Сенбі, 23 Қараша 2024
Білгенге маржан 5872 10 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 14:54

Сталиннің өлімі. АҚШ-тың жаңа саясаты

Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталып, бұрынғы одақтастар бірте-бірте жауға айналғаннан кейін америкалық барлау қызметі Сталиннің денсаулығын мұқият бақылап отырды. 1945 жылдың күзінде Сталин инсульт алады. Сол кезде шетелдегі арнайы қызмет Сталиннің серіктерінің көсемнің денсаулығының нашарлап кеткеніне қатты алаңдағанын байқайды.

1947 жылдың қыркүйегінен бастап жаңадан құрылған Орталық барлау басқармасы (ОББ) назарын Мәскеуге аударды. Алайда Вашингтон Сталиннің денсаулығы туралы ақпаратты дипломатиялық арналар арқылы алып отырды, өйткені ОББ-ның кеңестік партия номенклатурасында агенттері болмады.

1948 жылы қаңтарда ОББ-ның бірінші басшысы контр-адмирал Роско Хилленкоттер сарапшылар тобын шақырып, оларға Кеңес Одағындағы саяси жүйенің не болатынын, ел басқару ісі өзгеретін болса, қалай басқарылатынын болжау міндетін қойды. Көп ұзамай Сталин белгісіз себептен қайтыс болады.

ОББ Сталин кеткен жағдайда «орыс халқының рухы мен дәстүріне», сондай-ақ «кеңестік табиғатқа» сәйкес келетін билікті бір адамның қолына беру орынды деп есептеді. Америка барлаушылары Вячеслав Молотовты көсемнің ұзақ жылдар бойғы адал серігі, Сталиннің басты мұрагері деп атады.

Алайда, 1949 жылдың көктемінде ОББ сарапшылары қателескенін білді. Молотов 4 наурызда Сыртқы істер министрі қызметінен босатылды, ал оның әйелі қамауға алынды. Сүйтіп Молотов масқара болды. Кейіннен кеңес тарихшылары атап өткендей, Берия мен Маленков қауіпті қарсыласының көзін жою үшін Молотовқа қастандық ұйымдастырған.

ОББ сарапшылары болжаған келесі жорамал мынадай еді: Сталин қайтыс болса, одақтастары арасында КСРО-ның  ықпалы төмендейді. Бұл кезде Қытайды Мао Цзэдун басқарған. Коммунистік Қытайдың әлемдегі позициясы нығая бастады. ОББ Бейжің мен Мәскеудің қарым-қатынасы нашарлайды деп болжады. ОББ-ның жорамалы шындыққа айналды.

1953 жылы 5 наурызда Иосиф Сталин қайтыс болды. Бұл оқиға Американың КСРО-ға қатысты жаңа саясатының қалыптасуына бетбұрыс болды. Бұдан былай Америка Құрама Штаттары Мәскеудің позициясын әлсірету, оның көшбасшылығын әлсірету,  әлемнің басқа елдерінің алдында беделін түсіру мақсатында ақпараттық-психологиялық соғыс жүргізді.

Бұл саясат 1953 жылы 13 наурызда Америка Құрама Штаттарының Президенті жанындағы Психологиялық стратегия жөніндегі комитет «Сталиннің өлімін психологиялық қанау жоспары» № SE-39 меморандумын жарыққа шығарғаннан кейін басталды.

Американдық сарапшылар Сталинді «мейірімсіз автократ» деп атай отыра, оның КСРО-ны халықаралық аренадағы ойсыз әрекеттерге итермелемегенін бағалады.

«Оның мұрагері елдегі жағдайды бақылауда ұстау үшін, халықаралық саясатта жағымсыз прецеденттерді тудырмау үшін дипломатиялық жолды таңдай ма?» деген сұрақтар қойылды.

Американдық сарапшылар Молотовтан кейін КСРО-дағы Сталиннің ықтимал мұрагері саналатын Маленковке назар аударды. Сталинді жерлеу рәсімі кезінде «ұлы орыс халқының күш-қуаты болды» деген Маленковтың сөзінен кейін, оның ОББ алдындағы беделі өсе түсті.

Америкалықтар «Сталиннің грузин, ал Маленковтың орыс болуының символдық маңызы болуы мүмкін», - деп атап өтті.

ОББ Кремльдің жаңа билігін алаңдататын бірнеше фактор болды. Одақтас елдердің жүйеге адалдығы, коммунистік Қытаймен қарым-қатынас, ішкі қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ұлттық азшылық мәселелері, мемлекеттік аппараттың армия мен халықты бақылауы.

Осының барлығы, ОББ сарапшыларының пікірінше, Кеңес Одағы үшін бірқатар қиындықтарға, соның ішінде Саяси Бюродағы келіспеушіліктерге және одақтастармен қарым-қатынастың нашарлауына әкеледі. Екінші жағынан, Мәскеудің әлсіреуі Батыс өркениетінің бірлігін нығайтуға және Америка Құрама Штаттарының көшбасшылығын нығайтуға көмектесті.

Керімсал Жұбатқанов

Abai.kz

10 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5391