Жұма, 22 Қараша 2024
Үшбу хат 4279 13 пікір 1 Тамыз, 2022 сағат 13:14

Асқар ағаға

Аса құрметті Асқар аға!

Мен  сізді  осы  күнге  дейін  ғылыми, қоғамдық ой-пікірлеріңіз үшін аса құрмет тұтамын. Фактіге ғана табан тіреп, шындық үшін тайсалмайтын, ғалымға тән кісілік келбетіңізге қызығамын. Сіз Ғылым Академиясын жапқанда қасқайып тұрып: «Жабу  қате  болды», - деп айттыңыз. Сол  кездерде Н.Назарбаевтың бұйрығына қарсы келу үлкен ерлік еді. Сол ерлікті ғалымдардың ішінен сіз жасадыңыз. Ғалымға ғылымнан басқа не керек еді, тәйірі. Сіз: «Қазақ ұлты технократ ұлтқа айналуы  керек. Жоғары мектепте жаратылыстық ғылымдарды қазақ тілінде оқыту керек», - деп  пікір айтып жүрсіз. Өте дұрыс һәм өзекті пікір. «Той елу бес-елу алты  минуттан аспауы керек», - дедіңіз. Қазақтың тойшылдығын ұнатпайтындығыңызды анық аңғарттыңыз. Ұлтымыз үшін өте  көкейкесті пікір. «Әріп алмастыру компютерге жаратылстық білімді жазуға қолайлы болуы керек», - дедіңіз. Өте орынды. Қазақ ғылымын дамытуды ойлайтын адамның пікірі. Басшы айтты, қосшы  ұқтырды деп, өз талғам-принсіптеріңізден бас тарта бермейтін бірбетке мінезіңізді көрсетіп  жүрсіз.  Бұл қай қазаққа болмасын үлгі болатын қасиет деп ойлаймын.

Жақында, Аға сіз, Ұлттық Құрылтайдың Ұлытаудағы жиналысында сөз сөйлеп, от бастыңыз.  Онсызда саясатты қулығына құрық бойламайтын ілім деп айтушы еді. Отыз жылда саясат емес тап-таза саяси ойындар болған елде, Аға сізді саясат алдап кетті.  Сізді ғылым адамы саясатқа алданып  қалуы қалыпты құбылыс, түсінуге болады деп ойлауға болар еді. Бірақ қазақтың  тағдыры тарихтың  талқысына түскен осынау сын сағат өтпелі кезеңде сізге еріп, көп адам адасатын болды. Содан шыдай алмай, сізге арнап сөз қозғадық.

Аға сіз айтқан және сізден басқалар да айтып жүрген қазақ елінің егемендігі мен өркендеуіне  қатысты  өзекті ой-пікірлерді іске асырудың жалғыз жолы бар. Ол саяси өзгеріс деуге тұрарлық  саяси реформа. Бұл - сайлау. Саяси ойынның басты мазмұны тек әр түрлі, әр дәрежелі әділ сайлау. Сондықтан бұл жол қазір сіздер айтқан өзекті ойлардан да маңызды. Ал бүгінгі билік осы ең  маңызды тақырыпты сипай қамшылап, сіздер айтқан өзекті тақырыптарды жылтыңдатып, елді  алдауда. Ал сізде сол алжастырғыштардың сабынан көрініп қалдыңыз, Аға.

Біз отыз жыл тәуелсіздікті сақтау үшін деп, тыныш отыруға шарасыз мәжбұр болған халықпыз.  Халық шарасыз тыныш отырғанда, биліктің не істеп, не қойғанын бізден жақсы білесіз, айтып та  жүрсіз.  Халық отыз  жыл  өтірікке  алданды.  «Аузы  күйген  үріп  ішеді»,  «қазанға  жұғыссаң  күйесі  жұғады», «өтірікшінің шын сөзі зая» деген халықтың сан мың жылдық өмі  амалиятынан қорытқан  дана сөзі бар емес пе?..  Президент болған үш жылға дейін Н.Назарбаевтың ықпалынан шыға  алмаған Қ.Тоқаевқа халық бірден қалай сенуі, артынан еруі керек?!. Ел сенетіндей Қ.Тоқаев дәл  бүгінге дейін не істеді?. Болмағанда тергеу изалиоторында полициялар жағынан азапталып  өлгендер үшін ашынып, бір  ауыз  сөз  айтты  ма?  Сонда Қазақстанда адам  өлімі  осындай  ауызға  алуға да татымай ма? Онда Ата Заңға «ең құнды нарсе адам өмірі мен тіршілігінің бостандығы» деп  неге жазып қойған? Сол Ата Заңға қолын қойып  тұрып,  «халқыма заң бойынша адал қызмет етемін», - деп серт бермеп пе?.. Жоқ, бұл сұрақтар Қ.Тоқаевқа қойылмауға тиіс па еді. Онда, Сіз  жауап беріп көріңіз. Аға, кем болғанда Қ.Тоқаевқа сенуге ерте. Мақтауға, тіпті ерте.

Отыз жылда қалыптасқан былық пен шылықтың тарқатар түйіні әді президентті сайлау. Н.Назарбаев  тұсында сайлау әділ өткен жоқ.Әсіресе, 2005 жылдардан кейін. Даулы дауыс ұрлауды айтпағанда, бұның анық айғағы Н.Назарбаевқа қарсы саяси салмағы бар, ел танитын қарсыластың болмауы.  Ашық айтсақ, Н.Назарбаевтың қаса-қана болдырмауы. Н.Назарбаев ашық дебатқа түскен жоқ. Бұл  Қазақстанның саяси өміріндегі сайлаушыларды силамағандық. Халықты менсінбеушілік. Болмаса  арты ашылудан қорыққандық. Қ.Тоқаев 2019 жылғы президент сайламында қарсыласымен ашық  дебатқа шыққан жоқ. Президен кандиданыттар  арасындағы ашық дебат саяси бәсекелестіктің  анық көрінісі. Саяси бағдарламалар арасындағы бәсекенің басталуы. Біз бұл саяси тірліксіз  ешқандай Қ.Тоқаевтың өзі айтқан жаңасаяси  мәдениетті де қалыптастыра алмаймыз. Жаңа саяси  мәдениет жоқ жерде саяси жаңғыруда болмайды. Саяси жаңғырусыз Қазақстанда ештеңе өзгермейді. Ал Қ.Тоқаев келесі президенттік сайламға түссе қарсыласымен ашық дебатқа түспейді. Ашық дебат емес ел өмірінде астаң-кестең өзгеріс болып, сенімдер күйреп, өтіріктер қаптағанда бүгінге дейін ашық баспасөз конференциясын өткізген жоқ. Қалай ойлауға болады? Ал сіз бір кезек  президент болумен бірге Н.Назарбаевтың арқанынан босай алмай бос өткен үш жылы үшін үш жыл  қосып беру керек дейсіз.

Аға халық жеке адамның данышпандығына сенуден әбден таяқ жеді. Жалықты, жарапазаннан.  Осыны ескеріңізші.

Бүгінгі қоғам жылдам өзгеріп отыратын, қоғамдық ой-сана сәт санап жаңаланып отыратын кезеңде  тұр. Батыс ойшылдарының  жаңалық терістеуден басталады. Даму өзгерістен көріледі деген сөзі  бар. Қоғамдық сана жаңаланбай Қазақстанда ештеңе жаңаланбайды. Жаңа Қазақстан  құрылмайды. Қоғамдық сананы жаңалаудың шешушы факторы саяс саладағы  жаңалық. Жаңа  саяси күштердің билікге келуі. Бұл  дегендік шыт жаңа президеніттің билікге келуі. Сондықтан да  қоғамдық сананың жаңаланып тұруы үшін дамыған мемлекеттерде бір адамның президеніттігін  екі  кезек сегіз жылдан асырмауды белгілеген. Сонда ғана саяси жүйенің қоғамдық сананың  жаңалануына бастамашы болуын қамтамасыз етуге болады. Әйтпесе, керісінше болатындығы  дәлелденген шындық.

Ағыбай Әкбәрұлы

Abai.kz

13 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1463
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5321