Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3402 0 пікір 2 Желтоқсан, 2012 сағат 17:31

Халықтық IPO Өскемен қаласында

Акцияларды үлестірудің тәртібін түсіндірді

Елімізде 6 қарашадан бастап Қазақстан қор биржасына орналастырылған «ҚазТрансОйл» АҚ-ның акцияларын сатып алуға өтініштер қабылданып жатыр.
- Акцияларды сатып алуға  өтініштер қабылдау 5 желтоқсанға дейін жалғасады, - деді «ҚазТрансОйл» АҚ бас директорының орынбасары Болат Зәкіров Өскеменде облыс орталығы тұрғындарымен өткен кездесуде. -  Акцияларды сатып алуға үміткер жеке инвесторлармен кездесу 6 қараша күні Астана, Алматы қалаларында өтті. Бүгін сіздердің қалаларыңызбен қоса Қарағанды, Ақтау қалаларында өткізіліп отыр. Семейде де өткізуді жоспарлап отырмыз. Осы айдың аяғына дейін барлық қалаларда осындай кездесулер өткізбекпіз.
Қала халқымен кездесу барысында еліміздің басты мұнай тасымалдау компаниясының басшылығы «ҚазТрансОйл» компаниясы туралы, акционерлік қоғамның қаржылық жағдайы, қызметі, келешегі жайында  толық мәліметтер беріп, өтініш берген инвесторлар арасында акцияларды үлестірудің тәртібін түсіндірді.  

«Халықтық IРО» бағдарламасы бойынша акцияларды бағалы қағаздар нарығына алғашқы орналастыру барысында ел азаматтары мен зейнетақы қорларына «ҚазТрансОйл» АҚ-ның бір акциясының құны 725 теңгеден сатылмақ.  Қор нарығы арқылы саудаға 38 463 559 дана қарапайым акция шығарылады. Компания бас директорының орынбасары акцияларды қорға алғаш орналастыру кезінде жеке инвесторлар( халық) мен зейнетақы қорларынан берілген өтініштердің шектеусіз қабылдана беретінін атап айтты. Есеп айырысу кезінде, яғни, акцияларды үлестіру уақытында жеке бір инвестордан жеті миллион теңге мөлшерінде түскен өтініш толығымен қанағаттандырылатын болады. Жеке инвесторлардан түскен өтініштердің жиынтық сомасы ұсынылған акция көлемінен асып түскен жағдайда өтініштерді қанағаттандырудың ең жоғарғы сомасы төмендетілмек. Инвестор өтініштерді беруге дейін брокерлік қызмет туралы келісімшарттарды жасап, қажетті шоттарды ашып, барлық рәсімдерден алдынала өтіп қоюы тиіс.
Кездесуде  «ҚазТрансОйл» АҚ-мен брокерлік қызмет көрсетуге шартқа отырған компаниялардың бірі «Казкоммерц Секьюритиз» АҚ брокерлік компаниясы басқармасының төрағасы Шолпан Айнабаева бағдарламаға қатысуға ниет білдіріп отырған инвесторларға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан қор биржасында бағалы қағаздармен мәміле жасауға тек тиісті санатқа жататын биржа мүшелерінің ғана құқығы бар екенін жеткізді. Олар үшінші тұлғалардың, яғни, өздерінің тұтынушыларының есебінен солардың мүддесі үшін мәміле жасайды. Сондықтан жеке тұлғалар акцияларды  осы биржа мүшелері болып табылатын брокерлік ұйымдар арқылы ғана мәміле жасасын  сатып ала алады. Компания инвесторлардан өтініштерді тікелей қабылдамайды.
Компания акцияларын сатып алғысы келетін өскемендіктердің жекелеген сауалдарына жауап берген Болат Зәкіров кездесуге келгендерді акцияларды сатып алуға өтініш беру рәсімімен де жан-жақты таныстырды.
Өз тілшіміз.
«Абай-ақпарат»

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1464
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3230
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5322