастыра отырып, ұйым бүгінгі күні ол тәжірибені қазіргі кезеңнің талаптарына сәйкес қолданады.
Қатарында 700 мыңнан астам жастар бар жасұландықтар жастар саясатын дамытудың барлық іс-шараларын белсенді қолдайды, осыған байланысты тәрбиелеу компоненттерін күшейту мақсатында кешенді жоспарларға қажетті ұсыныстар енгізеді, осындай жұмыстарға тікелей атсалысады.
Ұйыммен форумдар, түрлі мәдени және оқыту іс-шаралары жүргізіліп отырады. Жыл сайын 5000 бала мен жасөспірімдер «Балдаурен» және «Бобек» оқыту-сауықтыру орталықтарында оқудан өтеді.
Биылғы жылы Қазақстан Жастар Конгресіне 10 толып отыр. Осы жылдар барысында Конгрестің негізгі мақсаты - республикалық және аймақтық коммерциялық емес жастар ұйымдарының қызметін үйлестіру, қолдау, жастардың еліміздің қоғамдық, экономикалық және мәдени өміріне белсенді атсалысуы, жастарға арналған әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыруға қатысу болып табылады және осы мақсат болып қала береді.
10 жыл ішінде Конгресс мемлекеттік органдар, үкіметтік емес ұйымдар, коммерциялық құрылымдар қатарынан кең көлемді серіктестіктері бар мемлекеттік жастар саясатының толыққанды қатысушысы болып табылады және бұл артықшылықтар ұйымға әлеуметтік жобаларды сапалы және өнімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Бұрынғы көшбасшы, қазіргі таңда Ақмола облысының жастар ісі жөніндегі басқарма бастығының міндетін атқарушы Шахмардан Баймановтың айтуынша, Қазақстан жастар конгресі - бұл өз елінің жарқын болашағы үшін еңбек етуге даяр кәсіби жастар кадрларының «ұстаханасы» болып таылады.
Бұрынғы «конгрессмендердің» көбі қазірдің өзінде орталық мемлекеттік органдарда, бизнес-құрылымдарда жауапты қызметтерді атқарып, республикалық үкіметтік емес ұйымдарды басқарып отыр.
Республикалық жастар ұйымдары мемлекеттік бағдарламалар мен жобалардың бастамашысы және мемлекеттік жастар саясатын дамытудың басты қозғаушы күші болып табылады.
Жүзеге асып жатқан білім саласы мен жастарды тәрбиелеу саласындағы жобалар, оларды жұмысқа орналастыру мен жастар саласындағы салауатты өмір салтын қалыптастыру жастар арасында кең қолдау тауып отыр.
Бүгін, 19 қазанда Кеңес мүшелері аймақтағы студент, жұмысшы жастар және жас спортшылар қауымымен кездесті.
Мәжіліске қатысушылармен жастар саясаты саласындағы консультативтік кеңес беру органдары мен стратегиялық жоспарлау жүйесінде семнар-тренингтер өткізу жоспарланып отыр.
«Абай-ақпарат»