Тарих беттерінен
Қазақстанның дербестігі қалай мойындалды?
«Шын мәнісінде Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосына басқа министрліктермен салыстырғанда тәуелсіздіктің алғашқы жылдары айрықша қиын тиді. Егер республиканың экономика саласында елдің айтарлықтай тәжірибесі болса (жаңа дәуірдің талаптарына сәйкес келмесе де), халықаралық аренада дербес іс жүргізу тәжірибесі белгілі себептерге байланысты мүлдем болмады» деп жазды бұрынғы Сыртқы істер министрі, белгілі дипломат Қасым-Жомарт Тоқаев.

- 1991 жылы 16 желтоқсанда республиканың Жоғарғы кеңесі Қазақстанның тәуелсіздігі туралы Заң қабылдады. Сол мезетте-ақ халықаралық қауымдастықтың бұл акцияға қалай қарайтындығы туралы мәселе туындады. Жаңа мемлекет дипломатиялық мойындауды қажет етті, онсыз шынайы тәуелсіздік туралы айту мүмкін емес... Қайда барсам да, барлығы: «Дербестік шеруінен ештеңе де шықпайды. Бәрі Ресейге келіп, республикалардың мүддесін халықаралық аренада күйттеу туралы өтінішпен келеді, өйткені бізде инфрақұрылым қалыптасқан, дайын кадрларымыз бар» деп райымнан қайтаруға тырысты.
...Осылай әбігерге түсіп жүрген кезде Қазақстанның Мәскеудегі тұрақты өкілі Қ.Саудабаев телефон шалды. Ол Президенттің республика Парламентінің Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде жариялау туралы мәлімдемесіне орай дипломатиялық корпустың тамырын басып көруге тапсырма бергенін хабарлап, бұл істе көмек көрсетуімді сұрады.
Шетелдердің елшіліктеріне нота жіберіп, келесі күні сол кездегі мәртебелі қара «Волга» машинасына отырып, дипломатиялық миссия басшыларына жол тарттық. Сол кезде бұл сапарлардың біз үшін аса қобалжытатын оқиғалар болғанын айтпаса да болады, әңгіме Қазақстанның халықаралық деңгейде мойындалуы жөнінде... Сол кезде Батыс кереғар позиция ұстанды: бір жағынан, бұрынғы КСРО аумағындағы ядролық қаруды біртұтас бақылауды орнатуды жақтаса, екінші жағынан - нақты Ресейдің БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінде КСРО-ның заңды мұрагері ретінде болуына қатысты ұстамдылық танытты...
...Шетелдік елшілер Алматыдағы уағдаластыққа қатысты өздерінің күдіктерін жасырған жоқ. Батыстағылар жағдайдың аңысын аңдап отырған сыңайлы. Бұрынғы республикалардың ресми мойындалуы Алматыдағы кездесулер нәтижелеріне тікелей тәуелді болатындығы анық еді.
(Қасымжомарт Тоқаев, «Преодоление», Алматы, 2003 ж.)
"Айқын" газеті