Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 4047 6 пікір 7 Шілде, 2022 сағат 15:27

Қор болған қазақтың мұнайы-ай

КТК мұнай құбыры арқылы Қазақ мұнайының 80% экспортқа шығатын еді. Осы арқылы Қазақстан айына 500 миллион доллар табыс табатын. Ресейліктер бізді осы жеп отырған нанымыздан айырды. Онымен қоймай көлгірсіп ана Лавров дегендері Қазақстан біздің ең жақын досымыз дейтіндерін қайтерсің.

Бұндай достың барынан жоғы. КТК құбыры бұл біздің жанды жеріміз. Содан болар бүгінгі жиналыста Тоқаев басты бағыт – Транскаспий бағыты депті.

Жақында ғана Тоқаевтың Иранға сапар шегіп, артынан түркіменге табан тіреп Аркадагты орденмен марапаттап қайтқанын ескерсек болашақта біздің мұнайдың құбыры Әзірбайжан, Түркіменстан мен Иран бағытына бұрылатын сияқты.

Бағана ғана "Қазмұнайгазға" реализацияны дұрыстап жүргізіңдер, Теңіз жобасына инвесторлар тарту мүмкіндігі бар деген сөзі орыстардың төбе шашын тік тұрғызды. Бұл деген сөз біз Ресей бағытындағы құбырды керек етпей басқа жақтан құбыр тартамыз деген намек. Ресей қит етсе краиникты жабамыз деп, айналасын да, Еуропаны да мезі қылып еді. Енді тезірек инвестор келіп, Транскаспий жобасын іске асырсақ екен. Ешкімге жалтақтамай өз мұнайымызға өзіміз еге болар едік. Батыстағы жұмыс іздеген ағайынның жұмыссыздық мәселесі де шешімін табар еді.

Көрінген ит пен битке қор болған қазақтың мұнайы-ай.

Оңғар Қабден

Abai.kz

6 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1467
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5387