Бейсенбі, 2 Шілде 2026
«Соқыр» Фемида 146 0 пікір 2 Шілде, 2026 сағат 12:39

Лукашенконың рақымшылығы

Сурет: Zerkalo.io сайтынан алынды

Беларусь Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында (3 шілде) Лукашенко қол қойған президент жарлығына сәйкес, «экстремистік қылмыстар» үшін жазасын өтеп жатқан 28 тұтқынға рақымшылық жасалды. Беларусь билігі ұзақ уақыт бойы ел ішіндегі билікке наразыларды «экстремистік қылмыс» айыбымен соттап келеді. Президент жарлығында рақымшылықтың «гуманитарлық» көзқарастарға негізделгені айтылған.

Лукашенко 9,5 миллион халқы бар бұрын кеңес құрамында болған елді 30 жылдан астам уақыт бойы басқарып келеді. Беларусь билігі адам құқықтарын таптағаны және 2022 жылы Ресей Украинаға басып кіргенде Ресей күштеріне Беларусь аумағында әскери операциялар жүргізуге рұқсат бергені үшін Батыс елдері тарапынан бірнеше рет санкцияға ұшырады.

2020 жылғы президент сайлауынан кейін Лукашенконың билігі ауыр сынаққа тап болды. Жүздеген мың адам сайлау нәтижелерінің бұрмаланғанына наразылық білдіріп көшеге шықты. Нәтижесінде жаппай қуғын-сүргін басталды, ондаған мың адам ұсталды, полиция ереуілшілерді ұрып-соқты, ал көрнекті оппозиция қайраткерлері жер аударылды немесе түрмеге жабылды.

Бес жылдан кейін, өткен жылғы президент сайлауында Лукашенко жетінші мерзімге жеңіске жетті. Алайда, оппозиция сайлауды «қойылым» деп айыптады.

АҚШ президенті Трамп Ақ үйге оралғаннан бері Лукашенко АҚШ-тың қысымымен жүздеген саяси тұтқындарды босатты, оған сәйкес АҚШ Беларуське қарсы кейбір санкцияларды алып тастады.

Наурыз айында АҚШ ұсынған келісім бойынша Лукашенко 250 саяси тұтқынды босатуға бұйрық берді. Оның орнына АҚШ Беларусьтің екі мемлекеттік банкі мен Қаржы министрлігіне салынған санкцияларды және елдің ірі калий өндірушісін санкциялар тізімінен алып тастауға келісті.

Сәуір айында тағы бір келісімге қол жеткізілді. Польшамен кадр алмасуы аясында танымал журналист Анджей Почобут босатылды, босатылған адамдардың жалпы саны 10 ға жетті.

Дегенмен, Беларусьтің адам құқықтары орталығының мәліметтері бойынша, Беларусьте әлі де 864 саяси тұтқын, оның ішінде 21 журналист қамауда отыр.

Осы аптаның басында Беларусьтегі адам құқықтарының жағдайы туралы БҰҰ есебінде соңғы бір жылда жүздеген саяси тұтқын босатылғанына қарамастан, Беларусьтегі адам құқықтарының жалпы жағдайы жақсармағаны көрсетілген.

Беларусь оппозициясының қуғындағы көшбасшысы Светлана Циханоусская Associated Press агенттігіне 28 саяси тұтқынның босатылуы олардың отбасыларына қуаныш әкелетінін атап өтіп, «бірақ біз жүздеген саяси тұтқындардың әлі де Беларусь түрмелерінде отырғанын қаперден шығармаймыз,  олардың барлығы сөзсіз босатылуы керек!» деді.

Abai.kz

0 пікір