Жұма, 20 Қыркүйек 2024
46 - сөз 2616 3 пікір 10 Тамыз, 2022 сағат 13:21

Абай үлкен сенім межесіне айналды

Осы күні Абайдың сыртынан не айтылмады? "Абай деген адам болды ма?" деген сұрақ төтесінен қойылып жүр. Ол нені білдіреді?! Ол - Абайдың үлкен сенімге айналып кеткенінің белгісі. Сену мен сенбеудің, сенім мен күмәннің арасындағы мәңгілік күш секілді құпия әлемге айналып кеткенінің белгісі шығар...

Расымен де Абайға сенуде, сенбеуде адам ақылының таңдауында...

Өзіме анау ескерткіштер мен суреттердегі Абайдан, қара сөз бен өлеңінін ішіндегі Абай жақынырақ... әйтпесе ескерткіш деген Абайдың емес, тастың мұңайып тұрғаны басымырақ дүниеғой көбінде. Ал оқысаң әріптің артынан сығалап Абайдың мұңы сезіліп тұрады...

Жарайды, айтпағым басқа еді. Біз "Абай деген адам болған жоқ" десек, не ұтамыз? Жарайды, оны Әлихан жасап шықты делік. Содан? Ол Әлекеңнің екінші болмысы болғанның өзінде, Абай деп әспеттеуге лайық болмыс емес пе?!

Талас неден туды? Оныда білмеді. Бір білерім біз Абайды құртқаннан Абайдың ештеңесі кетпейді, сорлайтын өзіміз...

Менің өзіме осы Абайдың таласынан рушылдық пен жершілдіктің иісі мүңкіп тұратын сияқты кейде...

Мысалы "Махамбетті биік қоям Абайдан" деп, данышпансудың өзі үлкен қасірет. Бұл ақылды күшке жығып беру. Әйтпесе Махамбетте ақылдың адамы, күші мен қылышын көрінген боққа шапқан ақымақ емес. Заманы солай болды...

Әйтпесе "Шыңғыс ханды биік қоям Әл-Фарабидан" деп те айта салуға болатын дүние. Сол Шыңғыс хандар осы Әл-Фарабилер жаққан шырақтың, өркениеттің кіндігінен балта шапты ғой... бүгінгі ұрда-жық парасатсыз хәліміз соның кесірі... Кешегі Алаштықтарға араша түспеген, өз зиялысынан тамақты артық қоятын қоғам содан туды... әлі жалғасып келеді...

Осы күнгі капитализм мен дипломатияның тіліне салып айтсақ. Мынау әр қаладағы Абай көшелері мен ескерткіштерін не істемекпіз сонда?

Алыс-жақын шет елдегілер құрмет көрсетіп бас ақындарың деп көрсеткен сый-сыйапат не болмақ? "Кешірерсіздер, біз қателесіп қалыппыз Абай деген адам болмапты мынаның бәрін құртып жіберіңіздерші, кейін бір басқа адамның атын айтып жіберерміз" демекпіз бе?

Қалай десекте Абай үлкен сенім межесіне айналды. Оған сенбеугеде, күмәнменде қарауға болады... сенугеде, ұлықтауғада болады...

Ол сол үшін Абай...

"Өзіңіз жайлы аңыздар жасаңыз. Құдайлар солай бастаған" дейді, Ежи Лец. Мүмкін Абайдыңда айналасынан аңыздың азаймауы содан шығар...

Серік Хесанов

Abai.kz

3 пікір