Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4098 0 пікір 27 Қараша, 2012 сағат 11:43

Жақай Жолдаc. Мемлекеттік қызметкердің құқығы қорғалып отыр ма?

Мемлекеттік қызмет туралы заңдағы, мемлекеттік қызметкердің құқықтары жөнінде талай ұсыныстар жолданса да,  қисынсыз бұрмалаулар мен орынды талаптардың қыр - сыры қыңырлардың қолына тап болып, із - түссіз жоғалып кетіп жатқандығы, көпшілікті қынжылтып отыр. Бұл жайлар барлық деңгейде өткізіліп жақтан семинарлар, қызмет дәрежесін көтеру курстарындағы өткізілген лекцияларда айтылғанымен, айтылған кемшіліктер сол лекциялардан кейін, аяқ астында тапталған күйінде қалып жатыр.

Барлық семинарларда осы кемшіліктер жан - жақты таразыға салынып, салмақталса да, қисыны жоқ әділетсіздік көзге оғаштай басылып, орынды оң бағасы берілмей, не дұрыс жолға қойылмай, кірбілжің туғызып отырғаны да көпке мәлім. Енді, сол жайларға тоқталып өтсек.

Қисынсыз қияметтің бірі боп табылатын, мемлекеттік қызметкердің еңбек өтіліне тоқталсақ. Бұрын партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарына қызмет атқарғандардың еңбек өтілі, тест тапсыру, қайтара аттестациядан өткізу кезінде шегеріліп тасталынады. Не себепті, және бұндай қиянат жасауды кім ойлап шығарып, заңға қосалқы жасырын Ереже шығарып отыр?

Егер заң біткеннің барлығы соңынан шыққан қосалқы Ережелерге бағынышты болса, онда ол Заңдарды тесті сұрақтарына енгізудің қажеті бар ма? - деген сұрақ, әр қызметкердің алдынан қисынсыздығын меңзеп тұрады.

Мемлекеттік қызмет туралы заңдағы, мемлекеттік қызметкердің құқықтары жөнінде талай ұсыныстар жолданса да,  қисынсыз бұрмалаулар мен орынды талаптардың қыр - сыры қыңырлардың қолына тап болып, із - түссіз жоғалып кетіп жатқандығы, көпшілікті қынжылтып отыр. Бұл жайлар барлық деңгейде өткізіліп жақтан семинарлар, қызмет дәрежесін көтеру курстарындағы өткізілген лекцияларда айтылғанымен, айтылған кемшіліктер сол лекциялардан кейін, аяқ астында тапталған күйінде қалып жатыр.

Барлық семинарларда осы кемшіліктер жан - жақты таразыға салынып, салмақталса да, қисыны жоқ әділетсіздік көзге оғаштай басылып, орынды оң бағасы берілмей, не дұрыс жолға қойылмай, кірбілжің туғызып отырғаны да көпке мәлім. Енді, сол жайларға тоқталып өтсек.

Қисынсыз қияметтің бірі боп табылатын, мемлекеттік қызметкердің еңбек өтіліне тоқталсақ. Бұрын партия, комсомол, кәсіподақ ұйымдарына қызмет атқарғандардың еңбек өтілі, тест тапсыру, қайтара аттестациядан өткізу кезінде шегеріліп тасталынады. Не себепті, және бұндай қиянат жасауды кім ойлап шығарып, заңға қосалқы жасырын Ереже шығарып отыр?

Егер заң біткеннің барлығы соңынан шыққан қосалқы Ережелерге бағынышты болса, онда ол Заңдарды тесті сұрақтарына енгізудің қажеті бар ма? - деген сұрақ, әр қызметкердің алдынан қисынсыздығын меңзеп тұрады.

Мәселен, мемлекеттік шаруашылық, яғни совхоздарда бас маман боп қызмет атқарғандардың еңбек өтілі толығымен есепке алынып, олардың еңбек өтілі 20 жылға толып тұрса, тек әңгімелесуге ғана шақырылады. Мемлекеттік қызметке, тіпті сол талап етілетін заңдардың бетін бір рет те ашып көрмеген, зейнеткерлікке шыққан құқық қорғау органдарының полиция қызметкерлері, қаржы полициясы, әскери қызметтен босағандар, әңгімесін айтып - ақ топ ете қалып жатыр. Бүгінгі мемлекеттің қызметтің көпшілігіне, және басты орындарға осы құзыретті орындардан зейнеткерлікке шыққандар келіп жатыр.

Тіпті мемлекеттік қызметке қатысы болмаған, мұғәлім, зоотехник, инженер және тағы да басқалар, заңнан ешбір хабары жоқ болса да, әкім боп тағайындалып, аспаннан жерге түскендей жайраңдап шыға келетін жандардың тіршілігіндегі айрықша ерекшіліктерді қай қисынға жатқызуға болады? Заң біткеннен хабары жоқ, тест дегеніңе түкіргені бар әкімге, қарамағындағы тест тапсырғандар құл есебінде қызмет атқаратын, бұл оғаштыққа кім жауап берер екен?  Еш - бір сынақ пен сараптамаға салмай, партиялық тізіммен сайлап жатқан, төркіні заңнан алшақ депутаттарымыз бұл талаптардың біріне сай келмесе де, үлкен құрметке ие етіп, халық қалаулысы деген ерекшілік берудің қандай қисыны бар? Заңның атасы Конституциядан да хабары жоқ жандар солар екенін ел күнде көріп отыр. Әрине, мұның бәрі ащы шындық болған соң айтылып отырған жайлар.

Жақсы делік те, қисынсыздықтың бастапқы ағымына қайта оралайық. Ашынудың төрелік төркініне келсек, бұрын әр-бір жұма сайын малшылар күні өткізіліп, аудан орталығынан жан - жаққа, малшыларды аралауға және олардың күй-жайы жөнінде, әр - бір дүйсенбі күні баяндау бекітілген елшілерге, немесе партия, комсомол, кәсіподақ комитеттері қызметкерлеріне  жүктеліп отырды. Сөйтіп, шаруашылықта жатып атар бас мамандарды, жеті сайын орындарынан тұрғызып, тіршілікке көз салғызу шаралары алынған еді.

Алайда, мемлекеттік тапсырмалардың орындалуын, қысы, жазы қадағалап шапқылаған, және бекітілген участкілері үшін, бұйра сайын таяқ жеген жандардың еңбегі мен бейнетін жоққа шығару, немесе мүлде озбырлықпен алып тастауды, кім ойлап шығарған?

Әлде, мемлекеттік қызмет агенттігінде отырған жаңа туындылар, немесе жаңа қазақтар, бұрынғы мемлекеттің мүлдесі үшін шапқылаған қызметкерлермен әңгімелесуге қорқа ма?

Мүмкін, совхозда бас маман боп жұмыс жасағандар, бұрынғы партия, комсомол, кәсіподақ комитетінде қызмет атқарғандардан саяси сауатты, әлде мәдениеті жоғары деп, есептей ме? Бұл ара жікті қалай түсіндіруге болады? Бұлардың ішінде, мемлекет бағдарламаларын жүзеге асыру жолында, сол совхоздағы бас мамандардың көзін ашу үшін лекция оқып, совхоз бөлімшілері мен алшақ жатқан малшы нүктелерін аралағандар кімдер? Әрине, бұл сұрақтардың барлығы орынды, және қисынды жауабы мен шешімін талап ететін ұсыныстар.

Бара келе шаруашылықтар тарады. Мемлекеттік шаруашылықтар, соның ішінде совхоздардың ең соңғы тобы 1997 жылы толығымен жабылса да, соңғы жылға есептеме ретінде тек 1991 жыл алынады делінген Ереженің қисынын тағы кім түсіндіреді?  Сонда екі аралықтағы алты жылды жоққа шығаруды кім ойлап тапты? Мемлекеттік қызметке совхоз директорының орынбасары қызметі есепке алынбайтындығын қай көреген ойлап шығарды?

Тіпті, бұл  мазақатар мен озбырлықты қалай бойға сіңіріп, үнсіз отыруға болады?  Ал, өмір бойы колхозда қызмет еткен бас мамандардың еңбек өтілі жарамсыз боп,  құқығы неге жерге тапталуы қажет?

Тараған шаруашылықтың әр бір бас маманы шаруашылықтан өз үлестерін жердей, малдай, техникалай алып, шала байып шыға келді. Ал, мемлекеттің болмысына шыбыққа мініп шапқан байғұс партия, комсомол, кәсіподақ қызметкерлерінің тақымы сол шыбықта қысулы қалды да қойды. Бұл да әділдік пе екен?

Тестінің сұрақтары, оның ішінде нормативтік құқықтық актілер, жергілікті өзін өзі басқару және тағы да басқа заңдар мен сұрақтардың негізі, жұмыс бабына қарай, тек әкімдіктердің аппарат қызметкерлері, оның ішінде ұйымдастыру және заң бөлімдеріне қарасты талаптар. Ал ол заңдарды жалпыға бірдей таңудың өзі де қисынсыз. Себебі, нормативтік актілердің барлығы әкімдік және маслихаттар арқылы қабылданатындығы, күнделіктегі тіршіліктің тынысы.

Ол заңдар, әр салада қызмет ететін агроном, зоотехник, мал дәрігерлері, экономист, есеп, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, тіл мамандарының жұмыстары мен күнделікті тіршілігінде тіпті бір ұштаспайтыны баршаға мәлім жай.

Бүгінде судьяларың да, прокурорың да тағы да басқалары, заңдардың алуан тармақтарынан қате жіберіп алмас үшін, кітаптарының бетін күн сайын аударып отыратыны жалпыға белгілі жай. Ал, тіршілігіне қатысы болмаған заңды, жадыңа сақтап тест тапсыр деп, зорлық жасаудың өзі де қисынсыз жай ғой. Олай болса, сол заңдарды қабылдап отырған, барлық деңгейдегі депутаттарға тест тапсыртып көрелікші. Жергілікті өзін-өзі басқару, коррупция заңдары бойынша олар неге тест тапсырмасқа? Әлде, қисынды ұсыныстар қабыл алуға келмей ме? Барлық деңгейдегі әкімдер жылма жыл тұрғындар алдында есеп бергендей, депутаттар неге жауапкершіліктен тысқары қалуы тиіс?

3 жыл сайын, 20 жыл бойы тест тапсырудың қисыны неде? Әлде біздегі заңдардың түбегейлі өзгеру жиілігі өте жоғары ма?

Біздіңше, 3 жыл сайын 3 рет тестіден өткен мемлекет қызметкерін, немесе еңбек өтілі 10 жыл болған мемлекеттік қызметкерді одан әрі сыныққа салып, келемеждеудің өзі де орынсыз қиянат.

Сонымен қатар, аудан орталығында ҰҚК, прокуратура органдары тұрғанда, арнайы тексеру құжаттарын облыс орталығына апарып, қолма қол тапсырудың нендей қисыны бар? Бұл жайды аудандағы органдар арқылы жүзеге асыру қисыны жоқ шаруа ма?

Бүгінгі электроника дамыған тұста, тестіден өтушілерді облыс орталығына шұбыртып, әскер қатарына шақырғандай аттан салудың реті бар ма? Тестіден өткізуді, әр - бір әкімдіктің ұйымдастыру бөлімі арқылы ұйымдастыруға қандай кедергілер бар? Әлде жасанды биліктен айырылмау бізде ең басты міндеттің бірі ме? Әрине, бұл жайлардың бәріне қисынсыз жауап тауып, сол күйінше қалдырылатыны айдан анық. Дегенмен де;

- Мамандардың аймақ ішінде ауыстырымдылығына келісім алу бюрократтығын неге шектемеске? Немесе, әр ауданның ішінде, мамандарды тиімді орынға ауыстыруды, әкімдіктердің ұйымдастыру бөлімі, ал облыс төңірегінде облыстық әкімдік, ал облыс аралық ауыстыруларды Министрліктер арқылы шешкен орынды емес пе? Бұған агенттік араласып, мәртебесін ерекшелеп, өз алдына билік құруында қандай қисын бар?

Айта берсек, қисыны жоқ, орынсыз талаптардың, немесе қосымша ережелердің ергежейліктері өте көп. Жоғарыда аталып өткен, немесе келеңсіздігі жағынан басымдығы орасан жайларға ерекше көңіл бөлмей, өзімізден өзіміз ұялмай, не жиіркенбей, қисыны жоқ, қиғаш заңсыздықтың ортасында «Все хорошо, о прекрасная Маркиза» деп, көкірек ұрып, өлеңдетуімізге жөн болсын?

Әлбетте, бұл жайлар дұрысталады дегенге де ешкім сенбейді. Себебі, жан айқай естілмейді, жолданған орынды ұсыныстар жоғалып, не болмаса болдырмаудың қисынсыз сылтауы аяқ астынан табылып, қосымша тағы да бір қисынсыз Ереже шыға келеді.

Жан айқайын жеткізу барысында асылық айтылған жерлері болса кешірім өтінемін. Себебі науқасын жасырған, ауырмай өледі демекші, мемлекеттік қызметкерлердің көпшілігін келемежге салып ашындырып отырған, сау басқа сыймайтын айғақты айтпасқа еш бір шара қалмай отыр.

«Abai.kz»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3231
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5339