Жұма, 22 Қараша 2024
2003 1 пікір 26 Шілде, 2022 сағат 14:04

Қызылорда облысының экс-әкімі бостандыққа шықты

7 жылға сотталған Қызылорда облысының экс- әкімі Қуанышбек Ысқақовтың жаза мерзімі қысқарды, - деп жазады Адырна сайты.

Қызылорда қаласының №2 сотының мәлімдеуінше, үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылды.

«Қызылорда облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен бірінші үкім өзгеріссіз қалдырылды. Жоғарғы Соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының қаулысымен жаза тағайындау бөлігіндегі үкім өзгертіліп, бас бостандығынан айыру мерзімі алты жылға дейін қысқартылды. Ысқақов соттан жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен, яғни айыппұл немесе бас бостандығын шектеу түріндегі жазамен ауыстыруды сұрады», – делінген хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, бұрын ЗК-169/5 колониясының өкілі сотталғанға ұсынылған мінездемені қолдап, жазаны өтеу барысында экс-әкім «белгіленген ішкі тәртіп ережелері мен режим талаптарын» бұзбағанын нақтылады.

«Сот оған қатысты екі жеңілдету шарасы қолданылды. Жазасы жоқ, жеңіл жағдайда жазасын өтеп жатыр, дәрежесі екінші оң, қылмыспен келтірілген мүліктік залал, мемлекеттік баж, мемлекет кірісіне процессуалдық шығындар және өтемақы толығымен өтелді. Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзу дерегі жоқ. Жәбірленушінің өкілі жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жазамен ауыстыру туралы өтінішке қарсы емес екенін көрсетті. Осының негізінде сотталған Ысқақовтың жазаның өтелмеген бөлігін жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстыру туралы өтініші қанағаттандырылды. Жазаның өтелмеген бөлігі неғұрлым жеңіл жаза – 3 жыл 11 ай 12 күн мерзімге бас бостандығын шектеумен ауыстырылды. Қосымша жаза түрін өтеуден босатылмайды», - деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының бұрынғы әкімі Қуанышбек Ысқақов 2020 жылы желтоқсанда алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылған еді.

Abai.kz

1 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322