Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2253 0 пікір 16 Қазан, 2012 сағат 19:00

Семейдің басты мәселесі - Елбасы қамқорлығының арқасында шешілді

"Нұр Отан" партиясы төрағасының І орынбасары Бақытжан Сағынтаев сапарын Шығыс өңірінен бастады.
Табиғи және өндірістік ресурстарға бай облыста құрамы 70 мың адамнан асатын партияның ең үлкен бастауыш партия ұйымы бар. Жұмыс барысында Бақытжан Сағынтаев партияның әуелі облыстық активімен кездесіп, аймақ орталығында бірнеше нысандарды аралаған-ды. Ертеңінде Семей қаласына ат басын бұрған Бақытжан Әбдірұлы Семей мемлекеттік педагогикалық институты ғимаратында қала активімен кездесті. Облыс басшысы Б.Сапарбаев жұртшылыққа мәртебелі мейманды таныстырып, мемлекет қабылдаған барлық бағдарламалардың аймағымызда, оның ішінде Семейде де жүзеге асырылып жатқанын тілге тиек етті. Жиында бүгінде нұротандықтардың басты назары мемлекетті әлеуметтік модернизациялауға бағытталғаны сөз болды.

"Біздің алдымызға Елбасы - партия Төрағасы әлеуметтік модернизациялау стратегиясын жүзеге асыру бойынша үлкен міндеттер қойып отыр. Оны жүзеге асыруда барлық жерде бір адамдай атсалысуымыз керек. Елбасының: "Қазақстанның әлеуметтік жаңғыртылуы: Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамына қарай 20 қадам" бағдарламасы бойынша біздер үлкен жұмыстар атқардық. Бағдарлама 16 аймақтық филиалдарда, 6310 бастауыш партия ұйымдары мен партияның мәслихаттағы барлық фракцияларында, сонымен қатар саяси бюро отырыстарында кеңінен талқыланды. Біз бүгін барлық күш-жігерімізді әлеуметтік модернизациялау идеясына жұмсауымыз қажет",- деді өз сөзінде Б. Сағынтаев. Сондай-ақ, қаладағы тың өзгерістер: жөндеуден өткен жолдар, жаңа құрылыс нысандарының бой көтеруі, оның ішінде онкологиялық диспансердің салынуымен қоса, ыстық сумен қамтамасыз ету мен Семейдің басты мәселесі болып келген жылу қазандықтарын алмастырудың барлығы Елбасы қамқорлығының арқасында жүзеге асып жатқандығын қадап айтты.
Б. Сағынтаев облыстағы нұротандықтар ішінде ойын ашық айта білетін, елінің ертеңіне бейжай қарамайтын белсенді жастардың көптігіне куә болғанын жасырмады. Оның айтуынша, алты мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарында, яғни партияның барлық филиалдарында өтетін үлкен есеп беру - сайлау науқаны басталып кетті. Науқан барысында қатардағы партия мүшелері өздерінің төрағаларын қайта сайлайды. Сонымен қатар, ол өз сөзінде дәл осындай шараларды Қазақстандағы бірде-бір партия өткізбегендігін де айтты. Мемлекетте жүзеге асып жатқан барлық бағдарламаларға бөлінген әр тиын халық игілігіне жұмсалуы қадағаланатынын, Қазақстан болашақта барлық салаларда көшбасшылық танытатынына күмәні жоқтығын жеткізді. Іссапар барысында Б. Сағынтаев құрылыс пен өндіріске қажетті құрылыс материалдарын шығаруға бейімделген "Азия" Фирмасы" ЖШС шығаратын өнімдермен танысты. Айта кетерлігі, ағымдағы жылдың тамыз айынан бастап мұнда "Жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарламасы аясында плита шығаратын зауыт өз жұмысын бастаған. Еліміздегі "Қолжетімді баспана" бағдарламасын жүзеге асыруда құрылыс материалдарын шығаратын елдегі бірегей кәсіпорын бүгінде саңылаулы тақталар өндірісі жобасын іске қосқанын айта кеткен жөн. Италиялық фирмадан сатып алынған техникалық құрал-жабдық арқылы тәулігіне ұзындығы 1 метрден 15-ке дейінгі, ені 1-1,5 метр болатын, құрылысқа ыңғайлы етіп құйылған 75 плита өндіруге қауқары бар кәсіпорын 15 адамды жұмыспен қамтамасыз етіп отыр. "Жобаға құйылған 552,3 млн. теңге инвестицияның жартысы кәсіпорынның өз қаражаты есебінде. Жұмыс автоматтандырылғандықтан, адамның қатысуынсыз-ақ жүзеге асады, сол себепті сапасы да жоғары",- дегенді айтады "Азия" фирмасы" ЖШС-нің директоры Мирғали Теңізбаев. Ал, жұмысшылардың орташа жалақылары 90 мың теңгені құрайды екен.
Серіктестік өнімімен танысқаннан кейін, сапар "Нұр Отан" ХДП Семей қалалық филиалы мен партияның жоғары мектеп аймақтық бөлімшесіне бағытталды. Бүгінде жаңа заманға сай тиісті техника әрі жиһаздармен жабдықталған партияның Семейдегі бөлімшесінде 38 алғашқы партия ұйымдарында жалпы саны 12581 адам мүшелікке өткен. Артынша Бақытжан Сағынтаев Түйемойнақ аралындағы Семейдің басты нышанына айналмақ "Бейбітшілік" мұражайының жобасымен де танысты.

"Абай-ақпарат"

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1479
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3253
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5467