Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4708 0 пікір 26 Қараша, 2012 сағат 09:36

Нұрлан Тасболатұлы, Таусүгiр ауылының тұрғыны: Махмахановтар кек қайтаруға кiрiстi

2007 жылдың наурызында Алматы облысының Маловодное ауылында қазақтар мен шешендер арасында қақтығыс болды. Бұл қақтығыста бес адам өлiп, бiрнешеуi жараланды. Бес жылда жағдай тұрақтанғандай болған. Алайда кек қуғандар жергiлiктi халықтың жүйкесiне тағы да ши жүгiрте бастады.

"2007 жылдың 17 наурызында Маловодное ауылындағы "Ботагөз" бильярд клубында үш қазақ жiгiтi ұлты шешен Мұхамад Махмахановты соққыға жыққан. Сол күнi кешке Мұхамадтың немере ағасы Тахир бауырын ұрғандардан кек алу мақсатында олардың бiрiн джипiмен қағып құлатып, аяғынан белгiсiз қарумен атып кеткен...".

Бұл қасаң ақпарат - бес жыл бұрынғы оқиғаның ресми мәлiметi. Бұдан кейiнгi жағдай жадымызда. Ашулы топ Махмахановтар тұратын Казатком ауылына барып, Та­хирдiң сазайын тарттырмақ болады. Алайда оның төрт бауыры топқа қарсы оқ атып, екi адамды өлтiрген. Ағайынды Махмахановтардың үшеуi жазым болды. Махмахановтардың бiр үйi мен көлiгii өртенiп кеттi, ал Тахир iз суытып үлгердi...

Бұл iс бойынша алғашқыда қырықтан астам адам ұсталған. Кейiннен бесеуi қылмыстық жа­уапкер­шiлiкке тартылды. Бесеу­дiң үшеуi бiрнеше жылға сотталып, екеуi шартты жаза алды.

Жақында редакцияға Алматы облысының Таусүгiр ауылының тұрғыны Нұрлан Тасболатұлы келдi. Н.Тасболатұлы - Маловодное оқиғасы бойынша шартты жаза арқалағандардың бiрi.

- Қарашаның 1-i күнi маған оқ атылды. Оқиға былай болды: сол күнi түс ауа күнделiктi шаруалармен Таусүгiр ауылынан өз көлiгiммен шықтым. Көп аялдаған жоқпын, жиырма минуттың шамасында Таусү­гiрге керi қайттым. Ауылға жақындап қалғанымда Қорам каналындағы көпiрге жете бергенiмде, көпiрдiң астынан бет-аузын тұмшалаған бiреу алдымнан шыға келдi де, маған қарай бiрнеше рет оқ атты. Алғашқыда ойым сан-саққа жүгiрiп, түк түсiнбей қалдым. Бiрақ мәшинемнiң капотына оқ тигенiн анық байқадым. Көлiгiмнiң капотынан түтiн будақтап кеттi. Әрiрек жүрiп барып тоқтап, айнадан қарасам, оқ атқан адам маған қарай жүгiрiп келедi екен. Менi жараланды деп ойласа керек. Газды барынша басып, түтiндеген көлiгiмдi қинай-қинай жүрiп кеттiм. Алысырақ барып тоқтап тағы қарасам, әлгi адам керi бұрылды да, қайтадан көпiрдiң астына кiрiп кеттi. Өзiм танитын Құдайберген деген жiгiт келе жатыр екен көлiгiмен. Соның көлiгiне отыра салып екеумiз көпiрдiң тұсына келдiк. Бiрақ маған оқ атқан адамды таппай қалдық, - дейдi Нұрлан Тасболатұлы.

- Оқ атқан адам жалғыз ба?

- Ол тұстан көлiк көрген жоқпын. Оқ атқан адам да жал­ғыз болды. Және де жаяу жүрдi. Соған қарағанда көлiгiн жасырып қоюы мүмкiн.

- Оқтың қандай мылтықтан атылғаны анықталды ма?

- Полицейлердiң айтуынша, оқ СКС (Самозарядный карабин Симонова - Е.Р.) деген қарудан атылыпты. Кiм көрiн­ген ұстай бермейтiн әскери мылтық көрiнедi. Көпiрдiң айналасынан бес оқтың гильзасы табылды.

- Көлiгiңiзге неше оқ тидi?

- Көлiгiме бас-аяғы бес оқ тиген. Екi оқты капоттың астынан алды. Тағы екi оқ көлiк iшiнен табылды. Ендi бiреуi артқы орындықтың жақтауына қадалыпты. Алғашқы оқ - алдынан, үшеуi - жанынан, бi­реуi артынан тиген ғой. Құдай сақтап, өзiме тимептi, әйтеуiр.

- Өзiңiз күдiктенетiн адам бар ма? "Әй, осының iсi!" дейтiндей.

- Менiң қастасып жүрген жауым жоқ. Мен мұны Махмахановтардан көремiн. Олай дейтiнiм, өткен жылдың ақпан айында туған iнiмдi өз үйiнiң жанында ТТ тапаншасымен атып кеттi. Басынан көздеп атқан, бiрақ оқ бет сүйегiне тиген. Қазiр көзi жақсы көр­мейдi.

Былай болыпты: бауырым отбасымен және менiң үлкен қызыммен бiрге көлiгiне отырған. Сол кезде үйiн төңiректеп жүрген екi күдiктi адамды байқаған. "Бұлар ұры ма, әлде өздерiнше жүр ме?" деп ойлап үлгергенше әлгiлердiң бiрi көлiкке жақындап келiп, iнiмдi атып, қашып кеткен.

- Бұған да Махмахановтардың қатысы бар ма сонда?

- Iнiме оқ атып қашқан қылмыскердi бiр жiгiт байқап қалған. Кейiннен күдiктiнiң фотороботын жасап, куәгерге көрсеткенде, ол Магомед Махмахановты таныған. Маго­медтi күдiктi ретiнде қамаған, бiрақ ол үш айдан кейiн 3 жыл шартты жазамен босап шықты. Онда да есiрткiнi үйiнде заңсыз сақтағаны үшiн. Оқ атқан Магомед Махмахановты куәгер танып тұрса да, оның қалай шартты жазамен құтылғанына таңым бар.

Мұның бәрi кездейсоқтық емес. Iнiмдi тапаншамен атып, жарымжан еттi, ендi мiне, маған бiрнеше рет оқ атты. Өлтiру үшiн қасақана жасал­ған кек алу әрекеттерi деп бағалаймын мұны.

- Магомед Махмаханов деген кiм? Немен айналысады?

- Ол - баяғы ағайынды Мах­махановтардың туысы. Отағасы Эльса Махмахановтың туған iнiсi Бексұлтанның баласы. Немен айналысатынын бiлмеймiн.

- Махмахановтарды Маловодное ауылынан көшiрiп жiбермеп пе едi?

- "Көшiрдiк" деген, бiрақ олар сол маңды торуылдап, кек алмақ болып жүрген сияқты.

- Маловодное оқиғасына қатысы бар өзге жiгiт­терге қарсы осындай әрекеттер жасалды ма?

- Үш жiгiт әлi түрмеде отыр. Менiмен бiрге шартты жаза алған Болатбек деген жiгiт едi, оның қайда жүргенiн бiлмеймiн.

Мен өз басымнан қорықпаймын. Бала-шағам мен бауыр­ларыма кесiрi тие ме деп алаңдаймын. Маған оқ атылғаннан соң жiгiттер қатты дүрлiктi. "Мұны аяқсыз қалдырмаймыз!" - деп. Оларды сабырға шақырдым, "ел iшi бүлiнбесiн" деп. Ал егер бұлай жалғаса беретiн болса, түбi жақсылыққа апармайды...

Осы оқиғаға байланысты "Ұлы Дала" қоғамдық қозғалысы мен зиялы қауым өкiлдерi үкiмет басшысы Серiк Ахметовке, iшкi iстер министрi Қалмұхамбет Қасымовқа және бас прокурор Асхат Дауылбаевқа ашық хат жолдады. "Қазақтар мен шешендердiң арасы тағы бүлiнуi мүмкiн, мұның алдын алып, қылмыскерлердi жазалауды талап етемiз" делiнген ашық хатта.

Маловодное ауылында шешен ұлтының өкiлдерi әлi де аз емес. Жекелеген адамдардың кесiрiнен ұлттар арасына тағы да от түспесе екен деймiз. Махмахановтардың мүддесi шешен ұлтының мүддесi емес.

Ерiк РАХЫМ

«Жас Алаш» газеті

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321