Украина: "9 мыңнан астам сарбаз қаза болды"
Ресей басып кіргеннен бері 9 мың украин әскері қаза тапты. Осылай деп Украина қарулы күштерінің бас қолбасшысы Валерий Залужный мәлімдеді. Бұл украин қарулы күштерінің соғыс басталғаннан бергі алғашқы ресми мәлімдемесі.
Маусым айында Украина президентінің кеңесшісі Алексей Артестович соғыста кемінде 10 мың украин әскері қайтыс болғанын айтқан.
"Проект" басылымы украин тараптың жоғалтулар жөніндегі Ресейдің барлық мәліметтерін қосып есептегенде, олардың жалпы саны кемінде 50 мыңнан асады деп жазған.
Abai.kz