Сенбі, 23 Қараша 2024
46 - сөз 2855 3 пікір 23 Тамыз, 2022 сағат 12:49

30 жылдық у ағыз не дейді?

Әлемде геосаяси тұрғыда тектоникалық сілкініс болып жатыр...
21-ғасырға жеткен Ресейлік империялық сана Ресей халқын жаппай соғысқа итермеледі.

БҰҰ Тәуелсіздігі мен территориясы мойындалған Украина мемлекеті мен оның көпұлтты халқы өз тәуелсіздігі үшін жанталаса орыс басқыншыларына қарсы шайқасуда...

Алғашқыда босқындап кеткен 8 млн халықтың ішінен ер-азаматтары Отанын қорғау үшін еліне қайтып жатыр, бастарын Отан үшін өлімге тігіп жатыр...
Олардың арасында ескі таныс, аға дос, Украина Ғылым Академиясының академигі Рүстем Жанғожинның ұлы Нұржан да Украина Халық армиясы қатарында соғысып жатыр деп естіп, оның амандығын Тәңірден тілеп отырмыз...

Осы жағдайда Қазақстанға соғыстан қашқан ресейліктер ағылып келіп жатыр...

Олардың саны туралы көптеген деректер айтылуда.
Ресейліктер келіп, санкциядағы ресейлік туыстарына қазақстандық импорт тауарларын жөнелтіп, көмектесіп, әрі, бизнестерін жүргізіп жатыр...
Қазақстан мемлекет "қосалқы санкцияға" ұшырау қаупіне тап болуда...
Осы жағдайда Халық не мәселені көтеруі тиіс?

Әрине - МЕМЛЕКЕТ МӘСЕЛЕСІН көтеруі тиіс.

Ол үшін саяси біліктілікті, білімді, кәсіпкерлікті, ғылыми жетістікті, жалпы айтқанда - МИДЫ, яғни, Ақыл-Ойды іске қосуы керек еді...
Фейсбуук - Халық пікірінің айнасы, көшірмесі...

Бүгін ашып қалсам, бір "ұстаз" қасына сәлдесі бар зіңгіттей кіл еркекті жиып ап, бір нәрсені қызу талқылап жатыр екен...

Ойлап қалдым: Елді қалай қорғаймыз, Тәуелсіздікті қалай сақтаймыз, экономикамызды қалай қауіпсіз етеміз және т.т. ЕЛДІК мәселелерді талқылап жатқан шығар деп...

Дыбысты қостым...
Сөйтсем, әбден тойынған кіл еркек "Қазақтың әруағы қатынға қалай бала туғызады" деген мәселені талқылап, осы бір сұрақтың түбіне жете алмай, бастары қатып, кейде ұстаздары "өлген адам бала туғыза ма?" деген сұрақ қойып, оған өзгелері қарқ-қарқ күліп, мәре-сәре болып жатыр екен... Елткендері соншалық, малдас құрған күйі біреулері көтенімен сырғып ұстазына қарай ұмсынады...

ӘЛЕМДІК ПРОБЛЕМА, соғыс-моғыс, "атом станциясын жару" деген радиациялық қауіп, жастардың болашағына төнген қатер және т.т. пішту екен...

Ал, Қазақстанда осы мәселеден (қатын мәселесі) басқа мәселе жоқ екен...
Осыны Ұстаз шешіп берсе, Әр баланы "алла туғызған" екенін анықтап, дәлелдеп берсе - Қазақстанға еш пәле жоламайды екен...

Еліміз "алдабергендердің" арқасында гүл-гүл жайнап сала береді екен...
Оқу да, тоқу да, ОТАНДЫ қорғау да қажет болса ғана аларлық, ал, қажет емес болса - ұмыта саларлық нәрсе ғана болса керек....

Бүгінде оларға қазақты өздері сиынатын "балатуғызғыш сексуальный аруақтарынан" құтқару аса маңызды екен...
ВОТ МӘСЕЛЕНІҢ КӨКЕСІ!

Әбдірашит Бәкірұлы

Abai.kz

3 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394